Page 61 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 61

Алып  ек  бір  хабарды  біз   қаладан.
                     «Жақсы  сөз  —  жарым  ырыс».— деуші  еді  ғой
                     Кәнікн,  сөйлеші  енді  бізге  содан»,  —
         деп  жұртшылықтың     назарын  бірден  Тұрысбекке   аударып,   қол
         алысып  амандасты.  Тұрысбек   не  айтар  екен  деп  жұртшылық   құ-
         лақ  түруде.
            Сөйтсек,  кедейлер  өкіметінің  орнағаны  рас  екен.  Сол  бетінде
         Тұрысбек  Успенге  де  барып   қайтты.  Содан  бастап-ақ   қожайын-
         дардан  ерік  кетіп,  есінен  тана  бастады  ғой.
            Қарағанды   өндірісі  тоқталғаннан  кейін  мен  ауыл  арасында  бол-
         дым.  Ең  алғаш  колхоздастыру   басталғанда,  Нұра  өзенінің  Есен
         дейтін   құйылысынан  «Ашық»  колхозын   ұйымдастыруға   қатыстым.
         Содан  күні  бүгінге  дейін  колхозшымын.





                                    КІСІ-АҚ  ЕДІ 24

            1920  жылдың  басында  Қарағанды   ақ  бандалардан  мүлде  тазар-
         ды.  1919  жылдың  қыс  айларында  Қарағандының   Бұқпа  селосында
         тұрған  қызылдардың  қарулы   отрядына  арқа  сүйеген  жұмысшылар
         өздерінің  өндірістік  комитеттерін   қайыра  сайлай  бастады...  1920
         жылдың   2  майында   Қарағандыда  төрт  кісіден  жұмысшылар  коми-
         теті  сайланды.  Бірінші  бастығы  Трабовский  деген  орыс  жігіті,  мү-
         шелігіне  Сыпан  Серікбаев  және   Нариман   Ахметов  деген   қ азақ
         жүмысшылары    сайланды.  Бұл  кезде  шахта  жұмысын  тоқтатпаған.
         Осипов  деген  кісінің  басшылығымен   көмірді  шахтерлер  шығара
         берді...
            Осындай   жағдайлар   болып  жатқан   кезде,  сол  1920  жылдың
         жазында  осы   Қарағандыға  Гапеев  деген  инженер  келді.   Қасында
         Марья  дейтін  әйелі  мен  үш-төрт  көмекші  кісілері  бар.
            Не  деген  ерлік  десейші!  Ол  келген  кезде  Семейден  бергі жатқан
         жалпақ  далада  ақ  бандалардың  түн   қатқан   қасқырдай  шүбырып
        жүрген   кезі.  Соңдарынан  түре   қуған   қызылдармен   қаша  соғысып
         кетіп  бара  жатқан.  Совет  өкіметін  жақтайтын  адамдар   қолдарына
        түссе,  тірідей  кескілейді.  Және  ол  кезде   Қоянды  жәрменкесі  мен
         Қарқаралы   маңындағы   қ азақ  ауылдарында   сүзек  ауруы  кең  та-
         ралған.  Ол  дағы  бір  жұқпалы  жексұрын  ауру  ғой.  Солардан   қо-
         рықпай  келуі  келу-ақ   қой !
            Күн  кешкіріп  бара  жатқан  уақыт  еді.  Мені  жұмысшылар   ко-
         митетіне  шақырды.  Барсам,  басында  елпекей  ақ  тақиясы  бар  коң-
         қ ақ  мүрын  арықша  келген  бір  орыс  отыр.  Және  өзіміздің  сол  ко-
         митет  мүшелері  Чемохов  пен  Ахметов  Нариман  бар  екен.
            Нариман:  «Шәйіт,  мына  кісі — біздің  қызылдық*  инженер.   Қа-
            *  Совет  өкіметін  осылай  атаған.  Мұны  халық:  «ақ   қашып,   қызыл  келіп
        жатқан  кез»  деп  әңгімелейді.
   56   57   58   59   60   61   62   63   64   65   66