Page 63 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 63
тап қашан Қарағандыдан қайтқанынша Гапеевтің қарауында жұ-
мыс істедік. Бірақ кәзір бізді ұмытып та қалған шығар...
Бір күні бір қызық уақиға болды. Қарағандыдан ұзай бердік,
Жаңбырсыз, бұлтсыз кұндері жеткен жерімізге түней де салып
жүрдік. Оған ішімнен ренжіп те жүрдім. Бір күні күндіз атып ал-
ған бес-алты үйректі асып жеп, Соқыр өзенініқ бойында жатып
қалдық. Гапеевтің қасында жүретін Виктор деген жігіт бар еді.
Таңертең бәріміз де тұрдық. Гапеев те тұрған. Ал әлгі Виктор ұй-
ықтап жатқан-ды... Бір кезде «тұр» деп оның үстіндегі көрпесін
біреу жұлып алды. Дәл бауырында от орнындай болып иіріліп бір
қара шұбар жылан жатыр. Гапеевтің зәресі ұшып кетті. Виктор
әлі ұйықтап жатыр. Оны оятсақ, қозғалып кетуі мүмкін, Байқамай
жыланға соқтықса, жылан шағып алуы мүмкін. Сондықтан бір
адам қолынан, бір адам аяғынан сүйреп ала қаштық. Төсек қоз-
ғалғанда, жылан басын ортасынан шығарып қайқитып ала қой-
ды... Виктордың зәресінің кеткені-ай! Сонан кейін далаға сирек
қонатын болдық-ау.
Сол жылы күзгі суық түсе қайыра қайтып кетті. Содан кейін
қайтып оралған емес...
— Кісі-ақ еді!
ДОНБАСТА 25
1930 жылы комсомолдың шақыруымен Қарағандыға келдім.
Өйткені мен 1925 жылдан комсомолда мүше едім. Қарағандының
ол жылдардағы бейнесі күні бүгінге дейін көз алдымнан кетпейді...
1930 жылдың көктемі. Ол кезде мұнда машина да жоқ. Түйе
жегілген арбаларға қайла, күрек сияқты саймандарымызды салып
алып, шахта ашатын жерлерді қарауға шықтық. Жұмысшыларды
бастап келе жатқан кісі сол жылдың январь айында ғана іш жақ-
тан келген Корней Осипович Горбачев деген орыс. Бір уақытта
бір жерге келгенде көлікті тоқтатты да:
— Жолдастар, дәл осы арадан Қарағандыда тұңғыш шахтаның
негізін саламыз. Бұл жұмыстың бастамасы болсын. Жұмысқа кі-
рісейік!—деді. Сөйтті де, арбадан ұшталған қазықтың бірін алып
жерге қақты. Бәріміз де жұмысқа кірістік. Кәзіргі Горный атын-
дағы шахта тура сол жер...
Сол жылы Қарағандыда небәрі төрт-ақ шахта салынды. Бір-екі
ғана магазин, төрт-бес ларёчктер ғана бар еді..
Келген бетте-ақ жұмысқа ынталы кірістік. Горбачев бір күні
мені жауырыннан қағып:
— Әй, жұмысқа ынталысыңдар-ау. Бірақ әлі (шахтаның) тех-
никасымен таныс емессіңдер... Бұл сенің кінәң емес. Әлі-ақ үйре-
несің,— деді.