Page 50 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 50

Ақшалай  ақы  бер  дейік.
                                  Ұшырауда  аштыққа
                                  Үйімізді  көр  дейік.
                                  Тыңдамаса  сөзіміз
                                  Жұмысқа  біздер  келмейік.
                                  Ырзыққа  алла  міндетті
                                  Қорлыққа  бүйтіп  көнбейік.
                                  Ақыны   қолға  бермесе,
                                  Алдауында  жүрмейік.
                                  Күштесе  зорлап  жұмысқа,
                                   Қайла, күрек  сермейік.
                                  Бірлікке  шыдап  бағыңдар,
                                  Намысты   қолдан  бермейік.
             Шындығында    осы  өлеңнің  бізге  көп  әсері  тиді.  Жұмысшылар:
             «Дұрыс,  дұрыс  айтады  Ілияс»,  — десіп  жатыр.  Мұның  ақыл  екен!
             —  дестік.
                 Сол  жылы  көп  ұзамай  сәуір  айында  қожайын  сарайда  қымбат-
             тығынан   өтпей  жатқан  еттерін  жұмысшыларға  алатын  ақшасының
             орынына   үлестіріп  бермек  болды,  Жұмысшыларға    арзанға  алың-
             дар  деді.  Кейбіреулер  әуелде  алса  да,  қайыра  қожайынға  өткізбек
             болды.  Қожайын   алмады.  Жұмысшылар    алған  еттерін  қожайынның
             есігінің  алдына  үйіп  тастады.  Ет  іске  аспай   қалды.  Бірақ  сол  ет
             үшін  етті  әуелде  алып,   қайырып  тастаған  жұмысшылардан  да  ақ-
             ша   ұстады.
                Жұмысшылар      ашуланды-ай   келіп,  ашуланды-ай  келіп!  Содан
             бұған  шыдамаған    жұмысшылар    қожайынмен    жанжалдасты.   Сол
             жанжалды    жасар  алдында   жұмысшылар    ақшаны   көбейтуді,  жұ-
             мыс  киімін  тегін  беруді,  жалақыны  ақшалай  беруді  талап  етуге
             келісті.  Оны  орындағанша   жұмысқа   шықпаймыз    десті.  Үш  күн
             бойы  жұмысқа   шықпадық.   Ақыры   қожайын   жұмысшылардың      ті-
             легін  орындады.  Осы  жанжал  басылған  соң  бірер  айдан  кейін  қо-
             жайындарымыз    қайыра   бұрынғы  әніне  басты.
                 Ағылшын   мырзалардың   Летинский  деген  итаршысы  болды.  Оны
             біздер  «Қылқұрт»  дейтін  едік.  Сол  иттің  ызасы  көп  өтті.  Жұмыс-
             шылардың    ақшасын   қысқартты.  Әр   нәрсені  сылтау  етіп,  штраф
             көп  салды.  Жұмысшыларды    таяқтады,  көрсетпегені  болмады.  Сол
             Қылкұрт   мыс  заводынан  аулақта  тұратын  ағылшын  (байларының)
             Жұмабек   төреден  сатып  алған  ағаш  үйінде  тұрды.
                 1912  жылдың  жазы   еді.  Сол   Қылқұртты  Түсіпбек   бастаған
             Абдрахман  Қоқышев,  Қартабаев    Ысқақ,  Аралбай  Шекшеков   деген
             жұмысшылар    завод  пен  тұрған  үйінің  арасында,  Көкөзектің  тұсын-
             да  тосып  тұрып  өлтірмек  болды.  Аңдып  отырып,  ұстап  алды.  Сайға
             апарып   өлтірейін  деп  жатқан  жерінде  арттарынан  пар-пар  атты
             солқылдақ   пәуескемен  бірнеше  төрелер  жетіп  келеді.  Сөйтіп  со-
             лар  ғана   құтқарып  алады*.  Түсіпбектер   қашып  кетеді.  Ол  кезде
             Тәтидің  Оспаны  болыс  еді,  Сол  Оспан  болыстың  жәрдемімен  Ақ-
             моладан  келген  Шолақ  ояз  Түсіпбектерді   ұстатып  алды  да,  оны
             жазаламақшы    болды.  Бірақ  заводтағы  барлық  жұмысшылар   бірі-
                 *  Басқа  айтушылар  Сарысудағы  ағылшын  байларының  байыту  фабрикасы-
             нан  жүк  тартып  келе  жатқан  кірешілер   құтқарып  алды  деп  те  айтады.
   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55