Page 242 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 242
114
Мен қайлашы шахтадағы. Бұл өлең Қарағандыдағы Костенько атындағы
шахтаның жас жұмысшысы Нұрахмет Исиннің альбомынан алынды. Ол кімнен
жазып алынғанын ұмытқан.
Өлеңнің алғашқы нұсқасы «Жүсіпбектің серті» деген тақырыппен 1933 жылы
«Қарағанды пролетариаты» газетінің бірінші майдағы санында жарияланған.
Өлеңді Абдрахман деген жас жұмысшы шығарған.
115
Шахтерлерім, достарым. Бул текст Костенько атындағы шахтаның жұ-
мысшысы Нұрахмет Исиннің альбомынан алынды. Ол 1943 жылы жазып алған.
Өлеңнің алғашқы нұсқасы 1933 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетінің
24 июньдегі санында жарияланған.
Өлеңнің алғашқы нұсқасының авторы Абдырахман деген жұмысшы.
116
Құрыш дене төртпақ келген. Қарағандыда 1953 жылы 28 февральда Хұ-
сайын Салқынбаевтан жазылып алынды.
Өлең бірінші рет 1933 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетінің бірінші
майдағы санында жарияланған. Бірақ осы жинақта жарияланып отырған тексті
көп өзгерістерге ұшыраған.
117
Құрыш дене, сом білек. Өлеңді Қарағандыда 1947 жылы Хұсайын Алтай-
баевтан Ж. Өмірбеков, 1950 жылы Нұра ауданында Жолдекей Нұрмағамбетов-
тан Қ. Әкімбеков жазып алған. Өлең екеуінде де өзгеріссіз айтылады. X. Алтай-
баевтың айтуынша Қарағандыға алғашқы рет поезд келгенде, бұл өлеңді Ілияс
айтқан.
118 Он бес көмірші. Авторы — Қарағандыда 1931 жылдан бастап жұмыс
істеген, № 2 шахтаның новалоотбойщигі және 1930 жылдары тап жауларының
қолынан қаза тапқан Абдрахман марқұм. 1933 жылғы «Қарағанды пролетариа-
ты» газетінің 17 апрельдегі санынан алынды. Газетте: № 2 шахтаның күншығыс
3-штрегінің лавасындағы екпінді комсомол Сыздық ұлы Жүнісбек бастаған ша-
руашылық есеп бригадасына арнаймын», — делінген.
119
Қарағанды қара алтын. Авторы — Бірінші шахта жұмыскері Ыбырай.
1933 жылғы «Қарағанды пролетариаты» газетінің 17 апрельдегі санында басыл-
ған.
120 Аш, санаңды! Авторы — № 3 шахтаның новалоотбойщиктер бригадасы-
ның бригадирі Мағауия Рақышев. Бірінші рет 1933 жылы «Қарағанды пролета-
риаты» газетінің 8 марттағы санында басылған.
121
Шыныққан қайнап еңбекке. Қарағандыда 1955 жылы 24 мартта Хұсайын
Салқынбаевтан жазылып алынды.
Бұл өлеңнің:
«Шыныққан қайнап еңбекке,
Еңбектің жемісін бермекке.
Қара алтынға шахтерлер,
Соғады қайла жеңбекке.
Социалды іс майданы,
Майданда жігер қайнады.
Нормаңды артық орында,
Қыздыра соқ қайлаңды! —»
деп айтылатын бір нұсқасы 1934 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетінің
23 майдағы санында жарияланған. Онда бұл өлеңнің авторы Қарағандыдағы
№ 1 ФЗС мектебінің оқушысы Мәжікен Аяпбеков екендігі айтылады.
122
Жеңешеме. 1953 жылы 20 сентябрьде Қарағанды облысы Нұра ауданы,
Қазгородок селосындағы қазақ орта мектебінің оқущысы Сафура Дайранбекова-
дан жазылып алынды.
Ол 1952 жылы жазда Қарағандыда тұрушы Қарғабай Еламанов деген жұ-
мысшының үйінде болған бір ойында естіген.
Өлеңді 1934 жылы Қарағандының Салиха Біржанова деген жұмысшы әйел
шығарған, 1934 жылы «Қарағанды пролетариаты» газетінің 28 июньдегі санын-
да жарияланған.
123
Қолдаспайға. Текст Қарағандының, облыстық халық творчествосы үйінің
архивынан алынды. Кімнің кімнен жазып алғаны белгісіз. Тек текстінің аяғында
«Ілиястан, 1947 жыл» деген сөз ғана бар.