Page 241 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 241
107 Ленин. Авторы—Ілияс Манкин. 1931 жылы шығарған. Хасен Манкин-
нің қолындағы Ілиястың қолжазбасынан 1953 жылы 19 октябрьде алынды.
108 Алып күшті қара айғыр. 1953 жылы 16 октябрьде Хасен Манкиннен жа-
зылып алынды.
«Ақмоладан алғаш рет Қарағандыға поезд келгенде, қуанышы қойнына сый-
маған Ілияс ағай не істерін білмеді... Бірнеше өлеңдер шығарды. Бұл сол шойын
жолға байланысты айтқан көп өлеңдерінің бірі», — дейді X. Манкин.
109
Қара айғыр келгенде. 1947 жылы Көлзақ Аманкелдиннен Қ. Мұқышев,
1953 жылы 8 мартта Хұсайын Салқынбаевтан Д. Шалабеков жазып алған. Екеу-
інің де тексті бірдей.
X. Салқынбаевтың айтуынша, алғаш поезд келгенде өлеңді Ілияс ақын
айтқан.
110 Инженер. Авторы—Ілияс Манкин. 1931 жылы Горбачевке арнап шығар-
ған. Ілиястің X. Манкиндегі қолжазбасынан алынды.
111 Ер кеңес жапан түзде жолды ашты. Авторы Ілияс Манкин. Қараған-
дыға алғаш темір жол келгенде шығарған. 1956 жылы 9 майда Хасен Манкин-
нен жазылып алынды.
112
Отарба. Көлзақ Аманкелдиннен 1954 жылы 20 сентябрьде жазылып
алынды.
Бұл өлеңнің:
«Жүреді жүйткіп отарба,
Жөңкіліп ауыр жүкпенен,
Қожасы — шофер, біздің ер,
Қол-аяғы күстелген.
Түтіні көкке будақтап,
Ұйытқып артқа серпілед.
Қайнап жігер, күш, қайрат
Шұлғып басын ентігед.
Көп еңбектің қосылған
Шойын жол — күш көлігі.
Шойын жолмен іске аспақ
Ортақ дүние өнігі, —»
деп айтылатын нұсқасы 1934 жылы «Қарағанды пролетриаты» газетінің 28 май-
дағы санында басылған.
111
Қарағанды қалың ну. 1949 жылы Хұсайын Салқынбаевтан Қ. Әкімбеков
жазып алған.
X. Салқынбаев 1933 жылы көктемде Бірінші май мерекесі қарсаңында шах-
терлерді социалистік жарысқа шақырып, Ілияс ақынның айтқандығын хабар-
лайды.
Қарағанды қалың ну
Қалың нуда — қызыл ту.
Сол ту үшін күрескен,
Шахта астында у да шу.
Ленин туы — қызыл ту,
Ленин туы — біздің ту.
Екпінділер екпіндеп,
Ту үшін белді бекем бу.
Үшінші шахта басында,
Қызыл ту тұр жайнаған.
Қызып алып, қуанып,
Забойшы қайла айдаған.
Ол қызыл ту кімдікі?
— Большевик забойшыныкы
Майданда келсең бәйгіден,
Екпінділер сіздікі.
Бұл өлеңнің тағы бір нұсқасы 1933 жылы «Қарағанды пролетариаты» газе-
тінің 17 апрельдегі санында жарияламған.