Page 43 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 43
«Баласы Қойтасбайдың Адамқайыр,
Тілеуқор пікіріміз саған зайыр,
Бұқтырып Текекөзді бір бүктедің
Айтылды Шерниязға сөзің шайыр».
Бірақ кектесіп қалған Текекөз көп уақытқа дейін Адамқайыр-
дың көзін жоюға тырысты. Ақырында, 1916 жылғы июнь жарлығы
шыққан соң солдатқа алынатынын білген Адамқайыр бір түнде
Екібастұзға кетіп қалды.
ӨЛІМ ҮСТІНДЕ 9
1913 жылдан 1916 жылға дейін Қарағандыны ағылшын капи-
талистері пайдаланып тұрған кезде жер астында шанашы болып
істедім. Шанашы дегеніміз забойшылардың өндірген тас көмірін
ағаш шанаға тиеп алып, жер бауырлай тарта отырып, штрекке
жеткізетін «мамандық». Әр күн сайын 14—15 сағат бойына осы
азаппен жаншылып жұмыс істейміз. Сонда ағылшын капиталисі-
нен күндік жалақыға алатынымыз 20 тиын ғана. Мұның өзі тама-
ғымызға да жетпейді.
Ағылшын капиталистері шахтерлерді аяусыз қанаумен бірге,
оларды жәбірлеп, тұншықтырып отыратын. Ол сұмдардың озбыр-
лығын, жергілікті халыққа көрсеткен зәбірін айқындайтын екі оқи-
ға әлі есімде.
Менімен бірге жер астында шанамен көмір тартып жұмыс істей-
тін Әбіл дейтін жолдасым бір күні қатты ауырып, жұмысқа шыға
алмай қалды. Ашуланған шахта қожайыны, оған көмек көрсету
орнына, тіпті мүрдем кетсе де (шахта ішіне) дереу жеткіз деген
бұйрық берді. Ол мұны істеді де. Қатты ауырып есінен тануға ай-
налған адамды күшпен жер астына әкеліп, шанаға жегіп көмір
тасытқанын көрген әрбір жұмысшының көзіне жас келді. Түні бо-
йы жер астында тынысы тарылып, ауыр азап көрген Әбілді таң ер-
тең зорға алып шықтық. Көп кешікпей қадірлі жолдасымыз қай-
тыс болды. Ол кезде көп жұмысшылардың тағдыры осылай бітетін
еді...
Айта берсең, мұндай оқиға толып жатыр. Сол бір азаппен өт-
кізген жастық шақтағы көрген адамдардың бейнесі мен сөйлеген
сөздері мәңгі есте қалған. Жеркепенің бір бұрышында арыстай боп
Әбіл жатыр. Оның аянышты өліміне жыламаған адам жоқ. Ерте-
мен тұрып қабыр қазуға зиратқа кеттік. Қазылған қабырға Әбілді
жерлерде қабырына топырақ салуға оның көз көрген жолдастары-
ның бәрі келді. Әбіл жерленетін күні жұмысшылар жұмыстан ке-
шігіп қалды. Бұған қожайын шат-шәлекей болып ашулансын-ай
келіп, ашулансын-ай! Қабыр қасындағы жиналған халыққа Қудря
деген уряднигін ертіп Текекөз бен Шернияз келді. Бізбен сөзге де
келместен урядник боқтай берсін, боқтай берсін. Дігірікті ойнатты-