Page 70 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 70
Одан да бұдан былай жалқаулығыңды тастасаң, бұл өлеңдер де
тасталады...» — деді. Бүйен «Ал ендеше жалқаулығымды таста-
дым», — десін.
Шынында содан кейін әлгі Бүйеніміз таңдаулы жұмыскерлер-
дің бірі болып түзеліп кетті. Бірақ, Жолдыбай аты жоғалып Бүйен
аты қалды...
Әнеки, «сын түзелмей, мін түзелмейді» деген сол екен.
ШОМАНОВҚА СӨЗ БЕРГЕНДЕ 2 9
1948 жылы май айының аяқ кезінде Қарағанды қаласында
Киров және Сталин атындағы көмір трестерінің таңдаулы кеншіле-
рінің мәслихаты өтті. Мәслихатқа жергілікті жердің үкімет орнын-
да істейтін біраз адамдар қатысты. Киров клубының кең залына
кілем, көрпе төселді. Қонақтарға қазақша қонақасы берілді.
Оған Ілияс, Қайып ақындар да қатысты. Әңгіме қыза келе Қай-
ып ақын өлеңдетіп сөйледі. Ол жиналысқа қатысып отырған
құрметті шахтер, Социалистік Еңбек Ері № 18 «бис» шахтасының
атақты навалоотбойшигі Сәкен Шомановқа қарап былай деді:
«Сәкең тұр Отанына тарту тартып,
Өзіне үстемелі міндет артып,
Берік серт — Сәкең серті берген көпке
Көмірді шығаруға тағы да артық.
Атқарып талай қиын істі бастан,
Қиялап тас қамалды аттап асқан,
Сөз бердім батыр шахтер Шомановқа
Ерлігі ақындарға болған дастан».
Шоманов өзінің шахтада 20 жылдан артық еңбек етіп келе жат-
қанын таныстыра келіп, үнемі стахановшы болып келе жатқанын
айтты. Биылдың өзінде осы өткен бес айдың ішінде он айлық нор-
маны орындағандығын және 15—20 жас жұмысшыларға өз тәжіри-
бесін үйрететіндігін айтты. «Шахтер күніне дейін зор табыспен
барамыз», — деп сөзін аяқтады.
Осы мәслихатқа қатысып отырған Сәкеннің сыйлас адамдары-
ның бірі Ілияс Сәкеңнің сөзін өлеңменен жалғастыра сөйледі.
— Әй, Сәкен-ай! Бір сөзбен айтқанда былай демейтін бе? —
деп:
«Бұл күнде шалқып жатқан көңілім көлдей
Тасиды қимылдасам көмір селдей,
Жүлде алған серіктерім жебегенде,
Шығамын шырқап алға бәйге бермей!»—
деп өлеңдетіп қоя береді.