Page 245 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 245
159 Алыптың данқы. Өлеңді Теміртаудағы металлзаводтың болат балқыту-
шысы Н. Жапенов шығарған. 1947 жылы «Теміртау жұмысшысы» газетінің 2
сентябріндегі санынан алынды.
160
Қалаушы қыз. Авторы—Қайып Айнабеков. 1947 жылғы «Теміртау жұ-
мысшысы» газетінің 2 ноябрьдегі санынаи алынды.
161 Табысты еңбек шешеді. Авторы—Бұқпа Әшімов. «Советтік Қарағанды»
газетінің 1948 жылғы 28 апрельдегі санынан алынды.
162 Заводтағы жарыс. 1953 жылы 24 июльде Теміртаудағы Металлзавод-
тың сауық кештік репертуарынан алынды. Өлеңнің авторы Металлзаводтың бо-
лат балқытушысы Н. Жапенов. Бірінші рет 1948 жылы «Теміртау жұмысшысы"
газетінің 18 апрельдегі санында басылған.
163
Қара, достым, айналаңа. Авторы — Теміртаудағы қазақтың металллр-
гия құрылысы тресінің стахановшы жұмысшысы, Ленин орденді Дәку Әбдиев.
1949 жылы «Теміртау жұмысшы» газетінің он бірінші ноябріндегі санынан
алынды.
164
Қандай, қызық, тамаша. Авторы—Көшен Елеуов. 1949 жылы «Советтік
Қарағанды» газетінің 31 майдағы санынан алынды.
165
Өрендер үдей самғасын. Авторы — Қ. Айнабеков. «Советтік Қарағанды»
газетінің 1949 жылғы 8 июльдегі санынан алынды.
166
Біздің жас. Авторы—Ілияс Манкин. «Советтік Қарағанды» (1949 жыл,
30 октябрь) газетінен алынды.
167 Отаным ол — ол өмірдің жүрегі. Авторы Киров көмір тресінің шах-
тері, Қарағанды қаласында Бақимир кәшесі, 33 үйде тұратын Жалмұқамбет
Қабдоловтан 1953 жылы автуста жазылып алынды. Ж. Қабдолов: «1949 жылы
Киров тресінде шахтерлердің бейбітшілікті жақтауға арналған жиылысында ай-
тып едім»,— дейді.
168
Менің мақтаным. Авторы—Сәби Әзденбаев. «Халық ақындары» өлеңдер
жинағынан (құрастырушы С. Бегалин, Алматы, 1953 жылы, 330-беті) алынды.
169 Темір тіл, етсіз біткен болат тісті. Авторы—Қарағандыдағы Костенко
шахтасының жұмыскері 1928 жылы туған Нұрахмет Исин. Өлеңді 1949 жылы
шығарған.
170
Бір қыз бар шахтамызда Алтын атты. Авторы—Нұрахмет Исин, 1949
жылы шығарған.
171 Келген кезде біздің сұлу қалаға. Қарағандыдя 1953 жылы 24 августа
31 «бис» шахтасында комбайнердің көмекшісі болып жұмыс істейтін Ахметжан
Кәріпжановтан жазылып алынды.
Өлеңді 1950 жылы Нұрахмет Исин шығарған.
172
Қарт кенші. Авторы—Нұрахмет Исин. Өлеңнің туу себебін Н. Исин бы-
лай түсіндіреді: «1950 жылы бірінші шахтаның атақты қарт кеншісі, кен ком-
байнері Бимұқан Жылқыбаев бір әңгімеде комбаинның үздіксіз жұмыс істеу
себебін түсіндірді. Комбайның үздіксіз жұмыс істесін десең үнемі оны майлап,
қарап отыру керек деді. Соған байланысты осы өлеңді шығардым».
173
Қол шанамен тасымаймыз көмірді. Өлеңнің авторы — Ілияс Манкин.
1953 жылы ақынның Хасен Манкиндегі қолжазбасынан алынды. Өлеңді 1950
жылы май айында шығарған.
174 Бәшір батыр. Өлеңнің авторы—Ілияс Манкин. 1953 жылы 15 октябрь-
де ақынның Хасен Манкиндегі қолжазбасынан алынды. Өлеңді 1950 жылы май
айында шығарған.
175
Трамвай. Авторы—Ғабдиман Игенсартов. С. Бегалиннің құрастыруымен
1953 жылғы шыққан «Халық ақындары» өлеңдер жинағынан алынды.
176 Күнделік жоспарым бар алған сызып. 1953 жылы 28 июльде Нұрахмет
Исиннен жазылып алынды. Н. Исин: «Теміртау балташысы Жапеновтың «Завод-
тағы жарыс» деген өлеңін естідім. Өлеңі маған ұнады. Содан сол өлеңнің бі-
рінші шумағын сол қалпында алдым да, оған өзімше істеп жүрген жұмысыма
сай мазмұнда екі шумақ қостым»,— дейді.
177 Шахтер. Авторы—Нұрахмет Исин. 1951 жылы шығарған.
178 Жас сұлуға. Авторы—Нұрахмет Исин. 1951 жылы шығарған.
179
Біз көмірді зерттеуші. Авторы—Сарандағы 14-кен зерттеу партиясының
жұмыскері Жүсіп Болатов. «1952 жылы өзімнің жұмысыма байланысты шығара
салып едім. Содан елге таралып кетті»,— дейді ол. 1953 жылы 10 августа жазы-
лып алынды.