Page 236 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 236

білмеймін,   қазақ  жағынан  мен  білетін  Сиқымбаев  Бекбосын  ғана  тірі  жүр.
          Абақтыға  жаптырғанмен  он  бес  күннен  кейін  шығарып  алып  ағылшындар  қорық-
          қанынан  жұмыскердің  (бірсыпыра)  тілегін  орындаған  болатын...  Орыс,   қазақ
          жұмыскерлерінің  жүмыла  біріккеніне  ыриза  болған  Ілияс  ағай  осы  өлеңді  шы-
          ғарған  еді.  Өлең  жұмыскер  арасына  тез  таралып  кетіп  еді.
              84  Зорлықшыл-жегіш.  Бұл  тексті  Тіл  мен  әдебиет  институтының  Халық
          творчествосы  бөліміне  1955  жылы  6  майда  хат  арқылы   Қарағандыдан  Хасен
          Манкин  жіберген.
              Хатта  өлеңге  мынандай  түсінік  жазылған:  «Бұл  өлеңді  1906  жылы  болыс-
          тар  мен  подрядшіні  сынап  менің  ағайым,  белгілі  ақын  Ілияс  марқұм  шығарған.
          Рас,  Ілияс  (сол  кезде)  жаза  білмейтін  еді,  оның  революцияға  дейінгі  өлеңдері-
          нің  көпшілігі  ауызша  таралды.  Сондықтан  оның  көбі   ұмытылды  да.  Мен  де  оның
          өлеңдерінің  көбін   ұмыттым».
              85
                Кудря,  сен  хайуансың  гүрілдеген.  Бұл  тексті   Қарағандыдан  хат  арқылы
          1954  жылы  апрельде  Тіл  мен  әдебиет  институтының  Халық  творчествосы  бөлі-
          міне  Хасен  Манкин  жіберген.
              86
                Жан  ашыры  халықтың.  Өлеңді  1951  жылы  Хұсайын  Алтайбаевтан  Ж.
          Өмірбеков,  1953  жылы  20  февральда  Көлзақ  Аманкелдиннен  Д.  Шалабеков  жа-
          зып  алған.
              X.  Алтайбаевтың  айтуында  өлең  алты  жол  да,  К.  Аманкелдиннің  айтуын-
          да  — тоғыз  жол.  Сондықтан  жинаққа  К.  Аманкелдиннен  жазылып  алынғаны
          жарияланып  отыр.  К.  Аманкелдин:  «Жетімек  руынан  шыққан  Аманбек  баласы
          Ағаламмен  Успенскі  руднигіне  барған  сайын  кездесіп,  оның  айтқан  әңгімесін
          ұйып  тыңдайтын  едім.  Өйткені  ол  өз  ойын  үнемі  тақпақтап  айтатын,  әдемі  сөй-
          лейтін  кісі  еді.  Бір  ретте  сол  кісі  1905  жылдың  күзінде  Успенскі  жұмысшылары-
          ның  ереуілін  басқарушыларды  есіне  алды.  Ереуілді  басқарушыларды  нағыз  ха-
          лықтың  жан  ашыр  адамдары  еді  деп  осы  өлеңді  айтып  еді»  —  дейді.
              87
                Керек  емес  ақшаңыз.  1955  жылы  июль  айында  Хасен  Манкиннен  жазы-
          лып  алынды.  Ол  кісі  өлеңнің  туу  себебін  былай  түсіндіреді.  «1905  жылы,   ұмыт-
          пасам,  желтоқсан  айында,  Нілді  зауытында  орыстар  мен   қазақтар  бірігіп,  зау-
          ыттың   қожасына   қарсы  үлкен  төбелес  жасады.  Төбелесті  іштен  келген   Қошқар
          тұмсық  деген  орыс  және  Ысқақ,  Әлі  деген   қазақтар  бастайды.  Зауыт  иесі   қат-
          ты   қорыққан  екен  дейді.  Әлгі  кісілерді  пұлдап  сатып  алмақшы  болады.  Бірақ
          олар  ақшаға,  дүниеге   қызықпайды.  Берген  пұлын  алмаған  екен  дейді.  Осы  өлең-
          ді  соған  ыриза  болған,  руы  Тоқа,  Ағалам  деген  жұмыскер  шығарған  екен.  Ма-
          ған  Ілияс  марқұм  айтып  еді».
              88
                   Қорек   қып  жарым   қадақ   қара  нанын.  Өлеңнің  авторы — Жабай  Тоған-
          дықов.  13—14  жасынан  бастап  Ертіс  пароходында  Кондратов  деген  купецтің
          пристанында  жүк  тасушы,  одан  1911  жылдан  1916  жылғы  июнь  жарлығына  дейін
          Екібастұзда  отбойновалыщик  болып  істеген  адам.
              1916  жылы  июнь  жарлығы  шығысымен  бір  топ   қазақ  жігіттерімен  бірге  бір
          түнде  еріксіз   қара  жұмысқа  алынады  (Екібастұзда  жұмыс  істеген   қарт  кенші-
          лердің  айтуына   қарағанда  1916  жылы  июнь  жарлығы  шығысымен  Екібастұз
          жұмысшыларынан   қара  жұмысқа  кісі  алып  жіберген.  Бірақ  кейін  тоқтатқан,
          қара  жұмысқа  Екібастұз  жұмысшыларынан  алмайтын  болған).  Өлеңді  майданда
          жүріп  шығарады.  Бірінші  рет  1936  жылы  «Қарағанды  пролетариаты»  газетінің
           17  сентябрьдегі  санында  басылған.  Онда  өлеңнің  шығуы  туралы  мынадай  түсі-
          нік  берілген:  «Күні-түні  жол  жүріп,  арып-ашып,  азып-тозып,  жол-жөнекей  ай-
          даудың  соққысын  жеп,  күндердің  күнінде  Рига   қаласына  жақын,  Шублин  стан-
          циясына  түсіп,   қан  майдан  болып  жатқан  жерге  бардық.  Акоп   қазу  жұмысына
          жегілдік.  Жаңбырдай  жауған  оқтың  ішінде,  зеңбіректің  аузында,  өліктің  ара-
          сында   қан  кешіп  жүріп  акоп   қаздық.  Күндік   қорегіміз  жарым   қадақ   қара  нан,
          сұйық  жүгері  көже  болды»,  — дейді.  Ж.  Тоғандықов  «Қорек   қып  жарым   қадақ
          қара  нанды»  деген  өлеңді  сол  жерде  жүріп  шығарды».
              89  Арқаның  қос  өзені:  Есіл,  Нұра.  1955  жылы  16  июльде  Хұсайын  Салқын-
          баевтан  жазылып  алынды.  Бұл  өлеңнің:
                          «Арқаның   қос  өзені:  Есіл,  Нұра,
                          Қонысты  тастап  көштік  еспе   құмға.
                          Бай  алды,  патша  алды  жер  шұрайын,
   231   232   233   234   235   236   237   238   239   240   241