Page 62 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 62

сында  төрт-бес  кісісі  бар.  Құрал-саймандары  бар.  Сонау  іштен  осы
            Қарағандыға    әдейі  жіберілген  көрінеді.   Қарағандының  өндірісін
            үлкейтеміз  дейді.  Совет  өкіметі   қамқорлыққа  алады  дейді.  Көмір-
            дің  көп-аздығын  зерттеу  үшін  әдейі  мені  жіберді  дейді.  Бұл  кісі
            осындағы  ертеден  істеп  келе  жатқан  жұмысшылармен   әңгімелесе-
            мін  дейді.  Жұмысшыларды   жинайық», — деді.
                Жұмысшыларды     жинап  жібердік.  Жиналысты   Трабовский   аш-
            ты  да,  Гапеевке  сөз  берді...  Ай,  шіркіннің  сөйлесі-ай  десейші.  Қан-
            дай  шешен   десеңізші!
               —   Бұл  өкімет — сіздердің  өкіметтеріңіз.  Кедейлердің  өкметі.
            Сіздердің  алдарыңызда   бақытты   болашақ   тұр...  Оны  жасаушы
            сіздер,  бауырларым,— дейді.  Бұл  өкімет  сен  орыссың,  сен   қазақ-
            сың  демейді.  Бәрің  де  бірдейсің  дейді.
               Гапеев  сөзін  аяқтағаннан  кейін  Трабовский  шығып  сөйлеп,  Га-
            пеевтің  келгеніне  жұмыскерлердің  қуанатынын  айтты.  Содан  кейін
            қ азақ  жұмысшыларының    атынан  Ілияс  ақын  сөйледі.  Ол  өзінің  сө-
            зін  өлеңмен  айтты.
                           «Келдік  біз  сәлемдесе  сізге,  мырза,
                           Бізге  айтқан  сөзіңізге  көңіл  ырза.
                           Болғанда  төбем  жайлау,  төсім   қыстау
                           Кәзірде  тыныштықта  біздің   қыр  да.
                           Көңілден   қасірет  пен   қайғы  кеткен
                            Қуаныш  лебі  бар  біздін  жырда.


                           Іш  жақтан  бізге  арнап  келдіңіз  бе?
                            Ықылас,  ақ  ниетке  сендіңіз  бе?
                            Қай  елден   қандай  адам  Ленинді
                           Көзіңізбен,  айтшы  бізге,  көрдіңіз  бе?»—
            деп  сөзін  аяқтады.  Басқалары  «ой  пәләй,  дұрыс  айтты-ау!»— десіп
            жатыр.  Нариман   Гапеевке  Ілиястың  өлеңін  түсіндірді.  Содан  Ле-
            нин  туралы  Гапеев  көп  әңгіме  айтты.
               Гапеев  екі  күндей  тынықты.  Ол  кезде  біздер   қазған  көмірі-
            мізді  ауыл-ауылға  таратып,  тамаққа  айырбастап  отыратын  едік...
            Қой  сойып   қонақасы  бердік.   Қонақасыны   қалай  берді  десейші?
            Біз  оны  былай  бердік:  бір  көгалды  жерде,  ашық  далада  Гапеев
            әйеліне  айтып  жатыр:  «Мұны  қазақша  ет  дейді»—деп.  Ол  екі  кі-
            сіге  бөлек  табақ  жасап  бас  тарттық.  Нариман  Ахметов  түсіндіріп
            отыр:  «Сойылған  малдың   басы  мал  кімге  арналып  сойылса  соған
            беріледі»,  — деп.  Сөйтсе  Гапеев   қазақтың  ол  дәстүрімен  ертерек
            таныс  екен.  Өйткені  1916  жылы  Екібастұзда  болып  қайтқан  екен...
               «Жақсыда   жаттық  жоқ»  деген  ғой.  Сол  күннен  бастап-ақ үйрен-
            шікті  адамымыздай  болып  кетті.
               Содан  Гапеев  бір  жаз  бойы  болды.  Бұрынғы  ескі  шахталарды
            аралады.  Бір  шеті  Майқұдық,  Соқыр  өзені,  Сораңға*  дейін,  осы
            Қарағандыны   түгел  тексерді  ғой.
               Мен  және  Жүніс  дейтін  кісі  бар  екеуміз  алғашқы  күннен  бас-

               *  Сораң  —  жер  аты.  Кәзір  ол  жерде  Саран   қаласы  салынды.
   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66   67