Page 38 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 38
жасым болса аттай алпысқа келді. Бірақ сол бір кезең бүгінге дей-
ін көз алдымда. Есімде мәңгі қалған, ұмытылмас бір уақиға.
Бүл Қарағанды Сармантай, Мұрат, Қареке деген үш тайпа ел-
дің мекені болды. Бірімен бірі құда-құдандал, нағашылы-жиенді,
сиырдың бүйрегіндей байланысты болып жатқан ел. Сармантай
Есенбай дейтін кісі болды. Ол кісіден үш қыз бала болды. Бірі осы
Бақтыбала... Бейнетті ерте көргендіктен бе, есейіп қалған кезім.
Жасөспірім жігітпін. Жұмыстан шыққан, кол босап кеткен уақыт-
тарда қызды ауылға қыңырлай сүйкеніп жүреміз. Бақтыбаланың
ауылы осы Қарағанды маңында Көкпекті дейтін жерде тұрды. Сол
ауылға сәті түсіп бір бара қалғаным бар емес пе! Сол жолы Бақ-
тыбаламен танысып-ақ қалғаным.
«Ғашықтың тілі — тілсіз тіл,
Көзбен көріп, ішпен біл»,—
деген емес пе, екеуміз ойын үстінде таныстық. Сол көргенде-ақ
біріміз бен біріміз көзбен сөйлесіп, жүрекпен ұғысып-ақ калдық.
Бәйділдә дейтін бір хат танитын жолдасым бар еді, соған бірнеше
күннен соң Бақтыбалаға мынадай деп хат жаздырдым:
«Дөңгелек мөлдіреген қара көзің,
Кетпейді әлі есімнен айтқан сөзің,
Жаратқан хақ тагалам таңдау берсе,
Қалауым болар едің жалғыз өзің.
Бул сөзім жалған емес, шын сөзім.
Шыдарлық менен кәзір кетті төзім».
Осы хатты жазғаннан кейін төрт-бес күннен соң Бақтыбаладан
да жауап келді. Ол кезде Бақтыбала да хат танымайды. Хатты бір
сырласына оқытқызып, жауапты да соған жазғызады. Жауабының
басын қара сөзбен бастапты да, аяғын мынадай бір ауыз өлеңмен
бітірген екен:
«Кұрбыжан, маған жазған хатыңды алдым,
Хатыңды оқып шығып, ойға қалдым,
Болғанда сіз тұйғын құс, мен қарлығаш
Шешуін өзің ойла, сізге салдым».
Осылай басталды да, көңілдегідей аяқталып, түйінді сөзге кел-
дік. Екеуіміз қосылуға сөз байладық...
Бірақ алдымызда кесе түсіп, көлденең жатқан бір бөгет бар еді.
Ол мынау болатын:
— Бақтыбаланы бұл қарсаңда Қареке Төлеңгіт қ ажы баласы-
на әпермек боп құда түскен. Киіт киіп, қалың берген. Бақтыбала-
ның туыстары бермекші де, Төлеңгіт қажының баласы алмақшы.
Ал, біз болсақ — кедейміз. Тұрмысымыз ауыр. Бір біз емес, ол кез-
дегі жұмысшылардың барлығы да нашар тұратын еді ғой. Біздің
арғы бабамыз Мешітбайдан бастап, өз әкем Асайын, інісі Сыпатыл
өмірлерін жұмыскерлікпен өткізген адамдар. Асайыннан мен туам.