Page 69 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 69
жүрген шығар... Сөйтсек ұйықтап қалыпты ғой. Келесі сменаға
барғандар оятып жіберіпті. Ойпырай шек-сілеміз қатып күлмесі-
міз бар ма? Әлгінің ұйықтап қалғаны күллі жұртқа жайылсын.
Бір ретте айдың аяғында ақша алуға бардық. Күллі жұрт жи-
налған екен. Бізбен бірге әлгі Бүйен де барған. Жиналған жұрт
әзілсіз, қалжыңсыз бола ма. Басқа бір забойщиктер бригадасының
бригадирі Рақышев Мағауия дейтін жігіт әлгі ақша алуға келген
Бүйенге:
«Болғанда ұйқың қанық, бойың сергек
Шахтаға түсіп-шығу еттің ермек.
Көп шапқан көміріңе Бүйен «салым»
Қазына қанша айына ақша бермек?»—
деді. Сонда Әбілқарыс дейтін бір жұмыскер:
«Тамақ тоқ, көйлегің көк, өзің толдын.
Түзуін айырмайсың оң мен солдың.
Аталып бригада жалқауы деп,
Жағылған біздің бетке күйе болдың»,
деп оның (Рақышевтің) сөзін іліп ала жөнелді. Ой жалқ ау еді.
Тіпті кей уақытта күрегін әкелсе қайласын, қайласын әкелсе күре-
гін ұмытып кететін. Саймансыз шахта астында не бітірмек? Көбіне
уақыты бос өтеді. Ал кәзір айтқаныңды ертең ұмытып кетеді. Өзім-
ді әбден қажытсын. Содан әлгімен бірге жұмыс істеуден мен бас
тартайын. Өйткені өмірі күндік беретін көмірді орындай алмаймын;
Норма деген орындалуды қойды. Норма орындалмаса, ақшаны да
аз аласың. Сонсоң бригадирге, одан участканың бастығына арыз
бердім: «Бүйен айтқанымды тыңдамайды, жұмыс істегісі келмей-
ді», — деп. Әлгіні менен басқа забойщиктерге қоспақ болды. Ешкім
алмасын. Тіпті керексіз адам болсын. Рақышев Мағауияның брига-
дасына жіберді. Ол өзі ақындығы бар, өлеңдетіп, тақпақтап сөй-
лейтін жігіт еді. Бүйенге:
«Күрек алсаң қолыңа.
Қайлаңды үйде ұмытқан.
Сендей кежір адамды,
Түсінбес сөзге наданды
Маңыма да жуытпан.
жөнел аулақ дейді ғой...
Бұл өлеңдердің бәрін Бүйеннің құрбылары жаттап алып айтып
жүретін болды. Қайда барса, әлгі өлеңдер алдынан шығады. «Сөз-.
де қаңқу жаман, ауруда шаншу жаман» деген ғой. Содан біраз-
дан кейін, жоқ, Бүйеніміз бұрынғыдай емес, жұмысқа ынталы қи-
мылдай бастады. Бір күні күллі жастар жиналған. Жігіттердің
кейбіреулері әлгі өлеңдерді айтып Бүйенді мазақтай берді. Осы
сәздің өзінен де Бүйен қажып біткен болу керек. Бір уақытта Бүй-
еннің: «Әй, бауырларым, осы өлеңдеріңді айтпаңдаршы. Тілегім
болсын. Ақысына... Сонда біреу, «Бұл сөзді, бұл өлеңді жұрттың
бәрі біледі. Білгендердің бәрін суаруға ақшаң жете ме, сенің?