Page 240 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 240
деп айтылатын бір нұсқасы 1924 жылы «Жас қазақ» газетінің 10—11-санында
жарияланған. Кімнен жазылып алғаны белгісіз, айтушылардың сөзіне қарағанда,
бұл өлеңнің жарияланып отырған нұсқасы 1915—1916 жылдары Ақмола, Атба-
сар жағында аударылып таралған.
Екінші тарау
СОВЕТ ДӘУіРіНДЕГІ ӨЛЕҢ-ЖЫРЛАР
95 Тұрысбекке. 1948 Жылдың жазында Хұсайын Алтайбаевтан Жаппар
Өмірбеков; 1955 жылы 20 июльде Хұсайын Салқынбаевтан Д. Шалабеков жазып
алған.
«1918 жылы көкек айының аяқ кезінде Қарағанды мен Успенскі руднигіне
Ақмоладан Тұрысбек Мыңбаев пен Мартынов деген кісі келді. Успенскіде жұ-
мысшы делегаттарының жиналысын өткізді... Сол жолы осылай деп Ілияс ақын-
ның айтқаны еді», — дейді Салқынбаев.
96
Ақтар қылыштап өлтірген Рақымды шешесінің жоқтауы. 1956 жылы
5 майда Хасен Манкиннен жазылып алынды. Өлеңнің тууы туралы X. Манкин
былай дейді: «1918 жылдың күзінде Қарағандыға ақтар келді. Ол жауыздар
Ботақарада тұратын бір ағайынымызды қылыштап өлтірді. Орнына көңіл айта
бардық. Сонда Рақымның шешесі осылай айтып жылап еді».
97
Ағайын, қамықпа. 1955 жылы апрельде Хасен Манкиннен жазылып алын-
ды. Өлеңнің шығу тарихы туралы X. Манкин былай дейді: «Ақтар Қарағанды
маңындағы халыққа жыландай ысқырына келді. Көрсетпегені болмады. Подряд-
ші, бақылаушы қазақтар басқа түгілі езінің ағайынына да зәбірін тигізді. Сонда
қамыққан халыққа Ілиястың айтқаны еді».
98 Сайран салып көп жүрген. 1955 жылы апрельде Хасен Манкиннен жазы-
лып алынды. X. Манкин 1919 жылдың күзінде ағылшындар бауыр басқан Қара-
ғанды кенін тастай қашқанда, Жармағамбет Ысмағұлов деген Спасскі заводы-
ның жұмыскері шығарғандығын айтады.
99
Ағылшын деген нойыс келген еді. Бұл өлеңді 1947 жылы Қарағандыда
Жолдекей Нұрмағамбетовтан ақын Қ. Мұқышев және 1952 жылы 20 июльде
Успенскі руднигінде Тышқанбай Аманбековтан Д. Шалабеков жазып алған.
Қ. Мұқышевтың айтуынша өлеңді 1920 жылы Ж. Нұрмағамбетов шығарған.
100 Нұрлы күн. 1956 жылы 16 октябрьде Жармағамбет Ысмағұловтан жазы-
лып алынды. Өлеңнің авторы — өзі. «Ақ қашып, қызылдар келгенде айтқан
едім», — дейді.
101
Жеңіске елді бастаған. 1947 жылы Қарағандыда Хұсайын Алтайбаевтан
Жаппар Өмірбеков жазып алған. X. Алтайбаевтың айтуынша өлеңді бірінші рет
шахтком сайлаған уақытта ақын Ілияс Манкин айтқан.
102 Азат күн. 1940 жылы Қарағандыда Кеншінбай Мұстафиннен Дәулетбек
Әкімбеков жазып алған. Қ. Мұстафиннің айтуынша бұл өлеңді 1920 жылы Қа-
рағанды жұмысшыларының бір ойын-сауығында жұмысшыларға Жолдекей Нұр-
мағамбетов айтқан.
103
Қара тұмсық, қанды ауыз. Бұл өлеңді 1947 жылы Қарағандыда Болман
Қожабаевтан ақын М. Байсейітов және 1952 жылы августа Д. Шалабеков жа-
зып алған. Әрбір айтқан сайын текстке Б. Қожабаев өзгерістер кіргізіп отырады.
Бұл жинаққа М. Байсейітовтың 1947 жылы жазып алғаны кіргізіліп отыр. Өлең
Карағанды мен Жезқазған ағылшын капиталистерінен тазартылғанда айтылған.
104
Капитал дүниесі күйрелген күн. 1949 жылы Хұсайын Салқынбаевтан
Дәулетбек Әкімбеков және 1953 жылы Д. Шалабеков жазып алған.
X Салқынбаевтың айтуынша 1921 жылы Октябрь мерекесінде жұмысшылар-
ды құттықтап Ілияс Манкин айтқан.
105
Келді достар донбастық. 1953 жылы Көлзақ Аманкелдиннен К. Мұқышев
жазып алған. К. Аманкелдиннің айтуынша, Шоқай мен Салықбай деген жалқау-
ларға арнап өлеңді 1932 жылы жұмысшылар шығарған.
106
Жүрегім қуанышта шаттық керней. 1952 жылы 10 декабрьде Хұсайын
Салқынбаевтан жазылып алынды. X. Салқынбаев бұл өлеңді 1932 жылы Доскей
ақынның шығарғандығын айтады.