Page 42 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 42
ТЕКЕКӨЗДІ ТЕПКІЛЕУ 8
Қожайын Хорбательдің оң көзі Текекөз деген ағылшын байы
болды. Қыс болса шанаға, жаз болса солқылдақ пәуескеге қос тең-
біл көк арғымақ жегіп жүретін еді. Жыландай ысқырған жауыз
адам болды. Жұмыс істеп жатқан жеріңе келе қалса, оның тілі-
нен таяғы бұрын жүретін. Ақшаны кем есептейтін. Бір ретте айдың
аяғында ақша алуға барған жұмысшыларға Текекөз ақшаның ор-
нына ақ талон беріп қоя берсін. Және ақшаның өзін кем есептеген.
Жұмысшылар үйді-үйіне қайтысты. Бәрі де (ақшаны кем алған-
дықтарына) ызалы, ашулы...
Мен бар, кәзіргі Ескі қалада тұратын Егізгелдин Әбдрейім,
Ермағамбетов Ысқақ, Орынбаев Байтікен, Калинин атындағы шах-
тада істейтін Қойтасбаев Адамқайыр және Мұстафа дейтін жұмыс-
шы бар — бәріміз бірге келе жатыр едік. Артымыздан қос теңбіл-
мен орғытып Текекөз де шыға келді. Оны көрген Мұстафа дейтін
жігіттің: «Бір күн өліппін, бір күн туыппын... Азар болса Сібір ай-
датар»,— деген зілді үні естілді.
Текекөз үстімізден өте бергенде, аттың делбесіне Мұстафа жар-
масып қалды да, аттың басын бір жағына қарай шұғыл бұрып жі-
берді. Арба аударылып кеп түсті. Текекөз де ұшып кетті. Ол шап-
шаң қалтасынан бір нәрсені суырып алды. Қолын көтере берген
Текекөзге мына жақта дайын тұрған Адамқайыр жармасып-ақ
қалды. Адамқайыр жас кезінде-ақ еңгезердей биік, шүйделі, әлу-
етті жігіт еді. Текекөзді ұстаған бетте-ақ жерге тулақша соқты.
Сол кезде Текекөздің қолындағысы гүрс ете қалды. Пистолет екен.
Ал, сой, ал, сой! Біреудің аяғы, біреудің қолы тиіп жатыр. Те-
кекөз ессіз, түссіз қалды... Сол кезде Шернияз дейтін бай ке-
ліп қалып, сол айырып алды. Болмаса тірі қалуы да неғайбіл еді...
Ертеңінде сол төбелеске қатысқан күллі жұмысшыларды
Шернияз айтып берді. Хорбатель прстопты* шақыртты. Ол
Спастан Успенге кеткен екен дейді. Уряднигі келді. Оның
шақыртқанына жұмысшылар бармады. Бір шақыртты — бармады,
екі шақыртты—бармады. Бірақ Текекөз бен Шернияз да Мұста-
фа мен Адамқайырдың соңынан қалмады. «Отырса—опақ, тұр-
са — сопақ» дегендейін істеген жұмыстарын жаратпады. Бірақ
беті қайтып қалғандық па, Мұстафа мен Адамқайырға кездесіп
қалса, Текекөз сырт айналып жүріп кететін болды... Бір күні көмір
үйінділерінің арасында Шернияз Адамқайырмен кездесіп қалады.
— Осы, Шернияз, сенің әкеңді өлтірген мен бе? Қарағандыға
келіп, Шернияз бай атандың, бар атандың. Зұлым атандың... осы
менен не тілейсің, соны айтшы!—дейді ғой Адамқайыр. Шернияз
кіретін есік, тығылатын тесік таба алмайды. Жаман сасады... Ақы-
ры Мұстафаға да, Адамқайырға да ештеңе істей алмады... Нілде-
кештің Әрібі ме, Ілияс па есімде жоқ, сол екеуінің бірінің айтқан
сөзі бар еді:
* Приставты Асайынов «прстоп» дейді. Айтылу қалпы сақталды.