Page 244 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 244
жатты. Олардың орнын жасы әскер қатарына жетпеген жастар мен жасы асқан
қарттар басты. 1941 жылдын аяғы, 1942 жылдын бас кезі еді. Бір күні Киров
шахтасында Бекенді кездестіре қалдым. Жөн сұраса келгенде ол кісіні шахта
бастықтары қартсынып, жеңіл жұмысқа ауыстырғанын білдім. Сол жерде қал-
жыңдап осы өлеңнің алғашқы 12 жолын айттым.
— Әй, түскір, Тәужи-ай, қалжыңдасаң да осы сөзің бір орынды сөз болды-
ау! — деді де қойды. Сүйтсем, Бекен ертеңінде-ақ шахтаға түсті. Ауылдан труд-
армияға алынып келгендерге өзінің көмір шабудағы тәжрибесін үйретті. Соған
байланысты 1942 жылы алғашқы 12 жолды молайтып осы өлеңді айттым».
146 Аямаймыз бәрін біз. Өленнің авторы — Ілияс Манкин. 1942 жылғы «Со-
веттік Қарағанды» газетінің 23 майдағы санынан алынды.
147
Қотарып, қопарып көмірді. 1953 жылы 28 августа Қарағандыдағы № 31
«бис» шахтасының жұмыскері Ахметжан Кәріпжановтан және сол жылы сентябрь-
де Айтмағамбет Күлдібаевтан жазылып алынды. А. Күлдібаев өлеңнің туу себебін
былай баяндайды: № 42 шахтаның Майжақанов деген атақты кеншісінің үйінде
біраз адамдар қонақта болды. Ішінде № 2 шахта кеншісі Сақау Такенов, сол
кезде облыстық радиокомнтеттің қызметкері Кәртай Ермекбаев та болды. Отыр-
гандар Макаров жасаған кен комбаины туралы әңгіме қозғайды. Және сол жы-
лы, яғни 1944 жылы, Семен Семенович Макаров Жоғарғы Советтің депутатты-
ғына кандидат етіліп тіркеледі. Үй иесі Майжақанов Сақауға «Кәне, Макаров-
тың комбаины туралы ақын болсаң, бір ауыз өлең айтшы!» — деді. Сақау:
«Мен айтамын, мынау Кәртай да ақын ғой, аяғын жалғастыра алатын болса»,—
деді. Оған Кәртай да келісті. Сол жерде бірінші аузын Сақау шығарды. Өлең-
нің аяғын Кәртай іле жалғастыра сөйлеп, екінші аузын шығарды».
148
Көмірмен жауды көміңдер. Өлеңнің авторы — Болман Қожабаев. 1944
жылғы «Советтік Қарағанды» газетінің 7 апрельдегі санынан алынды.
149 Мария, комсомолка, айналайын. 1942 жылы Арыстанбай үлкен баласымен
майданға аттанды. Үйінде қалған жас қызы Мария әкесінің қала, күрегімен шах-
таға түседі.
Шахтаға түсісімен-ақ 1943 жылдың аяғында үлгілі шахтерлер қатарына
қосылады. Хұрмет тақтасынан орын алады.
1944 жылы бұл өлеңді сол Марияға арнап Ілияс айтқан. Өлең 1944 жылы
«Советтік Қарағанды» газетінің 10 майдағы санында басылған.
150 Хұсайынға. 1953 жылы мартта Хүсайын Салқынбаевтан жазылып алын-
ды. Өлеңнің туу себебі туралы X. Салқынбаев былай айтады: «1944 жылдың
январында жалғыз ер балам Зекеннен майданда Отаны үшін ерлік күреспен
қаза тапты деп хабар келді. Сонда туысы Пұшпақ осылай деп көңіл айтып еді».
151
Жас батыр. Авторы—Көшен Елеуов. Қарағанды облыстық халық твор-
чествосы үйінің архивынан алынды. Өлеңді 1944 жылы шығарған.
• 152 Батыр ұлыма. Авторы—Ілияс Манкин. 1944 жылғы «Советтік Қараған-
ды» газетінің 5 марттағы санынан алынды. Советтер Одағының Батыры Март-
бек Мамыраевқа арналған.
153 Білекті балап көкте айға. Авторы — Ғабдиман Игенсартов. 1945 жылғы
«Советтік Қарағанды» газетінің 27 январьдағы санынан алынды.
154
Көрдім ұлы жеңісті. Авторы — Доскей Әлімбаев. 1945 жылғы «Советтік
Қарағанды» газетінің 23 февральдағы санынан алынды.
155 Большевик батыр. Авторы—Ілияс Манкин. Бұл өлеңді 1954 жылы 6 май-
да хат арқылы Тіл мен әдебиет институтының Халық творчествосы бөліміне
Хасен Манкин жіберген. Онда өлеңді Ілиястың 1945 жылы июнь айында шығар-
ғандығы айтылған.
156
Қарсы алдым сені. Авторы—Ілияс Манкин. 1946 жылғы «Советтік Қа-
рағанды» газетінің бірінші январьдағы санынан алынды.
157 Ілияс енді ағытсын жыр тиегін. Өлеңді Ілияс Манкин шығарған. 1947
жылы «Советтік Қарағанды» газетінің 14 январьдағы санынан алынды.
158 Талпынды Сәкен талаптым. 1947 жылы Ілияс Манкиннен Қарағанды об-
лыстық халық творчествосы үйінің қызметкері 3. Әбішев жазып алған.
«Бір ретте Ескі қалада Ілекең екеуіміз көшеде келе жатыр едік,—дейді
3. Әбішев,— қасында кісілері бар алдымыздан Сәкен Шоманов кездесе кетті.
Сонда тұрғандардың бірі:
— Мына Сәкең туралы бірдеңе деп жіберіңізші!- деді.
Көп ойланбастан-ақ Ілекең осы өлеңді айтып салды».