Page 67 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 67
Үйіне кірген келінін шешей сонда ғана аңғарады.
— Бұл келген кім, Бақтыбала, сенбісің?—депті шешей кіріп
келген келініне сұқтана қарап.
— Келін-ау, мынау не, мынауың не сұмдық? Не пәле? Ауызы
кемсең-кемсең етіп, отырған орнынан көтеріле алмайды — дейді.
— Апа, бұл — шам. Электр шамы дейді. Қорықпаңыз. Енді бұ-
дан былай керосин шам жақпаймыз.
— Ә, солай ма? Өзінің пілтесі қалай шақшияды,
— Мұның пілтесі жоқ. Пілтесіз жанады.
— Е, пілтесіз қалай жанады? Ой, алла-ай, сақтай гөр... Өзіне
тақалса, ештеме етпей ме?
— Жоқ , Ештеме де етпейді. Бұл керосин шамдай түтіндемейді
де.
— Онда жақсы болды ғой өзі. Мұны кім жасады?
— Мұны жасаған өкімет. Ильич шамы деп атайтын көрінеді.
Мұны мен де білмеймін ғой, апа-ау, кеше электр ең алдымен шах-
тада жанды ғой. Сонда Шәйіт ертіп барып көрсетті маған. Шешей
мүлде қорқып қалған болу керек. Орнынан әрең дегенде шамға
жақындайды.
— Мұны кімнің шамы деп айттың?—деп сұрайды дейді.
— Ильич шамы дейді, — апа.
— Ол кім?
— Ол — Ленин. Лениннің әкесінің аты көрінеді ғой.
— Сонда осы шамды Ленин жасаған ба?
— Я, Ленин.
— Мың жасағыр. Мың жаса! —деп батасын беріп жатыр дейді.
Сөйтіп алғашқы электр шамы жанғанда, осындай қызықтар
болған. Шам жарқ етіп жанғанда, қорыққандығынан талып қал-
ғандар да, үйлерінен қашып шыққандар да көп болса керек.
СОНДАҒЫ ҚОРЫҚҚАНЫМ-АЙ!22
Бір күні осы Қарағандыда тұратын Салқынбаев Хұсайын деген
кісінің үйіне өздерінің елде тұратын Рүстембай баласы Нашарбек
деген замандасы келеді. Ол кісі кәзір осы Қарағандының батысы,
Нұра ауданында тұрады. Ол кезде елге радионың таралмаған кезі.
Қарағандының өзінде жаңа ғана орнатылған...
Етті алдарына жаңа ғана ала бергенде, төрде отырған қонақ
Нашекеңнің көкжелкесінен радио сайрап қоя береді, Артына жалт
қарайды, ешкім жоқ. Тек бір дөңгелек тарелка тұр. Сөйлеп тұрған
да сол. Ет туралуға ыңғайланып, жазып алған бәкісі қолынан түсіп
кетеді.
Қорыққанын сезген Хұсекең:
— Қорықпаңыз. Бұл радио. Мұны радио дейді. Жер-жерден
хабар алып тұратын нәрсе.