Page 54 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 54
дан сескенген ол екеуі Соколовка ақыл айтып тоқтатты да, халық-
ты таратып жіберді.
Егерде он алтыншы жылдық дүрбелеңі* болмаса, Соколовтың
Ілиясты бір тықырға тақауы да мүмкін еді...
ЕКІБАСТҰЗДА 18
1916 жыл еді. Июнь айының аяғы. Кешке жақын Спасс зауыты-
нан шапқыншы келді. Жұ рт үрпиісіп жиналысып қалды. Ентелей
басып мен де келдім. Сөйтсек, патша қазақтардан солдат алатын
болды. Ертең солдатқа кісі алуға осы Қарағандыға болыс, стар-
шындар келеді. Жұмысшыларды ешқайда жібермей, жиып ұстасын
деп подрядчиктерге хабар айта келген шапқыншы екен. Халық
абыржып қалды. Әркімнің алдында не істейміз деген сұрақ
тұрды... Ойбай, 19 бен 31 жастың арасын сыпыра бастасын, сы-
пыра бастасын. Ел бұған көне алмады, Жұрттың бәрі: «Солдатқа
бармаймыз» — деп тау-таудың, арасына қаша бастады. Тіпті топ-
топ болып жиналып алып елден безіп кетті.. Біраз күннен соң,
Ұлытау жағында Аманкелді деген батыр патшаның жарлығына
қарсы күрес ашыпты деген хабар дүңк ете қалды. Бұл кезде Спасс
зауытының арғы бетіне бүл жақтың халқы да топ болып жиналып
жатты. Ол топқа Қарағандының және Спасс зауытының жұмыс-
шылары да қашып барып қосылып жатты. Шахталарда жұмыс
бәсеңдей бастады. Сол кезде Мәңкі баласы Ілияс дейтін жұмысшы
бар, Жүсіп баласы Уәли деген жұмысшы бар, Нұранов Қуаныш
деген бар — бәрі «патшаға, байға қарсы одақтасып, еркіндік үшін
күресейік»— деп өлең айтады... Солдатқа бармау үшін, әркім әр
түрлі жол іздеді. Көбі Аманкелді отрядіне қосылды, Кейбіреулер
Екібасқа кетіп жатты. Өйткені Екібастағы жұмысшылардан сол-
датқа ешкімді алмайды деген лақап тарады. Сол хабарды естіген
мен 1916 жылдың күзінде Екібастұзға келейін. Әуелгі кезде бү-
лардан да солдатқа кісі алған екен. Бірақ Екібастұздың қожайы-
ны патшаға ма, әйтеуір, арыз беріп Екібастұздан солдат алдыр-
майтын болыпты.
Онда келсек, жұмысқа түсеміз деп келуші адамдар қаптап жүр.
Подрядшіге кім пара берсе, солар жүмысқа түсіп жатыр. Ал, мен-
де қаражат дегенде небәрі 8 сом үш шет тиын ғана ақшам бар.
Өйткені Қарағандыдан кетерде ақша орнына берген талоным бой-
ынша Текекөз деген подрядші ештеңе бермеді. Тіпті айта берсең
қашып кеттік. Ол талон басқа жерде іске аспайды. Амал бар ма,
сол жерде (Екібастұзда) Әубәкір деген подрядші ноғай бар екен,
соған қалтамдағы барымды беріп, жұмысқа орналастым-ау, «Ана-
уымнан мынауым әм сорақы, ала алмассын бұл сүмнан түк жа-
* 1916 жылғы халық көтерілісін дүрбелең деп атаған.