Page 46 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 46

тал  адам  еді.  Ол   қылдан  тайған  шахтерлерге  ауыр  азап  көрсетіп,
            қиянат  жасайтын.
                Бір  күні  забойшы  Дүйсен  Нүранов  Гербертке  мынандай  арыз
             айтты:
                —  Мырза,  осы  сіздің  бізден  жүмыс  киім  және   құрал-сайман
            үшін  ақша   ұстайтын  себебіңіз  не!  Шынында,  бұлар  сіздің  есебі-
            ңізден  болуы  керек  емес  пе?   Ұшы-қиыры  жоқ  әділетсіздіктеріңді
            қашанғы   көтере  береміз?
                Нұрановтың   осыны  айтуы-ақ  мұң  екен,  Герберт  ертеңінде  оны
            жұмыстан   шығарып   жіберді.  Онымен  де  тынған  жоқ,   қыс  ішінде
            ақ  қар  көк  мұзда  шахтердің  үй  іші  адамдарын  жер   барақтан
            шығарып   тастады.  Бірақ  ағылшынның   бүл   жауыздығына     орыс,
            қ азақ  шахтерлері  наразылық  білдіріп,  бас  көтерді.  Көптеген  жұ-
            мысшылар    Герберттің  үйін  қамап,  онан  бала-шағасымен  көшеге
            шығарылып    тасталған  кеншіні  жұмысқа   қайта  алуды  және  үйге
            енгізуді  талап  етті,  Осыдан  именген  ағылшын  Нұрановты  жұмысқа
            қайта  алуға  мәжбүр  болды.  Бірақ  кейіннен  оған   қылдан  тайса
            айып  салып,  аса  ауыртпалық  тұрмысқа  душар  етті.  Осындай  қы-
            сымға  төзе  алмаған  Дүйсен,  ақыры,  денсаулығын  жойып,  жұмыс-
            тан  шығып  қалды...






                                  НЕМКОВТЫҢ    ЖАУЫЗДЫҒЫ    1 3
                Забой  іші  тұнып  түрған  қою  шаң  болатын.  Дем  алудың  өзі  қи-
            ын.  12  ден  14  сағатқа  созылған  жұмыс  үстінде  тіреусіз  забойдың
            төбесінен  шытынап  [жарыла  төніп]  тұрған  көмір  породасының  ас-
            тында   қалып   қояр  ма  екеміз  деп  үнемі   қауіптеніп  жүресін.  Оның
            үстіне  соңымыздан  жүрген  бақылаушылардың     бізге  ақырған  дау-
            ысы  да  ауаны  жаңғырықтырады.    Олар  және  шын   болсын,  өтірік
            болсын  аз  кінәлі  болдың  деп  есептесе-ақ  шалажансар  болғаныңша
            сабайды.  Николай  Немков   деген  бақылаушы  болды.  Оның  қолын-
            да  үнемі  қорғасыннан  өзек  салып  өгіздің  жон  терісінен  өргізген  бі-
            леуіт  қамшысы  болады.  Забойға  түсті-ак  сол  «құралын»   қолдана-
            ды.  Бір  күні  жұмыс  аяқталған  кез  еді.  Өнбойымыздан  тер   құйы-
            лып  шаршаған   біздер  аздап  отырып  дем  алдық.  Бір  уақытта  көк-
            тен  түскендей  Немков  шыға  келсін.  Ол:
               —   Немене,  бітіріп  тастап  отырсыңдар  ма?..  Бәріңді   қуайын
                               !
            ба,  осы,  жүмыстан ?— деп  арғы-бергімізден  сыпыра  боқтай  келді.
               —   Бақылаушы   мырза!—деді    сол  жерде  шанашы     Мүстафин
            дейтін  жолдасымыз   жасқана   сөйлеп,  —  қайдан  біз  жалқ ау  бо-
            ламыз?  Үнемі  алақанымыз   үлдірегенше  жұмыс   істейміз.  Сау  жер
            болмайды.   Сол-ақ  екен,  неге  екені  белгісіз,  Немков  бұрынғыдан
            бетер   қаһарлана  түсті.  Бар  күшімен  әлгі  жұмысшыны   қолындағы
            дойырымен   сабай  бастады.  Жазалау   қолындағы  бұзау  тіс  дойыр
            қамшының    сабы  сынғанда  ғана  аяқталды.  Соққыға    жығылған
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51