Page 237 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 237
Зар болдың таңдай кеуіп еспе құмда.
Қос өзен мөлдір тұнық бұлақ еді,
Жарлыға кең алқабы ұнап еді.
Ақтабан шұбырынды аштық көрген,
Тозған ел басын жаңа құрап еді.
Қайран ел қоныстан шын кетеміз бе?
Бақ қонып мұрадыға жетеміз бе?
Тағынан патша тайып, бай таусылып,
Аралды қайта қоныс етеміз бе?» —
деп айтылатын бір нұсқасы 1939 жылы «Советтік Қарағанды» газетінің 12 сен-
тябрьдегі санында басылған. Газетте, бұл өлең халық арасында ертеден айтыл-,
ған дегеннен басқа ешбір мағлұмат берілмеген. Ал, Хұсайын Салқынбаев өлеңді
1916 жылы Қарағанды жұмысшыларынан естіген.
90
Бұрынғы бірге жүрген достар қайда? 1956 жылы 9 майда Хасен Ман-
киннен жазылып алынды. Бұл өлеңнің басқа бір нұсқасы 1955 жылы 16 августа
Мағзұм Ахметовтан жазылып алынды. Өлеңді айтушылар 1916 жылдан біледі.
Авторы белгісіз.
91
Тас қазып белшемізден сазға батып. Бұл өлеңді 1949 жылы Жолдекей
Нұрмағамбетовтан Қ. Әкімбеков, 1952 жылдың жазында Хұсайын Салқынбаев-
тан, 1953 жылдың 10 мартьшда Успенскі руднигінде Тышқанбай Аманбековтен
Д. Шалабеков жазып алған. Қазақ ССР Ғылым академиясы Жер қыртысын
зерттеу институтының ғылыми қызметкері Хамзе Аманбеков бұл тексті Т. Аман-
бековтен 1955 жылы 25 апрельде тағы жазып алған. Бұл жолы Т. Аманбеков
1953 жылғы айтқан текстін кейбір өзгерістермен айтқан. Және тексті (1953) жо-
ғарыда көрсетілген Тіл мен әдебиет институтының мақалалар жинағында жария-
ланған. Ж. Нұрмағамбетов пен X. Салқынбаевтың текстілерінде айырмашылық
аз. Тек X. Салқынбаевта жинақта жарияланып отырған Ж. Нұрмағамбетовтың
текстімен салыстырғанда «бұл» және «барақ» деген екі сөз кездеседі. Ал, Т.
Аманбековтың текстінде жарияланып отырған текстен елеулі айырмашылықтар
бар.
Т. Аманбеков былай айтады (Хамзе Аманбековтың жазып алғаны бойынша):
>
\
«Күніне жан басына бір тілім нан,
Береді, не күтеміз ағылшыннан.
Өлгенше азаппенен жер астында,
Күреспен кең далада берейік жан.
Тас қазып, белшемізден келгенше мұз,
Бергенше жер байлығын доңызға біз,
Күреспен күңірентіп кек аламыз,
Күреске ал, халайық, аттандық біз!»
Ж. Нұрмағамбетов пен Т. Аманбековтың айтуы бойынша өлеңді Бектас де-
ген кісі шығарған. Аманбек бұл өлеңді Ағалам деген ағасынан естіген.
92
Ақ патша, үзілді үміт сенен күткен. Бұл өлеңді 1948 жылы Көлзақ Аманкел-
диннен Қ. Мұқышев жазып алған К. Аманкелдиннен басқа үш адамнан жазып
алынды: 1949 жылы Жолдекей Нұрмағамбетовтан К. Әкімбеков; 1953 жылы 10
мартта Тышқанбай Аманбековтан және 1953 жылы 18 октябрьде Хасен Манкин-
нен Д. Шалабеков жазып алған.
Барлық текстердің негізінде патшаның әміріне, болыс, билерге қарсылық
жасады. Бірақ әрқайсысы әр түрлі айырмашылықтармен айтылады.
Мысалы, Т. Аманбеков:
«Аштықтан семіп қатқан қалың жалшы,
Жақсылық таба алмаған жалғыз тамшы,
Қорлығына төзе бермей ағылшынның,
Тізе қос, шахтер менен, жалшы-малшы!
Жойылсын, билеуші тап қанаушы да,