Page 56 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 56

пен  өткіздім...  Ауылдың  ауыр  өміріне  төзе  алмаған  кедейлер   Қа-
               рағандыға  кетіп  жатыр.  Сол  жерге  біз  де  барып,  күн  көрсек  де-
               ген  ой  бар,  бұған  сен   қ алай   қарайсың?—деді.
                  Мен  әкемнің  бұл  пікіріне   қарсы  болғаным  жоқ.  Сонымен  1907
               жылы   Қарағандыға  келдік  те,  әкем  екеуміз  бірдей  ағылшын  шах-
               тасына  түстік.
                  Бізді  ағылшын  шахтасының   қ анды  азабы,  ауыр  бейнеті   қарсы
               алды.  Әуелі  шанашы,  одан  кейін  забойшы  болдым.   Күн   сайын
               16—17  сағатқа  дейін  жұ мыс  істейтін  болдық,  әбден  әлсіредік,  езіл-
               дік.  Соншама  ауыр  еңбекте  жүріп,  күн  сайын  табатын  жалақ ымыз
               тіпті  болымсыз  еді,  басқа  тұтынуды  айтпағанда,  тамағымызға  да
               жетпеді.  Бірақ  амал  не?  Шықпаған  жан  шыдап  жүре  бердік.
                  Мен  тұңғыш   рет  Джим   Герберт  дейтін  ағылшынның   «Джим»
               деген  шахтасында  жұмыс  істеп,  түйе  кетпен,  итшананың   қасіре-
               тін  осында  тарттым.
                  Джим   Герберт  шахтаға  аптасына  бір  рет  түсіп  жүрді.  Мен  осы
               қожайынмен   бір  рет  кездескенімді  әлі  күнге   ұмытпаймын.  17  сағат
               бойы  жұмыс   істеп  жүріп,  бүл  жолы  шанаға  көмірді  олқы  салып
               алып  келе  жатсам  керек.  Өйткені  әлім   құрып,  титығым  бітіп   қа-
               лыпты.  Осыны   көріп   қ алған  ағылшын  мені  таяқтың  астына  ала
               бастады,  аузына  келгенін  айтып,  ақырып-зекіріп  жатыр.
                  —  Міне  бүл  айуандардың   істейтіні  осы.  Мен  Англиядан  Рос-
               сияға  келгенде,   құриын  деп  келгенім  жоқ,— деп  күж  ете   қалды
               Герберт.  Сөйтіп,  ол  мені  үш  тәулік  бойына  шахтаның  астынан  шы-
               ғармай,  күні-түні  көмір  тиелген  шананы  сүйреткізді  де   қойды.
                  ...  «Джим»,  «Карно»  шахталарында  адамның  өлімі  көбейе  бер-
               ді,  біреу  аштан  өлсе,  біреу  жер  астында   құлаған  лаваның  астын-
               да  қалып  өлді.  Мәселен,  забойшы   Қойшығұлов  менің  көз  алдым-
               да  жер  астында  ауыр  өмірге  төзбей,  өліп  кетті.  Герберт  оның  үй
               іші  адамдарын  жер  барақтан  шығарып  тастады.  Бұдан  кейін  көп
               кешікпей   Қойшығұловтың   әйелі  Әсия  және  үш  баласы  аштан  өлді.
                  Герберт  забойшы   Медиев   деген  шахтерді  жер  астында   ұрып
               өлтірді,  оның  да  әйелін  4  баласымен  бірге  жер  барақтан  шығарып
               тастап,   қаңғыртып  жіберді.
                  Ағылшын    капиталистері   Қарағандыны   пайдаланып   тұрғанда,
               кеншілердің  тұрмысы   адам  айтып  болмайтын  ауыр  еді.  Жер  ба-
               рақта,   қапаста  түратын  едік,  Ол  кезде  емхана,  мектеп,  мәдени-
               ағарту  мекемелері  дегенді,  демалысты  білмейтін  едік.  Шахтада
               өлуден  басқа  ешқандай  правомыз  болмайтын...






                            МӘРТӘБӘҢ  ДҮНИЕҢ   БОЛСА   АСАДЫ  ЕКЕН  20
                  Біздің  атамыз  Елкелдіге  түсінде  бейтаныс  бір  адам  өлең  ала-
               сын  ба,  көген  аласын  ба  дегенде,  өлең  аламын  деген  екен.  Көген
               алса  бай  болмақ  екенбіз,  өлең  алғандығынан  кедей   болыппыз.
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61