Page 48 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 48

қаны  бетімді  жуып  кетті.  Ол-ол  ма,  сен  қайла  ұрладың  деп,  5—6
                 күн   қандалаға  отырғызып   қойды.  Сөйтіп,  тек  бір  істеген  жұмыс-
                 шылардың   ашулы  тегеурініне  шыдамай  мені   қандаладан  зорға  де-
                 генде  босатты.  Содан  былай  шахтадан  шыққан    жұмысшыларды
                 тінтіп,  тексеріп  өткізетін  болды.
                    Ал,  жатар  орның  жер  барақ,  кір,  лас,  күннің  көзі  түспейді.  Кү-
                 нің  де,  түнің  де—түн.  Күндізгі  өмірің  ұзақ  күнге  жер  астында  өтсе,
                 түнгі  өмірің  қара  түнек,  білте  жарығымен  күнелткен  жер  барақта
                 өтеді.  Тапқан  табысың  тамағыңа  да  жетпейді.






                           АҒЫЛШЫН    КАПИТАЛИСТЕРІНІҢ АЙУАНДЫҒЫ15
                    Ол  кезде  мен  буыным  бекіп,  бұғанам   қатпаған  жас  едім.  Тар
                 заман  мені  де  мейрімсіз  улы  тырнағына  ілді.  Жас  та  болсам  бір
                 тілім  нан  үшін  жұмыс  істеуге  мәжбүр  болдым.  Ана  сүті  аузыннан
                 кетпеген  жассың  ғой,  жүмыс  істеуге  (әлі)  ерте  деген  ағылшын  жоқ.
                 Мені  Спасскі  заводындағы   қара  пештің  шлагын  таситын  тәшкеші
                 етіп  жұмысқа  қойды.  Бұл  жұмыс  мен  сияқты  бала  емес,  тепсе  те-
                 мір  үзетін  әлуетті  жігіттерге  де  қиын  еді.
                    Күніне  12  сағат  бойы  тәшке  тартам.  Шлакты  апарып  төгетін
                 жер   қара  пештен  30  метрдей.  Жұмыстан  діңкең   құрып  шығып,
                 үйге  әрең  жететін  едім.  Ол  кезде  үй  дейтін  үй  бар  ма,  жерден  қа-
                 зылған  үйшік  болатын.
                    Ағылшындар    жұмысшылардың     еңбегін  сүліктей  сорды.  12  са-
                 ғат  титықтап  еңбек  еткенде  ішсек  асқа,  кисек  киімге  жарымайтын
                 едік.  Ағылшын  заводында  бірнеше  жыл  істегенде   ұшы-қиыры  жоқ
                 бересіден  арылғаным  жоқ.
                    Әлі  есімде.  Ақырған  ақпан  айының  іші  еді.  Бір  күні  жұмыста
                 жүргенімде  алай-түлей  боран  соқты  да  кетті.  Боранның  қаттылы-
                ғы  сондай,  тіпті  аяқ  астын  жөнді  көре  алмайсын.  Дүлей  табиғат-
                 қа  не  шара.  Тәшке  тартуға  болмайды,  қара  пештен  дамылсыз  шық-
                 қан  шлак  үйіліп  қалды.
                    Тап  осы  кезде  завод   қожасы  ағылшын  Оравсон  дегеннің  сап
                ете  түскені  бар  емес  пе?   Қорыққанымнан  шлак  толы  тәшкенің  тұт-
                қасын  ұстап,  көтере  бердім.  Жуан  жұдырық  оң  жақ  шекемнен  сарт
                 ете  түсті.   Құлап   қалыппын.  Есімді  жиып,  көзімді  ашсам,  жұмыс-
                 шылар  мені   қоршап  тұр  екен.  Олардың  мені  аяған,  ағылшынға
                 қ аһар  төккен  дауыстары  естіледі.
                    Жұмысшылардың     арасында   аштық   пен   қайыршылық  шыңына
                 жетіп  өлгендердің  саны  тіпті  көп  болды.  Талай  жұмысшылар  аш-
                тық  азабын  көріп  өлді.  Жұмысшылардың    арасындағы   наразылық
                 пен  ызалы  ашу  күшейе  бастады.  Ағылшындар  кінәні  өздеріне  жу-
                 ытпау  үшін,  өлген  жұмысшыларды  аштық  пен  ауыр  еңбек  жағдай-
                 ынан  емес,  қайдағы  бір  қатерлі  аурудан  өлді  деп  жар  салды.  Олар
                 өздерінің  бұл  сайқалдығымен  журтты  иландыру   үшін,  өлген  бір
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53