Page 39 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 39

Мен  де  13  жасымнан  бастап  жұмысқа  түстім.  Бірақ  қанша  жұмыс
         істегенмен,  жоқшылық,   мұқтаждықтан   құтыла   алмадық.

                           «Асайын,  Сыпатылсың  Мешітбайдан,
                           Жазылған  несібе-ырзық  әлде   қайдан,
                           Асты  —  сыз,  ірге  —  қырау  үйде  тұрсаң
                           Құтылар  күнің  бар  ма  осы  жайдан?»—
         деген  біздің  әкейге  айтқан  бір  ақынның  өлеңі  де  болатын.  Біздің
          әкеміз қалың  беріп,  қатын  әпермек  түгілі,  Бақтыбала  алғаш  рет
         келін  болып  түскенінде  әкеміздің  паналатар  дұрыс  баспанасы  да
         болмаған...
             Үстіп  жүргенде,  Төлеңгіт  қажының  Бақтыбалаға    үйленбекші
         болған  үлкен  баласы  қаза  болды.  Бақтыбаланы  тоғыз  жастағы жас
         бала,  қаза  болған  жігіттің  інісіне  әпермекші  болды.
             1913  жылдың   қысында  Бақтыбаланы   алуға  Төлеңгіт   қажының
         кісілері  келеді.  Өзі   ұзатылайын  деп  жатқанда,  Бақтыбаланың  ма-
         ған  арнап  айтқан  сәлемі:
                           «Көргенім  менің  әлі  аз,  жаным  Шәйіт,
                           Айтайын  саған  сырды-ау  етіп  бәйіт,
                           Толғанда  он  жетіге  биыл  жасым,
                           Тап  болды  талабыма   қиын  жәйіт.
                           Туып  ек  Есенбайдан  үш   қыз  бала,
                           Бұл  күнде  бір  адам  жоқ  болар  пана,
                           Күйеусіз   қыз  алатын  жалаң   құда,
                           Ауылға  келіп  түсті  біздің  жаңа.
                           Қайғымен  төгілді  көзден  жасым,
                           Тарамас  бойға  сіңіп  ішкен  асым,
                           Ағажан,  өзің  келіп   құтқармасаң,
                           Мәңгілік  дауға  түсер  менің  басым».
            Бұл  өлең  менімен  бірге  жұмыс істейтін  құрбы-достарымның  ара-
         сына  таралып  кетті.  Той-томалақ,  ойын-тойларда  жастардың  сүйіп
         айтатын  өлеңіне  айналды.  Тіпті  жастар  тұрсын,   қарттардың  өзі:
         «Шырақтарым,    Бақтыбаланың    өлеңін  айтыңдаршы!»  -  деп  тілек
         білдіретін.
            Өзінде  тұрақты  ән  де  болған  жоқ.  Әркім әртүрлі, сүйген  сарыны-
         мен  айта  беретін.  Әйтеуір  айтылатын.  Кейін  осы  өлең  «Бақтыбала-
         ның  зары»  деп  аталып  кетті.  Міне,  бұл  өлеңнің  туу  тарихы  осылай
         еді.


             —  Ол  уақытта  (революцияға  дейін  — Д.  Ш.)   қызды  ер  алмай-
         ды,  мал  алады.  Яғни  қыз  ерге  бармайды,  малға  барады.  Бақтыба-
         ланың  9  жасар  Мекебай  балаға   ұзатылып-ақ  кеткені  ғой.  Көкпек-
          тіден қызды  әкетіп  бара  жатқан   құдалар  жолшыбай   Қарағандыға
         тоқтады.  Тоқтаған  үйіне  ауыл  жастарымен  бірге  ескерусіз  болып
         мен  де  бардым.  Амал  не?  Іш  қазандай  қайнайды,  күресуге  дәрмен
         жоқ.  Төлеңгіт  қажының  бәйбішесінің  қасында  отырған  Бақтыбала-
         мен  көзбен  ғана  амандасып,  қайра  шығып  кеттім.  Барлық   қолым-
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44