Page 53 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 53
Сонда төрде отырған Әубәкір бай, ал енді сізді жаңа мақтаға-
нын естідіңіз, Соколов мырза, енді бағанағы дуан басы Ыбырайды
жамандағандай жамандаса, қайтер едіңіз?—деді.
— Е, жамандасын,— деді Соколов.
Бағанағы ақынымыз қипыжықтап қалды. Сонда Ілияс:
— Бір тойда екі жар жоқ. Ендігі рет басқанікі. Егерде мырза
кәр қылмаса, жамандауын мен жамандайын,— деді.
Соколов та:
— Жоқ , кәр қылмайын, ал жаманда!—деді. Сонда Ілияс:
«Бергенің сенің болды екі сөлкі
Айтуға бір сөз келді жаңа только,
Парадан собираешь богатство
Етесің нашарларды ылғи күлкі.
Біреуді қорқытасың, біреуді алдап
Жыртқышта саған ұқсас жылпос түлкі.
Менің де айтқан «мақтап» сөзім үшін,
Тақсырым тастарсыз ба екі-үш сөлкі»,—
дегені бар емес пе?
Соколов алғашқы уәдеден тайды. Өңі бұзылып, қуарып сала
берді. Қатты ашулансын-ай келіп. Ілиясқа сенің бұзық екеніңді
біз ертеден білеміз. Бірақ кешірім жасап келдік. Енді бетіңмен
жібере алмаймыз деп отыр. Оспан болыс, Әубәкір бай да ұрсып
жатыр. Ал, Ілиястың да алқымы кеуіп кеткен. «Бас кессең де, тіл
кеспек жоқ. Тағы да айтамын»,— деп орынынан түрегеп алды, Та-
ғы да Соколовқа:
«Дағдың ғой ысқыратын нашар жанға,
Боялған қолың сенің қызыл қанға.
Алғашқы уәдеңнен адам болсаң
Тайлығар кәзір сенің жөнің бар ма?
Айдату, байлап-матап, қылыш шауып
Жандарға қарсыласқан жала жауып,
Алдыңа тізе бүгіп иілмеспін,
Басыма төңдірсең де нелер қауіп»,—
дегені ғой.
Естуші жұрт: «әй, бәрекелді-ай! Батырдың* тұқымы дегенмен
батырлығын жасады-ау» десіп жатыр. Ал, Соколов бұрынғыдан
бетер қаһарлана түсті. Ал, енді Соколов бірдеңе ететін болса,
отырғандардың ішінде кейбіреулер Соколовтың өзін бас салмақ
болып отыр екен. Құрдастары Қоянкөз деп атайтын Қартабайдың
Ысқағы, Кемелбайдың Түсіпбегі сияқтылар Ілияс пен Соколов
сөйлесе бастағанда-ақ далаға шығып кетіп, жеңдеріне темір ты-
ғып алып қайыра келіп отырады.
«Ел ренжісе, жер көтермейтін ауыры бар; ел сілкінсе, қарлы-
жаңбыр дауылы бар»; көп қорқытады, терең батырады» деген
емес пе? Әубәкір, Оспандар елдің бет алысын байқап қалады. Со-
* Ілиястің әкесі Мәңкі батыр және тілді, шешен адам болған. Қарағанды,
Ақмола маңындағы халық арасында Мәңкінің батырлығы және сөз тапқырлығы,
өткірлігі туралы неше алуан аңыз әңгімелер бар. Сондықтан Мәңкінің ұрпақтары
батырдың тұқымы деп айтылады.