Page 243 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 243

Ал,  X.  Манкиннің  айтуынша  1934  жылы   Қолдаспай  дейтін  забойшыны  соци-
       алистік  жарыста  алда  болуға  шақырып  Ілияс  айтқан.
          124
             Жер  барақтар  үйіндідей  жалпайып.  1956  жылы  5  майда  Хасен  Манкин-
       нен  жазып  алынды.  X.  Манкиннің  айтуынша  бұл  өлеңді  1934  жылы  3-шахтаның
       жұмыскері  Мағауия  Рақышев  шығарған.
          125
             Еламанға.  Авторы—Ілияс  Манкин.  1934  жылы  Еламан  деген  паровоз-
       дың  машинисіне  айтқан.  Өлең  ақынның  X.  Манкиндегі   қолжазбасынан  алынды.
          126
             Алтынды   Қарағандым,  даңқың  артты.  Авторы  —  Ілияс  Манкин.  1935  жы-
       лы  шығарған.  1953  жылы  X.  Манкиннің   қолында  сақталған   қолжазбасынан
       алынды.
          127
               Қараймын   Қарағанды   қаласына.  Өлеңнің  авторы  —  Ілияс  Манкин.  1936
       жылы  шығарған.  1953  жылы  октябрьде  ақынның  X.  Манкинде  сақталған   қолжаз-
       басынан  алынды.
          128
               Қарасам  салтанатты  өз   қалама.  1951  жылы  декабрьде  Хұсайын  Салқын-
       баевтан  жазылып  алынды.  X.  Салкынбаевтың  айтуынша  өлеңді  1936  жылы  октя-
       брьде  Сәби  Әзденбаев  шығарған.
          129
             Жаңа  заң.  Авторы—Ілияс  Манкин.  Бірінші  рет  1937  жылы  «Советтік
       Қарағанды»  газетінің  29  марттағы  санында  басылған.
          130
            Арасы  ескі,  жана  жер  мен  көктей.  Өлеңнің  авторы  —  Ілняс  Манкин.  1953
      жылы  ақынның  X.  Манкинде  сақталған   қолжазбасынан  алынды.  Өлеңді  1936 жы-
      лы  декабрьде  шығарған.
          131  Бұрынғыдай  газы  жоқ   қолқаны  атқан.  1955  жылы  24  мартта  Хұсайын
      Салқынбаевтан  жазылып  алынды.  Өлеңді  1937  жылы  Ілияс  Манкин  шығарған.
          132
              Қарағанды.  1955  жылы  24  апрельде  Хұсайын  Салқынбаевтан  жазылып
      алынды.  Өлең  бірінші  рет  1939  жылы  «Советтік   Қарағанды»  газетінің  9  майда-
      ғы  санында  жарияланған.  Өлеңнің  авторы  Жәкен  Байтуов.
          133
            Теңізде  —  қызыл  флот,  жерде —  танк.  1953  жылы  мартта  Хұсайын  Сал-
      қынбаевтан  жазылып  алынды.  Өлеңнің  авторы —  Кеншінбай  Мұстафин.  Алғаш
      рет  1938  жылы  «Қарағанды  пролетариаты»  газетінің  27  февральдағы  санында
      жарияланған.
          134
              Қош,   қызым.  Авторы—Доскей  Әлімбаев.  1939  жылғы  «Советтік   Қара-
      ғанды»  газетінің  16  майдағы  санында  жарияланған.
          135  Бір  кезде   қалқатайым,   қандай  болдық?  1956  жылы  9  майда  Хасен  Ман-
      киннен  жазылып  алынды.  1939  жылы  Кеншінбай  Мұстафиннен  естіген.  Ол  кісі
      халықтың  «Қарағым-ау»  деген  әнімен  домбыраға   қосып  айтқан.  Ал,  К.  Әкімбе-
      ковтың  айтуынша  өлеңнің  авторы  — Кеншінбай  Мұстафин.
          136  Мен  шахтермін  —  еркесімін  елімнің.  1953  жылы  октябрьде  Айтмағамбет
      Күлдібаевтан  жазылып  алынды.  А.  Күлдібаевтың  айтуынша  өлеңді  Жармағам-
      бет  Ысмағұлов  деген  жұмысшы  шығарған.
          137
            Ленин  тірі.  Авторы  — Көшен  Елеуов.  1940  жылы  шығарған.  «Халық
      ақындары»  (С.  Бегалиннің   құрастырғаны)  деген  жинақтан  алынды  (273  бет).
          138
            Мәңгі  өлмейді.  Авторы  —  Ілияс  Манкин.  1940  жылы  Ленинге  арнап  шы-
      ғарған.  Өлең  ақынның  Хасен  Манкиндегі  сақтаулы   қолжазбасынан  алынды.
          139  Әдісті,  әділ  елге  жау  батпайды.  Авторы —  Доскей  Әлімбаев.  1952  жылы
      10  декабрьде   Қарағанды  облыстық  халық  творчествосы  архивынан  алынды.
      1940  жылы  шығарған.
          140
            Торғайға  — тарту.  Авторы—Көшен  Елеуов.  1941  жылғы  «Советтік   Қа-
      рағанды»  газетінің  4  майдағы  санынан  алынды.
         141
            Ашылмасын  араның.  Авторы  — Доскей  Әлімбаев.  1941  жылғы  «Советтік
      Қарағанды»  газетінің  бірінші  июльдегі  санынан  алынды.
         142
            Жауға  соққы  берейік.  1953  жылғы  мартта  Хұсайын  Салқынбаевтан  жа-
      зылып  алынды.  Ол  кісінің  айтуынша  өлең   Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында   Қара-
      ғандыдағы  18  «бис»  шахтерлерінің  сүйікті  өлеңіне  айналған.  Өлеңнің  авторы  —
      Нияз  Ожанов.  Бірінші  рет  1941  жылы  «Советтік   Қарағанды»  газетінің  21  октя-
      брьдегі  санында  жарияланған.
         143  Елді  жауға  бере  алман!  Авторы  — Доскей  Әлімбаев.  1941  жылғы  «Совет-
      тік   Қарағанды»  газетінің  14  ноябрьдегі  санынан  алынды.
         144
              Қашқан  жау  сасқалақтап  естен  танды.  Авторы —  Ілияс  Манкин.  1941
      жылғы  «Советтік   Қарағанды»  газетінің  28  декабрьдегі  санынан  алынды.
         145
            Бекбосын.  Өлеңнің  авторы  — Тәужи  Айнатасов.  Т.  Айнатасов  бұл  өлеңнің
      шығу  тарихын  былай  баяндайды;  «Ұлы  Отанымызды   қорғауға  жастар  аттанып
   238   239   240   241   242   243   244   245   246   247   248