Page 59 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 59
елдің ыңғайын байқағаннан кейін ол пікірлерінен тайды. Солдат-
қа кісі бермеді. Сонда Ақмола уезінен қасында төрт жүз солдаты
бар жандарал шықты. Елден кісіні солдатқа күшпен жібермек
болды. Ел бағынбады. Солдаттармен соғыса отырып, ел кейін ше-
гіне көшті. Аймысық—Көккөзге* дейін барды... Солдаттардан да
көп қырылды. Бізден де өлім болды. Ақыры солдатқа бармадық...
ХОРБАТЕЛЬДІҢ КҮРЕСІНГЕ ТАСТАЛУЫ 21
1916 жылдың жазы, июнь жарлығы шығыпты, қазақтардан сол-
датқа кісі алады деген хабар құлаққа сап ете қалды. Кешікпей-ақ
19 бен 31 жастың арасын сыпыра бастады. Жұ рт абыржуда. Барар
жер, басар тау, паналайтын орын жоқ. Адамқайыр Қойтасбаев
тағы басқа бірнеше жұмысшылар Екібасқа қашып кетті. Кәзіргі
бассейніміздегі даңқтылардың бірі Бекбосын Сиқымбаевтың Бө-
леген деген інісі, соңынан бірнеше жұмыскерлерді ертіп, патшаның
жарлығына қарсы Спасс маңына топталған халықтың көтерілісін
басқарып кетті.
Ой, шірк-і-і-н! Қандай жігіт еді! Жанып тұрған от еді, шір-
кін! Сонда:
«Батыл бас, аяқты кедейлер!
Рухыңмен күреске бекемден.
Туды шақ өзіміз жол ашар,
Бостандық дүниеге кеудемен...»
— деп өлең айтатын. Аяғы көп болатын еді, адам айтпаған соң
ұмытып та қалады екен.
Сол жылы июль айы еді. Хорбатель нарядқа келді. Кекті ашу
кернеген жұмысшылар оны масқаралайтын ыңғай білдірді. Алек-
сандр Горбатов, Ермағамбетов Ысқақ, Алтайбаев Хұсайын деген
жұмысшылар байқаусызда Хорбательдің артына ташке әкеліп
қойды. Мен оны итеріп ташкеге құлаттым. Әзір тұрған жұмысшы-
лар ташкені тарта жөнелді. Олар сол бетінде Хорбательді топы-
рақ төгетін жерге, күресінге апарып бір-ақ құлатты.
Біздің шахтерлер ағылшын пайдакүнемдеріне өзінің кекті ашу-
ын осылай білдіріп еді.
НЕ ДЕГЕН КҮШ ДЕСЕЙШІ 2 2
1917 жылдың, ұмытпасам, март айы. Ол кезде қожайындар жер
үстіне шығарылған көмірден жұмысшылардың көмір алып жағуы-
на лұқсат етпейтін. Әркім өзі шахта ішінен арқалап алып шығуы
* Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы жердің аты.