Page 47 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 47

адам  өзінің  көңілсіз  лашығында  айдан  артық  жатты,  содан  сон
      ғана  жұмысқа  шығуға  шамасы    келді.  Амалы   қанша   сорлының
      тағы  да  оны  аштық  айдап  забойға  түсірді...
         Барлық  жұмысшылардың     соңынан    үздіксіз  бақылау    жүргі-
      зілетін.  Бас  есепші  Запевал  деген  есепшілікпен   қоса  тыңшылық
      жұмысты   да  жүргізді.  Ол  кімнің  не  істеп  жатқанын  бақылап,  не
      айтып  жатқанын   тыңдап,  тыным  таппай  жүгіретін   де   жүретін,
      егерде  біреу-міреудің  бастықтарға   қарсы   ұнамсыз  сөздер  айтып
      жатқаны   құлағына   шалынса-ақ   қожайындарға    жеткізеді...  Ол
      адамға  жазалаушы   күттірмей-ақ  жетіп  келетін.
         Немков   «көңілін  көтеруден  де»   қашпайтын:  кейде  ол  лавкаға
      барады,  оның  қорқаулығын  біле  қоймаған,  жұмысқа  жаңа  түскен-
      дер  көзіне  түсе  қалса-ақ  ол  оларды  лавкаға  шақырады.   Оның
      әмірімен  шақырылған   жас  жұмысшыларға    көйлек,  пальтолар  көр-
      сетіледі.  «Көңіліне  не  ұнаса  соны  алуыңа  болады»  деп  өзі  тұрып
      ұялмай  таңдап  алуға  үгіттейді.
         Ол  бақытсыздар   қуанады,  бар  тәуірін  таңдап  алып  киінеді  де,
      шексіз  алғысын  айтып  кетуге  ыңғайланады.  Немков   өңеші  жыр-
      тылғанша   қарқылдап  күліп,  әлгі  «игілік  көрсетіп,  жақсылық  жа-
      саған»  адамын   қамшының   астына  алады.






                                             1
                                 ЕРДІҢ  СЫРЫ *
         1914  жылдың,  жаңылмасам,    ғинуар  кезі  болу   керек,  біраз-
      үй  көшіп,  осы  күнгі  12  шахтаның  бастығы  Егеубаев  Оспанның  бас-
      тауымен   Құмдыкөл   зауытынан   Қарағандыға   келдік.  Анда-санда
      бір  жерде  қалқиған  4—5  үй  бар,  Герберт,  Джим  (Қызыл  шахта)
      деген  2—3  шахталары   бар.  Гудок  берсе,  бүлардың  пысылдап  үні
      шықпайды,   будақтаса   тұрбасынан  түтіні  шықпайды,     шақырым
      ұзасаң  қарасыны  көрінбейді.  Не  болмаса  мәз  болып  масайраған,
      шат  көңілді  адамы  көрінбейді.  Я  үйден,  я  шахтадан  екенін  біл-
      мейсің,  тышқан  сияқты,  іннен  жорғалап  шығып  келе  жатқан  адам-
      дарды  көресін.  Міне   Қарағандының  сол  кездегі  көлемі,  күші,   құ-
      рылысы   осы  еді.
          Осы  күнгі  №  1  шахтаның  орнында  сол  кезде  қазақтар  «Қызыл
      шахта»  деп  атайтын  шахта  болды.  Соған  келіп  жұмысқа   түстік.
      Еңбекке  мойын  ұсынған  кісіге  жұмыстың  ауырлығы  сөз  болып  па?
      Нелер   қиыншылыққа    шыдадық.   Бірақ   тұрмыстың    жамандығы,
      жоқшылық,    әсіресе,  адамның  адамға  аюандық    қатынасы — міне
      бұл  денеге  басылған  таңба  болды...
         Әлі  есімде.  Біз  істеп  жүрген  шахтада  қара  Иван  деген  десятник
      болды.   Бір  күні  шахта   астынан   шығып    келе  жатып   Оспан
      маған:  «Мына  қайланы   ала  шық,»—деп  қолыма   ұстатты.  Әлгі  қа-
       ра  Иван  ауызда  тұр  екен,   қайлаға  көзі  түсіп  кетті  де,  колымнан
      жұлып   алып,  дәл  төбеме   қайламен  бір  салды.  Жарылған  бастың
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52