Page 57 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 57

Менің  әкем  Айнатас  марқұмның  өмірі  де  үнемі  жоқшылықпен  өт-
         кен.  Ол  кісі  қыр   қазағына  аты  шыққан  Шәріп-ноғай  деген  Ақмо-
         ланың  белгілі  сәудегерінде  өмір  бойы  жалшылықта  жүріп,  менің
         он  бес  жасымда   қайтыс  болды...  Жиырма  екі  жасымда  күн  көріс
         үшін  жұмыс   іздеп   Қарағандыға  келдім.
            Ол  кездегі  шахтерлердің  тұрмысы   қандай   ауыр  десеңізші?!...
         Таңның  атысы,  күннің  батысы  жер  астында  жұмыс  істейсін.  Бірақ,
         ештеңе  өнетін  емес.  Жағдай  жаман.  Тапқаным  тамағыма  да  жете-
         тін  емес...
            Ол  кезде  бүкіл  Қарағандыны  Немков  деген  біреу  басқарады.
         Әлгінің  жүзіктің  көзінен  өткендей   қос  күрең  аты  бар.  Ой,   қандай
         аттар?  Тек   ұрлыққа  ғана  салатын  аттар.
            Содан  бір  күні  Тәужиге  не  де  болса  осының  бір  күреңін  мініп
         қашайын   деген  ой  келді.  Бірақ  қолға  түсіру  қиы-ы-н!  Өйткені  екі
         атты  Немков  күні  түні  қолдан  босатпайды.  Есігінің  алдында  тастан
         салған  биік  сарайы  бар.  Жаз  болса  төбесін  жаңалап  жауып,  көлең-
         келеп  қана  қояды.  Екі  ат  күні-түні  сол  сарайда  тұрады.  Түн  болса,
         есігін  сыртынан  жабады  да,  алдына  тайшадай  бір  көк  итті  бай-
         лайды  да  қояды,
            Қалай   алу  керек?
              Күзгі салқын  түсе  бастаған  кез  еді.  Ел  жатып,  кісі  аяғы  басыл-
         ды-ау  деген  кезде  Немковтың  үйіне  жақындап  келдім,  үйдің  айна-
         ласында   ешбір  жан  көрінбейді.   Ұйықтап   қалғанға   ұқсайды...  Ат
         тұрған  сарайға  жақындауым-ақ   мұң  екен  ит  шабаланып   қоя  бер-
         ді.  Дереу  Немковтың  үйінің  есігін  сыртынан  бекітіп  тастадым.  Ит
         арсылдап,  өршелене   үріп  тұр.  Енді  итке  жақындайын.   Ұмтылған
         иттің  тұмсығы  тиер-тимес  жерге  барып   тоқтадым   да,  дәл   қара
         тұмсықтан   дәлдеп  тұрып  қолымдағы  темірмен  перейін.  Иттің  жай-
         ын  сонымен  бітірдім.  Есіктің  құлпын  бұрап  тастап  қос  күреңді  са-
         райдан  шығарып-ақ   әкеткенім  емес  пе.  Сол  кеткеннен  мол  кеттім.
         Бір  күреңді  соғымға  үйге  жығып  бердім  де,  біреуін  түсін  өзгер-
         тіп  мініп  жүрдім.
             —  Түсін  өзгерту  үшін  түбі  елеуішке   ұқсас  бірақ  сирек  тесіл-
         ген  шләпшін  арқылы   үстіне  бір  шелек   қайнаған  ыстық  су   құйып
         жібердім.  Су  тиіп  күйген  жерлері  ақ  теңбіл  болып  шыға  келді.
         Ақырында   күрең  ат  шұбар  атқа  айналды...  Бірақ,  Немковтың  көзі
         құрығанша    Қарағандыға   қайтып  оралмадым.   Кейінірек   Қараған-
         дыда  тек  жаз  айларында  ғана  жұмыс  істеп,   қысында  ауылда  бо-
          латын  болдым...
             1916  жылы   жаз  айында   қазақтан  солдат  алады  деген  хабар
         дүңк  ете   қалды.  Онда  мен   Қарағандыда  жұмыс  істеймін.  Кешік-
          пей-ақ  хабар  шындыққа   айналды.  Жастарды    болыс-билер  тізім-
          дей  бастады.  Тізімге  іліккендер  жұмысты  тастап,   Қарағандыдан
          қашып  кетіп  жатты.
             Спасс  заводының   сыртқы  жонына   халық   қаптап  кетті.  Ауыл
         адамдары    мен  жұмысшылар.    Көтерілісті  басқарушылардың    бірі
          кәзіргі  Бекбосын  Сиқымбаевтың  Бөлеген  деген  інісі  еді.
             Ой,  шіркін,  ер  жігіт  еді!...  Болыстардың  көмегі  мен  іш  жақ-
         тан  келген  қарательдің  адамдарын  өлтірді  ғой.
   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62