Page 60 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 60

керек.  Сондықтан  шахта  асетында  жұмыс  істемейтін  жұмысшылар
              қырдағы  көмірден   ұрлап  жағады.
                 Аты  есіме  түспей  отыр.  Бір   ұста  бар  еді.  Көктайша  деген   ұс-
              тамен  бірге  жұмыс  істейтін.  Күлдібай  ма  екен?...  Әйтеуір  әлуетті
              жігіт  еді.
                 Сол  бір  күні  жағайын  десе  үйінде  отыны  жоқ.  Шахта  басына
             барады  да,  көмірдің  бір  үлкен  кесегін  иығына  қондырып  алып  ке-
              ле  жатады  ғой.  Алдынан  қожайынның  итаршыларының    біреуі  шы-
              ға  келеді  де,  оны  көріп  қалады.  Байқаусыз  өтіп  бара  жатқан  кісі-
              нің  тізесінен  әлгі  сұм  таяқпен  беріп  жібереді.  Өзінің  арқалап  әке-
             ле  жатқан  көмірі  аяғына  түсіп,  содан  әлгі  жігіт  ақсақ  болды.  Жер-
             ге  түскен  көмірі  екі  жарылып  түскен  екен.  Ертеңінде  нелер  әлует-
              ті  жігіттер  әлгі  көмірдің  сынығының  өзін  орнынан   қозғалта  алма-
              ған  дейді.  Жұрттың  айтуына  қарағанда,  әлгі  көмірдің  ауырлығы  9
              пұттай  еді  дейді.
                 Не  деген  күш  десейші!  Біржарым   центнерді   арқалап   жүр-
              ген,
                 Сол  жылы   Қарағандыда  жұмысшылар     советі   құрылды.  Басты-
              ғы  Никитин  деген  орыс  болды.  Жігіт-ақ  еді.  Никитин  бастық  бол-
              ғаннан  кейін  бағанағы  Күлдібайды  аяғынан  ұрып   құлатып  жүрген
              қара  Иван  дейтін  орыстан  құнын  әперді.






                                        Екіниіі  тарау

                          Қ  Е Н Ш І Л Е Р Д І Ң  СОВЕТ  ДӘУІРІНДЕГІ
                                   ӘҢГІМЕ-ЕСТЕЛІКТЕРІ
                                    ТҮРЫСБЕК   КЕЛГЕНДЕ  2 3
                 1918  жылы  февраль  айында  Ақмола   уезінде  кедейлер  өкіметі
              құрылды   деген  хабар  келді.  Жұмысшылардың   қуанышы   қойнына
              сыймайды.   Қожайындардың    құты   қашып,  берекесі  кете  бастады.
              Бұрын  3  сом  ғана  айына  жалақ ы  алсақ,  енді  5  сом,  6—7  сомға
              дейін  жалақы  алатын  болдық.
                 Ақмоладан  жаңа  өкімет  қүрылысымен   көп  кешікпей  1918  жыл-
              дың  апрель  айында   Қарағандыға  да  өкімет  уәкілдері  келе  баста-
              ды.  1918  жылы  апрельдін  аяқ  кезінде   Қарағанды  мен  Спасс  за-
              уытына  Тұрысбек  Мыңбаев   келді.  Тұрысбек  түскен  үйге  жұмысшы-
              лар  жиналысып   қалды.  Келгендер  шапұр-шүпыр    амандасып   жа-
              тыр.  Жұрттың  бәрі  жаңа  орнаған  өкіметтің  жайын  білгісі  келді.
              Әлден  уақытта  сырттан  Ілияс  ақын  кіріп  келді  де,  мынадай  де-
              ген  өлеңмен:

                             Жүрсің  бе,  Тұрысбекжан,  есен-аман?
                             Естідім  келгеніңді  Ақмоладан.
                             Кедейдің  өкіметі  орнады  деп,
   55   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65