Page 238 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 238
Халықтан қарғыс алған санаушы да,
Біз қарсымыз патшаның әміріне
Өйткені ол біздерді тонаушы да...»
деп айтса, X. Манкин былай айтады:
«Аштықтан семіп қатқан қалын жалшы.
Жақсылық таба алмаған жалғыз тамшы,
Сезбесең жайсыздықты жара салған,
Жаралғаның адам болып сенің қайсы?
Қорлығына төзе бермей ағылшынның
Тізе қос, жұмысшы мен жалшы-малшы.
Жоймасаң билеушіні-қанаушыны,
Халықтың қанын сорған санаушыны,
Келмейді бізге бақыт өздігінен,
Құртпасақ өзімізді талаушыны».
Ж. Нұрмағамбетовтың хабарлауында:
«Жойылсын, билеуші тап, қанаушы да,
Халықтан қарғыс алған санаушы да.
Қарсымыз ақ патшаның әміріне,
Өйткені, ол біздерді тонаушы да.
Жоймасақ билеушіні-қанаушыны,
Халықтың қанын сорған санаушыны.
Келмейді бізге бақыт өздігінен
Құртпасақ өзімізді талаушыны.
Аштықтан қатып-сенген кедей-жалшы,
Жақсылық таба алмаған жалғыз тамшы,
Тепкіге жауыз патша көне бермей,
Тізе қос, жұмысшы мен жалшы-малшы!» —
делінеді.
Бұл өлеңнің Аманбековтан жазылып алынған нұсқасы жоғарыда көрсетіл-
ген Тіл мен әдебиет институтының мақалалар жинағында жарияланған.
93 Тоқым сал, ертте жауырға. Бұл өлең 1953 жылы 15 октябрьде Хасен
Манкиннен жазылып алынды. Бұдан басқа 19,53 жылы 10 мартта Т. Аманбеков-
тан, 1955 жылы 20 апрельде Жабай Тоғандықовтан, 1955 жылы 15 августа М.
Ахметовтан Д. Шалабеков жоне 1946 жылы К. Аманкелдиннен К. Мұқышев
жазып алған.
Идеялық сарыны бір болғанымен әрқайсысы кейбір өзгерістермен айтылады.
Жарияланып отырған текстпен барлық текстерді салыстырғанда, әсіресе,
М. Ахметовтың тексті елеулі өзгерістермен айтылады:
«Аққу көшіп, жаз кетті,
Бұл айнала өңірден.
Не күтеміз, халайық,
Сұрғылт тартқан өмірден?
Көтеріл, кедей қазағым,
Қосыл, орыс бауырға.
Қару жарақ қамданып,
Тоқым сал, ертте, жауырға.
Жоқ болса мылтық, сойыл ал,
Қарыштап сілте қаймықпай.
Құтылу үшін құлдықтан
Күрес ешбір тайлықпай.