Page 58 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 58

Мен  де  әр  жерде  паналадым.  Спасстан   Қарағандыға   қайыра
            қашып   келдім.  Сөйтсем,  жұмысты  тастап  өз  бетімен  кетіп   қалған,
             болмаса  Бөлеген   сияқты  көтеріліске   қатысқан  жұмыскерлердің
             семьяларына  қожайындар   мен  прстоптар  неше  түрлі  қысым  жасап,
             қуғын  көрсетуде  екен.   Қарағандыға   қайтып  келгенмен,  паналай-
            тын  жер  таба  алмадым.  Өзімнің  бір  деген,  сыйласып  жүрген  жол-
             дасым  Сасық  деген  жігіт  достық  ниеттің  орнына,  нағыз  дұшпаным
             болып  шықпасын   ба?  Паналатудың  орнына  прстопқа  бұрын  Нем-
             ковтың  атын  ұрлағаныма  дейін  айтып  қойды.  Және  Бөлегеннің  то-
            бында   болғандығымды   білдірген.  Сонда:

                            «Мәртәбәң  дүниен  болса  асады  екен,
                             Көңілің ағын  судай  тасады  екен.
                            Қолыңда  мал,   қорегің  болмай   қалса,
                            Жуыспай  туысқаның   қашады  екен.
                            Қолыңда  нәрсең  болса  дос  дейді  екен,
                            Тәужиім  не  алсаң  да  бос  дейді  екен.
                            Қолыңнан  мал,   қорегің  табылмаса
                            Туысқаның  жуыспай   қош  дейді  екен.
                            Япырмай,  Сасық,  саған  мен  не  жаздым?
                            Дос  адам  бір-біріне  өсти  ме  екен?!
                            Кедейдің   қасиеті  болмайды  екен,
                           Алтынын  жез  орнына  алмайды  екен.
                           Гәукар,  жақұт  тізілтіп,  тілден  өрсең
                            Бес  тиын   қара  пұлға  тұрмайды  екен.
                            Бұлбұлдай  тілді  безеп  сайрасаң  да,
                            Ескеріп  сөзге   құлақ  салмайды  екен.
                            Басыңа  бақыт   құсы   қона   қалса,
                            Қарғаша   қарқылдасаң  тыңдайды  екен.
                            Басыңнан  өтті  осылай,  көрдім  бәрін,
                            Көз  көрді  бұл  дүниенің  кең  мен  тарын.
                            Нар  туған  Бөлегендей  батыр   ұлдың,
                           Естідім  елге  сәлем,  айтқан  зарын.
                           Ағайын,   құрбы-құрдас,  туған-туыс
                           Жұбату  міндетіміз  соның  бәрін.
                           Бұрынғы  бірге  жүрген  достар   қайда?
                           Сүрініп  етекті  аяқ  басқанында.
                           Көрінер  келді  кезі  нағыз  достық,
                           Тал   қармап,  суға  кетіп  сасқаныңда.
                           Өлді  ол  ерлікпенен  елі  үшін,
                           Ата-ана,  туып  өскен  жері  үшін
                           Ақ  патша  әміріне   қарсы  шыққан,
                           Көп  халық  көрді  оның   қайрат-күшін.
                           Салғанда  залым  патша  елге   қармақ,
                           Жатқанда   қыршындарды  жұтып,  жалмап,
                           Жөн  сілтеп.  ел  бастаған  батырлардың
                           Есімі  ел  аузында  мәңгі   қалмақ»,  —

            деп  өлең  шығардым.  Естігендердің  бұл  өлеңге  жыламағаны   бол-
            мады.  Және  жаттап  алды.
               Амал  бар  ма  Қарағандыдан  бір  түні  қашып  кеттім  де,  елге  бар-
            дым.  Елде  патшаның   жарлығына   қарсы  көтеріліс  жасап  Сарысу-
            ға   қарай  [шегіне]  көшіп  барады  екен.  Онда  Көнек  елінің  болысы
            Тақыр   Омар  Ақмурзин,   Жыланды    елінің  болысы   Белгібайдың,
            Қасембайы,  Қарағаш   елінің  болысы  Шоңның   Ахметжаны   еді.  Бо-
            лыстар  әуелде  спеске  жасап,  солдатқа  кісі  бермек  болды.  Бірақ
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63