Page 52 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 52

ңа  ғана  көшіп  келіп   қонған  бір  ауылға  кез  келеді.  Ел  шетінде
             кездескен  адамнан:  «Бұл  ауыл  қай  ауыл?»—деп  сұрайды.  Сүйтсе,
             Дуан  басы  Ыбырайдың   ауылы  екен  дейді.  Не  болса  да  соның  өз
            үйіне  түсейін  деп,  көп  ауылдан  бөлектеу  тігілген  Ыбырайдың  үйі-
            не  бет  алады.  Тақала  бергенде,  Ыбырайдың  маң  төбеттері  Жапар-
             ды  ортаға  алады.  Иттің  үргенінен  Жапардың  астындағы  аты  үркіп,
             өзі  аттан  мұрттай   ұшады.  Одан  Ыбырайдың  пәуескесінде  байлау-
             лы  тұрған  аттары  үркіп  жұла  қашады.  Сонда  Ыбырай  бұл  өзі  кім,
             аттан  жығылып  өле  алмай  жүрген.  Ұрыңдар  өзін  деп  кісі  жібереді.
                Жапар   ақын  қоржынын   қарына  іліп,  атын  жетелеп  Ыбырайға
             тақалып  келіп  айтқаны  екен:

                              «Ажал   қайдан  болғанда   қатер-қауіп,
                              Дәулетіңе  жығылдым  есім  ауып.
                              Сен  лашын  болғанда,  мен  торғаймын,
                              Не  тоятың   қанады  маған  шауып?»—
             дейді.
                Ыбырай   райынан  қайтып  үйіне  түсіреді.  Сусын  беріп,  сол  күні
             үйіне   қондырады.  Әңгіме-дүкен   құрады.
                —  Жапарым,   енді  мені  жамандап  бір  ауыз  өлең  айтшы,—дейді.
                —  Айтайын   мырза,—  дейді  Жапар.
                Ыбырай   басы  үлкен,  мұрны  қолағаштай  өңсіз  адам  екен.  Және
             түбі  естек*  екен.  Сонда  Жапар  ақын  Ыбырайға   қарап  отырып:
                              «Жаман  демей  несі  бар  мұндар  естек?
                              Қолағаштай  мұрның  бар,  кеудең  төстек.
                              Дегеніңе  халықты  жүргізген  соң,
                               Мың-мыңдап  жылқы  айдадың өңшең  мәстек,"-
             деген  екен.
                Ертеңінде  Ыбырай  Жапардың    астына  ат  мінгізіп,  үстіне  шапан
             кигізіп,  шығартып  салған  екен.
                Әлгі  кісіге,  отырғандардың  бірі:  «Сіз  жақсы-жақсы  әңгімелер
             біледі  екенсіз.  Ал,  өзіңізден  осы  сияқты  өнер  табыла  ма?»—деді.
             «Е,  одан  да   қара  жаяу  емеспіз»,— деді  әлгі  кісі.
                                                                             - Ендеше біздің Соколов мырзаны мақтаңызшы,- деді. Сон-
             да  әлгі  кісі  отырып:

                               «Соколов   қылышыңнан   қаның  тамар,
                               Зәріңнен  көрген  жанның  есі  танар.
                               Ояз  бен  жандаралдың  сыйлағанын
                               Көргендер  осы  күні  аң-таң   қалар.
                               Болса  адам  арамдыққа   қия  басқан,
                               Жайың  бар  көретұғын  тез  аңғарар.
                               Бұл  маңда  сенен  асқан  жан  бар  десем,
                               Жанаспас  шындыққа  адам  нанар»,—
             деді.
                Соколов  қазақша  судай  білетін  еді.   Қарқылдап  күліп   қалтасы-
             нан  екі  сөлкебай**  күміс  алып,  әлгі  кісіге  тастай  берді.
                 *  Ақмола  маңындағы  ру  аты.
                **  Революцияға  дейін  болған  50  тиындық  күміс  ақшаны   қазақтар  сөлкебай
             деп  атаған.
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57