Page 51 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 51
гіп: Летинскийді өлтірем деуші Түсіпбектер емес деді. Летинский
танып далған екен, мені өлтірмекші болған осы деп Түсіпбекке
қадалып тұрып алды. Оған жұмысшылар қатты ызаланды. Қит
етсе, төбелес шығарғалы тұр. Жұмысшылардың түрінен сескеніп
барып, ақыры, Шолақ ояз ол төртеуін босатты.
Осыны естіген Ілияс ақын бір күні Қарағандыдан Спассқа кел-
ді. Сол келгенінде Ілияс даладан Түсіпбекке айғайлап өлеңдете,
тақпақтап сөйлей кіріп еді. Сондағы оның:
«Спасстың ыстық пешінде,
Кемелбайдың баласы,
Үшеуің бірден істедің
Қайратпен көріп күніңді,
Шығармай жоқтық үніңді,
Кездессең қанша жоқтыққа
Жалынып байдан ішпедің.
Барақта сақтап үйіңді,
Кетірмей дене күйіңді,
Тарлықта қанша жүрсең де,
Қажуды тіпті білмедің.
Ағылшынмен алысып,
Еңбегің үшін қарысып,
Бастығы заүат Қылқүртқа
Істеріңді істедің.
Орыстармен бірігіп
Күрделі іске кірігіп,
Жүмыс тастар кезеңде,
Басшы болып күштедің.
Жел сөзбен істеп қайратты,
Еткенмен байға айбатты,
Түсіпбек қүрбым, мен сендей
Күшпенен байға не істедім?—
деген сөзі бар еді.
— Шіркін Ілияс, жігіт-ақ еді-ау!
ІЛИЯСТІҢ ПРСТОПҚА АЙТҚАНЫ 17
Ұмытпасам, 1916 жылдың күзі ғой деймін. Спасс зауытының
атақты саудагер байы Сейітқамалдың Әубәкірінің үйінде бас қос-
қан үлкен бір жиын болды. Ол жиынға Соколов деген прстоп та
қатысты. Үсті-басы сап-сарала, көкпеңбек темір асынып жүрді.
Қандай қаһар! Ол кезде Спасстың болысы — Тәтидің Оспаны (еді).
Ол да бар. Елдің қасқа мен жайсаңдары жиналған.
Өткенде де адамның неше алуан жорғасы болған ғой. Бір адам
өткен-кеткен әңгімені қозғап отыр... Айдабол Жапар ақын дегенді
бірінші рет сол кісінің аузынан естідім.
Бір ретте Жапар ақын үстінде құба төбел ғана киімі бар, ар-
тында бөктеріншегі бар жалғыз өзі жолаушылап келе жатып, жа-