Page 44 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 44

ай  келіп!   Қолындағы   қылышын   қынабынан  суырып  алды.   Олай
           бір,  бұлай  бір  жаландатып  бізді  аттың  бауырына  ала  бастады.
           Қылыштан    қорықпайтын   адам  бар  ма?  Ығысып   жұп  жазбастақ
           үйге   қарай   қайттық...
               Әбілдің  үй  ішінде  әлі  де  жылау-сықтау.  Әйелінің  дауысы  да
           дауыс-ақ  еді!  Адамның  сай-сүйегін  сырқыратар  неше  түрлі  сөзбен
           күйеуін  жоқтап  отыр...  Хорбатель  мен  Текекөз  кісінің  айқайлап
           жылаған   дауысын  үнемі  жек  көретін  еді.  Үнемі  олай  айқайлап  жы-
           лауға  тиым  салатын.  Бұл  жолы  да  Әбілдің  үйіне  урядник  Кудряні
           жіберсін.  Ол  келе  салып  «тараңдар!»—деп  жиналғандарға,  «үнін-
           ді  өшір»— деп  Әбілдің  әйеліне  ақырды.  Сол  кезде  Торғаев  Ысқақ
           деген  досымыз  болатын  еді.  Сол  артынан  баспалап  келіп  урядник-
           ті  қылыш  ұстаған  қарынан  сойылмен  беріп  жіберді.  Қылыш  қолы-
           нан  ұшып  түсті.  Өзін  жиналғандар  шап  беріп  ұстап  алып,  ал,  сой,
           ал,  сой!  Тепкінің  астына  алып-алып,  умаждап  далаға  тастадық.  Ол
           күні  жұмысшылар   жұмысқа   шықпай  қойсын.  Қазақтарды  орыс  жұ-
           мысшылары    да  қолдасын.  Екеуі  бірігіп  кетті.  Хорбатель  Спасс  за-
           уытында   тұратын  пристав  Соколовқа   кісі  шаптырды.   Ол  кезде
           Спасс   зауытындағы  жұмысшылар    да  жұмысқа  шықпай,  қожайын
           Манс  Фелльге   қарсылық  білдіріп  жатыр  екен.  Өйткені  аштықтан
           өлген  жұмысшыларды:    «Бұл  кесепатты  аурумен  өлген»— деп  өрте-
           мек  болады,  қожайын...  Соколов  (Қарағандыға)  келе  алмады.  Бі-
           рақ,  жұмысшылар   ертеңінде  жұмысқа  шықты.  Жұмысқа    шықпаса,
           аштан  өлмек.  Кейін  Соколов  келіп  еді,  оның  өзі  де  жұмысшыларға
           ештеңе  істей  алмады.
              —   Қайда,  «Көп   қорқытады,  терең  батырады»  деген  емес  пе?!
           Жұмысшылар     одақтасып   кеткенде,   қожайындарды   бұқтырып-ақ
           тастайтын.





                                ШЕРНИЯЗДЫҢ     ЗОРЛЫҒЫ  1 0

               1914  жыл  еді.  Ағылшын  капиталистерінің  қолшоқпары  подряд-
           чик  Шернияз  деген  байдың  бір  ауру  бұзауы  Ахмет  деген  жұмыс-
           шының   үйінің  алдына  келіп  өліп  қалды.  Шернияз  бай  ағылшынға
           барып:  «Бұзауымды  Ахмет  ұрып  өлтірді»—деп  жалған  шағым  арыз
           берді.  Осының  ертеңінде  шахта  иесі  ағылшын  (байы)  жаңағы  Ах-
           мет  деген  жұмысшының    бұзаулы   сиырын  Шерниязға    қолма-қол
           тартып  әпергендігін  көзбен  көрдік.  Ал,  болысқа,  приставқа  арыз
           беріп  көріп  еді,  оны   құлағына  да  қыстырмады.  Ахметтің  бала-ша-
           ғасын  шулатып  тартып  алған  сиырды  сол  Шернияз  сол   қалпында-
           ақ  пайдаланып  кетті...
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49