Page 37 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 37
— Мен сенін кім екеніңді білемін. 1905 жылғы қожайындарға,
патшаға қарсы болған сен болатынсың. Енді міне істеп тұрғаның...
Бірақ Ысқақ ештеңе қарсылық көрсете қоймайды. Ахмет те:
«Осы ит бір пәле жасап жүрер» — деп ештеңе демейді. Салқара
үдей түседі. Бойын ыза кернеген, ашуға булыққан болу керек сол
жерде Ахмет:
— Әй, Балабек, қой енді- Салқар-адан сан қараның бірі бола
салуың да ғажап емес, — дейді. Осыған ерегіскен Салқара Ысқақ
пен Ахметті апарып абақтыға жауып тастасын.
Мүны естіген жүмысшыларды ашу-ыза кернеді. Бәрі бір жерге
топталып жиналды да, абақтыға қарай бет алды. Абақтының кү-
зетшісі қарсыласып жуытпайын деп еді, оған қалың топ ерік бер-
сін бе. Өзін қуып жіберді де, абақтыны бұзып, тұтқындарды боса-
тып алды. Осы кезде Салқара мен урядник шықты. Олар көпшілік-
ке мылтық ата бастады. Оқтың өтіне тұруға кімнің батылы
барсын, ығыса түсті. Олар қынаптарынан суырып алған қылышта-
рын жарқ-жұрқ еткізіп шегініп (ығыса) қашқан халықтың соңына
түсіп берсін. Өзіміз ол кезде жаспыз ғой. Және бүрын ондайды
көрмеген қорқақпыз. Шетіне қашқандардың алдында оқ бойы
ілгері келеміз. Ол кезде сол рудникте көптен жүмыс істеген. ден-
саулығы нашар, көксау Байбөрі деген кісі жүгіре алмай топтың
артында қалып қояды. Артынан қуып жеткен урядник қылыштын
сыртымен бастан ұрып жібергенде, мұрттай ұшады. Мұрттай ұш-
қан оның ұртына қылыштың ұшын тығып алады. Әлгі байғұс со-
ның зардабынан үш ай төсек тартып жатты... Жұмысшылар болыс-
қа, пристопқа арыз берді. Бірақ не керек, аяқсыз қалды.
Осы күні біздің үйіміз Успен руднигінің шығыс терістігінде тұ-
рады. 1907 жылы жұмысқа түскеннен 1956 жылдың апреліне дейін
жұмыстан қол үзгенім жоқ. Тек тақауда ғана пенсияға шықтым.
Жұмыстан үйге, үйден жұмысқа бара жатқанда, біздің үйден
75 метрдей жер тұратын Байбөрінің құлаған ояңын көремін.
Сол уақытта бір мезет әлгі уақиға есіме түсіп кетеді де, бүкіл
уақиға көз алдыма келеді.
Бүгінгі күн ертең жоқ!... Пай-пай, өтіп бара жатқан өмір-ай
десейші!, Мінеки, екі өмірдің куәсі болып отырғанымыз мынау!
«БАҚТЫБАЛАНЫҢ ЗАРЫ ДЕГЕН ӨЛЕҢ ҚАЛАЙ ТУДЫ 7
Бақтыбала деген қыздың аты. Ол қыз — кәзіргі менің кемпі-
рім. Ал «Бақтыбаланың зары» деп аталатын өлең — мына отырған
кемпірімнің қыз күнінде маған ғашық болып шығарған әні.
Адамның есінде мәңгі қалатын өмірдің кейбір кезеңдері бола-
ды. Сондай кезеңдердің бірі ерлі-зайыпты адамдардың алғашқыта-
нысуы мен қосылысар кезіндегі жағдайлар ғой деймін. Мен осы
Бақтыбалаға он жеті жасымда, 1913 жылы қыста қосылдым. Кәзір