Page 40 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 40
нан келгені бір-екі ауыз өлең шығарып, бір жолдасым арқылы
Бақтыбалаға бергіздім.
«Хатыңды алып едім, Бактыбала,
Бір алла өзіңізге болсын пана
Өмірде сертін бүзбас Шәйітіңді
Өзіңмен өле-өлгенше бірге сана».
Аяғын ұмытып та қалыппын ғой... Құдалар жүріп кетті. Бақты-
баланың сыртынан кәзбен ұзатып салып мен қалдым. Ал Бақты-
баламен екеуіміздің арамыздағы бұл жағдайды тек менімен бірге
жұмыс істейтіндер ғана сезетін, басқа ешкім білмейтін.
Қарағандыдан шыққан күні олар Қарағандыдан 30 шақырым
жердегі Қарамұрат Жұртыбай аулындағы Шыныбек байдың үйіне
қонады. Төлеңгіт қ ажы Шыныбек баймен құда болатын-ды. Үйіне
түскен құдаларын қонақ етіп, үш күн бөгейді... Үшінші күні түнде
үй іші ұйқьіға кеткеннен кейін төргі бөлмеде күйеу бала Мекебай-
дың шешесінің қасында жатқан Бақтыбала үй ішіне сездірмей тү-
регеліп киінеді де, ауыз үйге шығады. Сыртына ауыз үйде босаға-
да ілулі тұрған ер адамның шапанын, басына тымағын киеді. Ауыз
үйде жатқан ер-тұрманды кұшақтап қораға шығады. Қорада тұр-
ған сары атқа ер салып, үстіне мінеді де, ұрланып ауылдан шығып
кетеді. Ешкім оның кеткенін сезбей қалады.
Түн ортасы. Ай қаранғы. Тек айналасында ағарған қар ғана
көрінеді. Жолды білмейді. Сондықтан Спасс заводы мен Қараған-
ды кенінің арасына салынған шойын жолды кесіп өтеді. Ауыл
мен шойын жолдың арасы едәуір жер. Қар қалың және ол жылы
қардың өзі өте қалың түсіп еді. Ат жүре алмайды. Содан өзі жаяу.
атты жетелеп жолға келіп түседі ғой... Шойын жолдың бойымен
жүріп отырып, таң бозарып атып келе жатқан уақытта Қарағанды-
ның қарасын көреді.
Ағылшын байларының билеп тұрған кезінде таңның атуы, күн-
нің батуы жұмыста болатынбыз. Таң қылаң берісімен-ақ жұмыс-
шылар белдеріне қайласы мен күрегін қыстырып, қолдарына блуж-
ка шамдарын ұстап, жер кепелерінен сыртқа шығатын. Сол әдеті-
міз бойынша осы Бақтыбала келетін күні де ерте тұрдық. Таң бо-
зарып атып келеді. Беліме қайламды қыстырып алып, қолыма
блужка шамымды алып шахтаға кетіп бара жатыр едім, қасыма
тақала берген Бәйділдә дейтін бір жолдасым:
— Шәйіт сен нені көріп келесің? — деп сұрады.
— Нені көрейін мен, — дедім.
— Әне, әне біреу келе жатыр. Түн қатып жүрген бұл кім болды
екен'? — деп қадала қарады. Мен де қарап тұра қалдым.
— Өзінің атқа отырысы, жүрісі ер адамға ұқсамайды. Бірақ
киіміне қарасаң — ер адам, — деді тағы да. Сүйтсек, Бақтыбала.
Жұмысшылардың бәрі көрді.
— Не істеу керек?
Үстіп дағдарып тұрғанда, белгілі жұмысшы ақын Ілияс деген