Page 36 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 36

Адам   жас  уақытгағысын   ұмытпайтын  көрінеді  ғой.  Күні  бүгін-
              ге  дейін  көз  алдымда  көрініс  беріп,  есімнен  кетпейтін  екі  уақиға
              бар,  оның  бірі  мынау:
                  1905  жылдың  күзі,  қаңтар  айының  бас  кезі.  Жоқшылық  зарда-
              бын  шеккен  осы  Успеннің  жұмысшылары   бір  күні  тік  көтеріле  жұ-
               мысқа  шықпай  қойсын.  Жұмысқа   тек  қазақтар  ғана  емес,  орыстар
              да  шықпай   қойды...
                  Біз  онда  жаспыз.  Менің  13—14-тегі  ғана  кезім.  Ондай  жанжал
               түгілі  әлі  жұмысқа  да  түсе  қоймағанмын.  Кәзірде  тірі  Күржебай-
              дың  Сембегі,  Тышқанбайдың   Аманбегі  сияқты  балалар   жиналып
               алып  алыстан  ғана  төбелестің  қызығына   қарап  жүрміз.  Бір  кезде
              күллі  жұмысшы   жиналды.   Жиналған    жұмысшылар     лек-легімен
               қожайынның   үйіне  қарай  ағылып  барады.   Қожайынның    тастақ
              салған  ақ  үйін  жиналған  жұрт  коршап  алды.   Қоршаудың  ішінде
               даң-дұң  сөз.  Оның  не  сөз  екенін  де  білетін  біз  жоқ...
                  Ең  алғаш  бұл  Успен  руднигінде   қызыл  жалау  сонда  ғана  жел-
              біреді.  Көтеріліс  басталғаннан  кейін  бір  күн  рудник  конторының  ең
               биігінде  қызыл  шүберек  байланған   ұзын  сойылды   қадап   қойды.
               Біз  онысы  не  екен  деп  таң  қалып  жүрміз.  Сөйтсек,  онымыз  кәзіргі
               қызыл  ту  екен  ғой.
                  Сол  жолы  жұмысшылар  қожайынның     дүкенцерін  өз  беттерімен
               ашып,  керек  нәрселерін  қолмен  алған  ғой.  Әй,  балалар  да  конфет-
               ке  тойды-ау.
                  Сол  көтеріліске   қатысты,   қожайынға  қарсы  тұрды  деп  менің
               әкем  Аханды,  Көшкенбайдың   Ысқағы,   Аманбектің  Ағаламы  сияқ-
               ты  бірнеше  кісілерді  жұмыстан  шығарып  тастады.  Сол   ереуілді
               басқарушы  Топорнин  дегенді  Успеннен  мүлде  қуды.  Оның  өзін  көр-
               дік,  Ол  кезде  қырықтың  шамасындағы  адам  сияқты  еді.  Ұзын  бой-
               лы,  қошқар  тұмсық  кісі  еді.   Қазақтар  «Қошқар  тұмсық»  дейтін...
                  Әкемді  бірсыпыраға  дейін  жұмысқа  алмады.  Күн  көріс  нашар-
               лады.  Жұмыс  істейтін  адам  жоқ.  Содан  әкем  десятникке  пара  бе-
               ріп,  мені  жұмысқа  орналастырды.  Яғни  менің  15  жастағы  кезім-
               1907  жылы  еді...
                 Екінші  мынау  еді:
                   1909  жылы  осы  арадағы  урядниктің  Балабек  деген  стражнигі
               болды.  Оны  қазақтар  Салқара  деп  атайтын.  Өйткені  ол  үнемі  үсті-
               не  ақ  киім  киіп,  сәнді  жүретін.  Бір  күні  сол  Салқара  қожайындар-
               дың  лавкасында  тұрса,  үстіне  Көксау  Ысқақ  пен   Қалқымбетов
               Ахмет  дейтін  жұмысшылар   кіріп  келеді.  Бұл  екеуінің  жұмыстан
               шыққан   беті  екен.  Үсті-бастары  былғаныш  болады.  Төрт-бес  кісі
               айналуға  келмейтін  тар  лавканың  ішінде  Ысқақ  пен  Ахметтің  кірлі
               киімдері  Салқараның  үстін  былғап  кетеді.  Бұлар  менің  үстіме  күй-
               ені  әдейі  жақты  деп  ойлаған  Салқара,  бұл  екеуіне  дүрсе   қоя  бе-
               реді.
                   —  Мен  сені  білемін  иттің  баласы,  Ысқақ,  — деп  әсіресе  Көшке-
               байдың   Ысқағына  өкіреңдей  түседі.
                   —  Балабек,  әкеден  әкенің  артықшылығы  жоқ,  артық   болсан
               менен  сенің  өзің  ғана  артықсың.  Өкіреңдеме!  — дейді.  Дүкенші
               екеуін  айырмақшы   болған  екен,  Салқара  бой  бермейді.
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41