Page 235 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 235

75  Мәз  болады  Шернияз.  1948  жылы  Ілияс  Манкиннен   Қ.  Әкімбеков,  1952
        жылы  10  августа  Хұсайын  Салқынбаевтан  Д.  Шалабеков  жазып  алған.  X.  Сал-
        кынбаев  соңғы  екі  жолын   ұмытқан.  Басқасы  өзгеріссіз  айтылады.   Қ.  Әкімбеков-
        тың  айтуынша  бұл  өлеңді  Ілияс  Шернияз  деген  бай  подрядчикті  сынап,  Абай-
        дың  «Мәз  болады  болысың»  деген  өлеңінің  үлгісімен  шығарған.
            76
               Әубәкір  бай.  Бұл  өлеңді  1954  жылы  24  апрельде  Тіл  мен  әдебиет  инсти-
        тутына  хат  арқылы  Хасен  Манкин  жіберген.  Ол  хатта  өлеңге  мынадай  түсінік
        сөз  берілген:  «Мұндағы  айтылып  отырған  Әубәкір  бай  1910,  1911,  1912  жылдары
        Спасскі  заводының  дүкен  салдырған,  саудагерлікпен  ірі  байып  кеткен  адамы.
        Әубәкірдің  әкесі  Сейткамал  деген  Ташкенттен  келген  молла  еді.  Әуелде  кедей
        болғанмен  кейін  моллалықпен,  саудагерлікпен  байыған.  Ол  кезде  Соколов  деген
        прстоп,  Кудря  деген  орядник*  болады.  Олар  Әубәкір  байдың   қарғылы  төбеті
        болған.  Бұл  өлеңді  1914  жылы  Әубәкір  байға  арнап  Ілияс  айтқан».
            77
              Жарлы  болсаң—жалғызсың.  1950  жылы  20  мартта  Хұсайын  Салқынбаев-
        тан  жазылып  алынды.  Өлеңді  X.  Салқынбаев  әкесінің   Қарашолақ  деген   құрбы-
        сынан  естіген.  Өлең  Акула  деген  парақор  подрядчикке   қарсы  айтылған.  Бұл  өлең
        бірінші  рет  Тіл  мен  әдебиет  институтының  жоғарыда  көрсетілғен  мақалалар  жи-
        нағында  жарияланған.
            78  Орядник—байдың  иті.  1954  жылы  24  апрельде  Тіл  мен  әдебиет  институ-
        тына  Хасен  Манкин  хат  арқылы  жіберген.  Хатта  өлеңнің  тууы  туралы  мына-
        дай  түсінік  берілген:  «Ұмытпасам,  1915  жылы  ғой  деймін.  Бір  ретте  Әубәкірдің
        магазинінен   қарызға   ұн  алушы,   Қарабас  дейтін  жігіт  ақшасын  дер  кезінде  төлей
        қоймайды.  Сол  үшін  Әубәкір  бай   Қарабасты  орядник  Кудряға  сабатқан  ғой.
        Сол  үшін  Ілекеңнің  айтқаны».
            79
              О,   құзғын,  көресің  бе  көздің  жасын?!  1948  жылы  Хұсайын  Алтайбаев-
        тан  Ж.  Өмірбеков  жазып  алған.
           Х._ Алтайбаевтың  айтуынша,  1906  жылы  науырыз  айында  Асанбай  дейтін
        жұмысшы   құлаған  көмірдің  астында   қалып   қайтыс  болады.  Асанбай  өлген  соң
        бірнеше  күннен  кейін  оның  семьясын   қожайындар  отырған  үйлерінен  далаға
        шығарып  тастайды.  Жұмысшылар  ереуіл  жасап   қожайындарға   қарсылық  білді-
        реді.  Сонда   қожайынға   қарсы  Сәкен  Нұрханов  деген  жұмысшы  айтқан  екен.
            80
              Баса  алмас   қой  тұяғы  таңғы  шықты.  1955  жылы  16  августа  Мағзұм
        Ахметовтан  жазылып  алынды.  Өлеңнің  пайда  болуы  туралы  М.  Ахметов  былай
        дейді:  «Қарауында  80  көлігі  бар  Алтай,  Тоқаның  бірі  болуы  керек  Күлмағам-
        бет  деген  кісі  ағылшын  байларына  жалданып  Нілді  мен   Қарағандының  арасын-
        да  кіре  тартады  екен.   Қожайынынан   қорықпайтын  батыл  адам  болған  деседі
        жұрт.  Өлеңді  соған  арнап  шығарса  керек».
            81
                Қыс  болса,  кірекештер  киер   ұйық.  1953  жылы  27  февральда  Хұсайын
        Салқынбаевтан  жазылып  алынды.  Бұл  өлеңнің:
                       «Ысқақжан,  аталдың  сен  «қызыл  жүйрік»
                       «Тоқтат!»  деп  төбелесті  бердің  бұйрық.
                       Болат  ең  тасқа  салса  майрылмайтын,
                       Таңқалдық  шыққанына  сөзің  сұйық»,—
        деп  келетін  бір  нұсқасы   Қарағанды  Халық  творчествосы  үйінің  архивінен  алын-
        ды.  Кімнің  кімнен  жазып  алғаны  белгісіз.  X.  Салқынбаев  өлеңді  1906  жылдан
        біледі.
            82  Бір  алла,  жәрдемші  бол,  өзің  айла.  1956  жылы  9  майда  Хасен  Манкин-
        нен  жазылып  алынды.  X.  Манкиннің  айтуынша  өлеңді  Ілияс  Манкин  1900  жыл-
        дары  шығарған.
            83  Жұмыскер  сізге  халық  ырза.  1955  жылы  апрель  айында  Тіл  мен  әде-
        биет  институтына  Хасен  Манкиннің  хат  арқылы  жіберген   қолжазбасынан  алын-
        ды.  Онда  өлеңнің  тууы  туралы  мынадай  түсінік  берілген:  «Жаңылмасам»  1909
        жылы  ағылшын  байларының   қысбағына  шыдамай   Қарағанды  шахтасындағы
        орыс,   қазақ  жұмыскерлері  бірігіп  төбелес  жасады...  Ағылшын  байларын   ұстап
        алып,  тәшкеге  отырғызып,  терең  забойға   құлатамыз  деп   қорқытқан.  Ертеңіне
        прстоп,  орядник,  стражниктердің  күшімен  25  шахтерді  тұтқындап,  он  бес  күн
        абақтыға  жатқызып  шығарған.  Осы  тұтқынға  түскен  25  шахтердің  орыс  жағын
            *  Приставты  —  прстоп,  урядникті  —  орядник  дейді.
   230   231   232   233   234   235   236   237   238   239   240