Page 41 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 41
кісі: «Не аңтарылыс бар, бұтаға қорғалаған торғайдай болып кел-
ді, бұта құрлы жоқпыз ба? Паналатамыз»—деді. Ол кісінің сөзін
күллі жұмысшылар қолдады. Сары атты бір қуысқа, Бақтыбаланы
әлгі Бәйділдә дейтін жолдасымның әкесі Қомшабай деген кісінің
үйіне тығып тастады.
Артынан қорадан шыққан ат ізімен індете қуғыншылар да кел-
ді. Ішінде Шынекең, Әубәкір, Кенжебектер бар. Бұл кезде мен
жұмысқа түсіп кеткен едім. Қыздың көңіл қосқан адамдары осы
болар деген күдікті жастарды жер астынан қыр үстіне шақыртып
алып жатыр. Мені де шақыртып алды. Олай сұрады, бұлай сұрады
ешкім айтпады.
Қуғыншылардың ішінде Шыныбек деген кісі жұмыскерлерге:
— Қашқын қыздың ізі осы ауылға келіп тірелді. Бұдан әрі ас-
қан жоқ. Сендер жасырып отырсыңдар. Бірақ та бұл ағайын ара-
сына алалық туғызу. Қареке, Мұрат пен Сармантайдың арасына
шоқ тастау болады, — деді. Ол кісі де бір қадірлі кісі еді. Ол сөз-
дің шындығы да бар...
Қуғыншылар Бобровский деген урядникке арыз берді. Қыз
соңынан қуа келген қуғыншылар кетісімен сол күні кешкілікте
жұмысшылар «сход» жасады. Сходқа орыс жұмысшылары да қа-
тысты. Сол сходта: «Бақтыбаланы қайтарып бермейміз, неде бол-
са, көреміз және жоғарғы жерге жазамыз!» — деп уәде жасасты.
Ертеңінде-ақ Шыныбек пен Төкен қажының арызы бойынша уряд-
ник Бобровский келді. Қыздың келгендігін жасырмадық, айттық.
Қыздан жауап сұрағанда:
— Мен тоғыз жасар балаға күйеуге шықпаймын. Ол үшін мені
атса да, дарға асса да ризамын. Сондықтан да қашып кеттім. Бірақ
әкеме барсам, әкем қайыра ұстап берер еді. Паналайтын жерім
болмаған соң осында келдім. Ал, бұл Қарағандыда менің көңіл
қосқан жігітім жоқ. Ешкімді танымаймын да, — деді.
Урядник қыз алатын күйеуді, Мекебайды, шақыртты. Мекебай-
ды көрсе, шындығында жап-жас бала. Мойнында асып алған оқ
шантайы бар. Ішін ашып көрсе — толған асық.
— Қатының бар ма?—деп сұрайды урядник одан.
Онда ол:
— Жоқ , —дейді.
— Қашан аласың?— деп сұраса:
— Қашан талысымды кеней мен сақаға толтырам, сонда әйел
аламын,— дейді. Урядник түсінбей: «Талысың не?»,— деп сұрайды
одан.
— Талыс—талыс. Әкемнің талысы..,— дейді ол.
Баласының жастығына қажының өз көзі де жетіп отыр. Ол кісі
де ақылсыз адам емес. Жаратылысында кісілігі мол адам болған.
Жұрт алдында не дерін білмеді.
Урядник: «Бұл істі жоғары жерден сұратамыз. Мен өзім де ше-
ше алмаймын»,— деді.
Содан бір жылдан кейін іш жақтан Бақтыбалаға бостандық
кағаз келді. Қағаз келген соң ғана екеуміз қосылдық-ау.