Page 239 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 239

Бұйырып  па  бір  алла
                     Үнемі  бізге  кемдікті?
                     Ер  азамат  көрсетер
                     Осындайда  ерлікті»,  —
      делінеді.
         X.  Манкиннің  айтуынша,  өлеңді  1916  жылы  патшаның  июнь  жарлығына   қар-
      сы  халыкты  көтеріліске  шақырып  Ілияс  Манкин  шығарған.  Өлең  жұмысшылар-
      дың  арасында  ғана  емес,  ауыл  кедейлерінің  арасында  кең  таралған.
         94
            Батыл  бас,  аяқты  кедейлер!  1953  жылы  15  августа  Аманкелдин  Көлзақ-
      тан  жазылып  алынды.  Және  бұл  өлеңнің:
                     «Батыл  бас  ілгері,  жолдастар!
                     Күресте  тайлықпай  берік  бол!
                     Азаттық  алуда  күрес  жолы  —
                     Бірде  бір  шынайы  дұрыс  жол.
                     Шықтық  біз  бәріміз  халықтан,
                     Езілген  кедейдің   ұлдары.
                     «Еркіндік,  азаттық,  бауырластық»  —
                     Бұл  біздің  күрестің   ұраны.

                     Езуде   ұзақ  жыл   ұстады  олар,
                     Бізді   ұзақ  аштықтан   қатырды.
                     Қарулан,   қарулан,  кедей  халық,
                     Азаттық  нұрлы  күн  шақырды.
                     Еш  алдау  енді  ешбір  бөгей  алмас
                     Халықтың  жалынды  кек  күшін.
                     Аяма  жауыңды,  жаралайды  ол,
                     Батыл   ұр  жауыңа  найза   ұшын»,  —
     деп  айтылатын  бір  нұсқасы  1953  жылы  10  мартта  Успенскіде  Т.  Аманбековтан,
      1953  жылы  19  октябрьде  Хасен  Манкиннен  және  1956  жылы  декабрьде  Ленин
      орденді  халық  ақыны,   Қазақ  ССР  Жоғарғы  Советінің  депутаты  Омар  Шипиннен
      жазылып  алынды.  К.  Аманкелдин  мен  X.  Манкиннің  текстері  өте   ұқсас.  Жалғыз-
      ақ  X.  Манкинде  «Батыл  бас  аяқты,  жолдастар!»  делінсе,  М.  Ахметовте  «Батыл
     бас  аяқты,  кедейлер!»  делінеді.  Және  осы  өлеңнің:
                     «Басыңдар,  жолдастар,  аяққа,
                     Туғанда  бостандық  таңы.
                     Жайыңдар   құлашты  жан-жаққа,
                     Жойылсын  залымдар  заңы.
                     Көтеріл,  жұмысшылар,  езілген.
                     Ұрандас  басың   қос  бізге.
                     Алдында  бостандық  берілген,
                     Зарлаған  кедейлер,  сізге
                     Тайсалар,  төрелер,  залымдар,
                     Ұстаған   құлдықта  бізді.
                     Жиылған  кедейлер,  таныңдар,
                     Шығарды  теңдікке  бізді.
                     Бейнетқор  кедейлер,  жүріңдер.
                     Қадамдап   ұмтылып  алға!
                     Бостандық,  еркіндік,  біліңдер,
                     Топталған  бейнетқор  жанға.
                     Табымыз  кедейлер,  біліңдер
                     Жиналған  бейнетқор  табы.
                    Жүріңдер,  кедейлер,  жүріңдер,
                    Атқанда  бостандық  таңы»,  —

     1 6 - 1 3 8
   234   235   236   237   238   239   240   241   242   243   244