Page 45 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 45

АҚ  ТАЛОН 11
           «Берерменге  бесеу  көп»  дегендейін  ағылшын  капиталистері  шах-
       терлердің   қиын-қыстау  тар  кезеңде  жаны   қиналып  жүріп  тапқан
       аз  тиынын  «тамағың»  деп  бір   ұстаса,  «жұмыс  киімің»,  «шахта
       астында  пайдаланған   құрал-сайманың»  үшін  деп  екі   ұстайды.   Қит
       етсе  штраф  салады.  Ол  ақшаларды  бай  өз  қалтасына  салады.  Көп
       жағдайларда   подрядчиктер  жүмысшыларға     ақшаның    орнына  та-
       лон  береді.  Оны  біздер  «ақ  талон»  дейтінбіз.






                                    ОЛ  КЕЗДЕ 1 2
          Мен   1907  жылы  ауылдан  бірсыпыра   қ азақ  кедейлерімен  бірге
       Қарағандыға   келіп,  ағылшынның   «Қарауыз»  делінетін  шахтасына
       жұмысқа   түстім.  Асылында  ол  шахта  емес,  бір  тар   қапас  еді.
          Жер   астында  забойшы   болып  істейтінмін.  Ол  кезде  забойшы-
       лық  адам  жанын  қинайтын  ең  ауыр,  ең  қиын  жұмыс  еді.  Ағыл-
       шынның   шахтасымақтарында    машина   атымен   де   болмайтын,  ең
       болмаса  көмір  дәрі  күшімен  де  құлатылмайтын.
          Ағылшын    шахтасы   техникасыз,  жөн-жосықсыз   қазылған   қуыс
       қана  болғандықтан,  оның  лавалары  жиі   құлайтын,  адамның   за-
       валда  қалып  өлуі  көп  кездесетін.  Оның  үстіне  жер  астының  ауасы
       мейлінше   жаман  болатын.  Газды  ауада  тұншығып,   демігіп,  әлсі-
       реп  отыратынбыз.   Шахтерлер   ауыр  жағдайға  төзе  алмай,  лезде
       жарымжан,    мүгедек  болып   қатардан  шығып   қалатын.
           Қайламыз  шақылдап   көмірге  батпаған  соң,  забойдың  жігін  бо-
       сату  үшін,  оған  темір  қазық  қағатынбыз.  Бұл  да  барып  тұрған
       азап  еді-ау!  Өйткені,  қара  тасқа  қолмен  қазық  қағу  адамды  әбден
       әлсірететін.  Күн  сайын  14  сағат  бойына  осындай  азаппен  көмір  өн-
       діретінбіз.  Біздің  өндірген  көмірімізді  шанашылар  ағаштан  жа-
       салған  ауыр  шанаға  салып  алып,  штрекке   қарай  сүйреп  әкетіп
       жатады.  Жұққан   көмір  тозаңынан  тісі  ғана  ақсиып  көрініп,   қара
       терге  түсіп,  ауыр  жүкті  еңбектеп  тартып  келе  жатқан  адамды
       көргенде,  жүйке  тамырымыз   шымырлайтын.
          Күн  сайыи  14—15   сағат  жұмыс  істеп,  жан  түршігерлік  бейнет-
       пен  тапқан  20—30  тиын,  күндік  жалақымыз  тамағымызға  да  жет-
       пейтін;  жетпейтіні  былай  тұрсын,  көбінесе  капиталистерге  борыш-
       ты  болып  отыратынбыз.  Өйткені,  азық-түлікті  ағылшын  дүкенінен
       алатынбыз,  оның  ақшасын   жалақыдан   ұстап   қалып  отыратын  да,
       ағылшыннан    ақша  алу  орнына  оған  бересілі  болып  шыға  келетін-
       біз.
          Ол  заманда  шахтерлерде  үй  дейтін  үй  болған  жоқ.  30—40  жұ-
       мысшы  ұзыннан  ұзақ  жерден  қазылып  салынған  қараңғы,  лас,  ыл-
       ғалды  жер  барақта  тұратын.  Зарлаған  аурулардың,  жылаған   ба-
       лалардың,  налыған  аналардың   дауысы  адам  жанын  түршіктіретін.
          Шахта   иесі,  ағылшын  Джим  Герберт  мейлінше  жексұрын,   қа-
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50