Page 66 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 66

—  Отырған  орнымыз   тар.  Ауасы  шағын.  Оны  үнемдеуіміз  ке-
               рек.  Ол  үшін  әркім  қимылсыз  отырсын,  — деді  Внучик.
                  Өзі  сонсоң  көмір   қабырғасын  бірдеңемен  дамылсыз  тықылда-
               тып  отырды.  Ол  арқылы  бізді   құтқаруға  келген  адамдарға   қайда
               жатқандығымызды    хабарлау  екен...
                  —  Әйтеуір,  аман-есен   құтқарып  алды-ау.






                                   ИЛЬИЧ   ШАМЫ   ЖАНҒАНДА  2 6
                  1921  жылы  өндіріс тоқталды.  Бірақ  өндіріс  комитетінің  қаулы-
               сы  бойынша  Успен,  Спасс,  Қарағанды  жұмысшылары    1924  жыл-
               дың  май  айына  дейін  өкіметтен  жалақы  алып  отырды...  1929  жылы
               өндіріс  қайыра  жүре  бастады.  Партия,  комсомол   ұйымдары   ұлғая
               бастады.  1930  жылы  мен  партия  мүшелігіне  кандидаттыққа,  1931
               жылдан  мүшелікке  өттім.  1932  жылдан  жолдасым  Бақтыбала    да
               коммунистік  партияның  мүшесі.
                  —  Өй,   Қарағанды   қаулап  өссін-ай  келіп!  Жаңадан  шахталар
               ашылып,  үлкен-үлкен  үйлер  салынып  жатыр.  Шахтерлер   жеркепе-
               ден  шығып  жақсы  үйлерге  кіріп  жатыр.  Біздің  әкейдің  Сыпатыл
               дейтін  інісі  болды.  Ол  кісі  72  жасында  1952  жылы  қайтыс  болды.
               Ол  кісі  де  жеркепеден  жаңа  үйге  шықты...  Алғашқы  рет  Қараған-
               дыда  электр  жарығының  жанбақ   күні...
                  Шахта  комитетінен  бөлінген  кісі  бар,  жаңа  үйлерге  электр  жа-
               рығын  жүргізіп  болады.  Дәл  жарық  жіберілетін  күні  әлгі  Сыпекең
               үйіне  де  электр  лампасын  орнатып  кетеді.  Үйде  Сыпекеңнен  басқа
               ешкім  жоқ...
                  Кешкітұрым   уақыт.  Сыпекен  жұмысқа  кеткен.  Сол  үйдегі   Қай-
               ынша  дейтін  шешеміз  күндегі  дағдысы  бойынша  май  шамын  оңдап
               ауыз  үйде  жүреді.  Шамына  керосинін   қүйып,  шамның  пілтесін  оң-
               дап  қояды  да,  енді  пияласын  сүрте  бастайды.  Осы  кезде  үйдің  іші
               күндізгідей  жап-жарық  болып  кетеді.   Қайынша  шешей  есінен  тана
               қорқады.  Шамның   пияласы  қолынан  түсіп  кетеді.  Өзі  шалқалап
               барып  төрдегі  төсеулі  жатқан  киіздің  үстіне  отыра  кетеді.
                  —  Алла,  алла,  өзің  сақтай  гөр!  Өз  бетін  өзі  екі  алақанымен
               электр  шамынан  тасалайды.
                  —  Кәзір  апам  үйіне  барып   қайтайын  электр  шамы  жанғанда
               қайтер  екен?  — деп  мынау  Бақтыбала  жүгіріп  кеткен-ді.  Сөйтсе
               бүл  есіктің  алдында  түрып  сөйлеген  сөзін  естіп  және  тығыз  жабыл-
               маған  есіктің  саңлауынан  не  істегенінің  бәрін  көріп  тұрады  ғой.
               Есікті  жайлап  ашып,  Бақтыбала  үйге  кіріп  келеді.  Шешей  оны  да
               аңғарар  емес  дейді.
                  —  Алла,  алла,  өзің  сақтай  гөр,  әзің  сақтай  гөр,  алла!  — деп
               сөйлей  береді.
                  —  Не  болды,  апа,  сізге,  не  ғып  отырсыз?  — дейді  Бақтыбала.
   61   62   63   64   65   66   67   68   69   70   71