Page 55 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 55

лақы»  деген  сол  кездегі  Екібас  жұмысшыларының   мақалы  бола-
        тын.  Сондай-ақ,  ертеңнен  қара  кешке  дейін  жұмыс  істегенде  ала-
        тын  ақшамыз   тамағымызға   жетпейтін.  Амал  не,  жұмыстан    бас
         тарта  алмайсың.   Қит  етсең,  сылт  етеді.  Жұмыстан  шығарып  жі-
        береді.  Жұмыстан  шығып  қалсаң,   солдатқа   алынасың.    Бір  мен
         емес,  ол  жылдары  жұмыс  істегендер  тек  солдатқа  барудан  қашып,
         бас  сауғалап  жүргендер...
            —  Міне,  өмірдің  неше   қилы  кезеңдерін  бастан  кешірген  буы-
         рыл  бас  қартың  біз  боламыз.  Екі  түрлі  өмірді  көрдік.  Біріне  бірі
          ұқсамайтын өмір.  Байлар  билеп  тұрған  уақытта  шахтер  болу,  жұ-
         мысшы   болу  ең  төмен  атақ  болса,  кәзір  совет  дәуірінде  ең  құрмет-
         ті  атаққа  айналды.  Мен  өмір  бойы  жұмысшы  болып  келемін.  Со-
         вет  өкіметі  орнаған  соң  1922  жылдан  Екібас  пен  Жармақ  темір
        жолында   жол  қараушы   болып  істедім...  1931  жылдың  1  майынан
         бастап   Қарағандыға  келдім.  Содан  бері  осы  Калинин  атындағы
         шахтада  забойщик   болып  жұмыс  істедім.  Кәзіргі  бақытты  заман-
         да,   қызықты  өмірде  мәпеленіп  отырған  бақытты  совет  шахтерле-
         рінің  бірімін.  Тұрмысым  жақсы,  айлық  еңбек  ақым  4—5  мың  сом-
         ға  дейін  ақша   қаратамын,  не  киейін,  не  ішейін  демеймін,  сәнді,
         өмірімізге  керекті  заттардың  бәрі  де  бар.
            Көмір—ел   игілігі,  Отан  байлығы.  Көмір  неғұрлым  көп  өндіріл-
         се,  соңиалистік  экономикамыздың  күші  зорая  береді,  бейбітшілік
         сақтау  ісі  нығая  береді.  Мұны  біз  жақсы  білеміз.  Бүкіл  совет
         шахтерлерімен  бірге  Отан  игілігі  үшін  еңбек  етіп,  күндік  норманы
         асыра  орындаудамыз.
            Біздің  елімізде  еңбек  абырой  әперетін,  даңқ  шығаратын  іске  ай-
         налды.  Октябрь  революциясына   дейін  менімен  бірге  жұмыс  істе-
         ген   қарттардың  көпшілігі  кәзір   құрметке  бөленуде.  Түсіп  Күзем-
         баев  — Соңиалистік  Еңбек  Ері.  86  жастағы  Бекбосын  "Сиқымбаев
         деген   қартымыз  Ленин  орденімен  екі  рет  наградталды.  Шәйіт
         Асайынов   кәзір  бассейндегі  белгілі  адамның  бірі,  Еңбек   Қызыл
         ту  және  Ленин  орденімен  наградталды.  Кәзір  Горбачев  атындағы
        №   8—9  шахта  бастығының  орынбасары.    Партия   мен   үкіметіміз
         еңбегімді  жоғары  бағалады.   Құрметті  шахтер  атағын  алдым,  Ең-
        бек  Қызыл  ту,  Ленин  орденімен  және  бірнеше  медальдармен  наг-
         радталдым.   1954  жылғы  сайлауда  халық  бірауыздан  мені  СССР
         Жоғарғы   Советінің  депутаты  етіп  сайлады.  Мұндай   құрметке  бө-
         лену   Қарағандыны  ағылшын   капиталистері  билеп  тұрған  заман-
         дағы  шахтерлердің  өңі  түгіл  түсіне  де  кірген  жоқ.






                          ГЕРБЕРТТІҢ   ҚАНДЫ   ШЕҢГЕЛІ  19
            Ол  кезде  мен  16  жаста  едім,  әкем  Күзембай  бір  күні  мені  ша-
         қырып   алып:
            —  Ауылда   жалшылықта    жүріп,  өмірімнің  көбін  ауыр  бейнет-
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60