Page 49 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 49
кеншінің сүйегін көпшілік алдында отқа өртемекші болды. Мұны
көрген поселка халқы қатты ызаланды. Топталған адамдар руд-
ник қожайындарының тұрған жеріне қарай беттеді. Мұнда оларға
пристав Соколов қарсы шықты. Ол қылышын жалаңдатып, жинал-
ған халықты қуа бастады. Ақырында бұл іс мынамен тынды: ағыл-
шын Мансфелдің бұйрығы бойынша пристав Бекова Тәкіжан де-
ген қ азақ әйелінің қолын қылышпен шауып тастады. Сонан кейін
бұл әйелді бүлік шығарды деген сылтаумен Ақмола түрмесіне
айдап жіберді,
Мұндай шектен шыққан зұлымдыққа жұмысшылар төзе алма-
ды. Олар үш күндей жұмысқа шықпай, мыс қорытатын пешті тоқ-
татып тастады. Парфенов, Қозыбаев сияқты жұмысшылар ереуіл
бастап, ағылшындарға қатты наразылық білдірді. Ашынған халық-
тың ұйымдасқан ереуілінен қорыққан ағылшындар Бекова Тәкі-
жанды тұтқыннан босатып, Ақмоладан Спасс заводына жеткізіп
салды. Арсыз ағылшындар осындай неше түрлі айуандық істер іс-
теді...
ІЛИЯС АЙТҚАН ЕКІ ӨЛЕҢ 1 6
— Шырағым, мен 1882 жылы Қарағанды болысы Спасскіде
тудым. Әкеміз кедей болды. Сондықтан жұмысқа ертерек түстік.
Мен 1900 жылдан бастап мыс қорытатын заводта засипчик (пеш-
те жанып жатқан көмірдің үстіне үгітілген мыс рудасы көктасты
салып тұрушы) болып істедім.
Засипчиктік жұмысы өте ауыр еді. Лапылдап жанып жатқан от-
тың қасында тұрған адамның үстіндегі киімі жанып кететін-ді.
Қожайындар спецодеждалар бермейтін. Аяғымызға жасап алған
шәркеміздің табаны 24 сағаттан артыққа бармай жанып кететін.
Білегімізге киізден жең киіп алатынбыз. Ол дағы екі-үш күнге шы-
дамай жанып кетуші еді. Ондай заттарды сатып алайық десек, қо-
жайындар ақша бермей, талон ғана беретін. Ол талон қожайын-
ның жақтастары — байлардың дүкенінен басқа жерге өтпейді. Ал,
дүкенші байлар үнемі өтпей тұрған тауары мен тас ұн (сияқты)
сапасы нашар тамақтық заттар босататын. Жұмысшылар бір рет-
те қиналдық. Ашықтық. Сол уақытта осы жағдайды көзімен көр-
ген өзімізбен рулас, туысымыз Түсіпбек ағайдың құрбысы Ілияс
бір күні, (ұмытпасам науырыз айының іші) 1919 жылы, осы жағ-
дайға байланысты жеркепеде әңгіме-дүкен құрып отырған біздер-
ге былай дегені әлі есімде:
«Кедейлер барлық бірігіп,
Шығайық күсті білекпен.
Ағылшынға барайық
Мынадай біздер тілекпен:
Ақша үшін зат алмаймыз,
4 - 1 3 8 49