Page 234 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 234

70
               Арыз  айтып  кеп  отырмын  өзіңе.  1955  жылы  16  августа  Мағзұм  Ахметов-
         тан  жазылып  алынды.  Және  бұл  өлеңнің:
                         «Арыз  айтып  келдік,  міне,  өзіңе,
                         Сеніп  едік  бір  кезде  біз  сөзіңе,
                         Орындалмай  айтқан  сөзің   қалған  соң,
                         Төлеу  іздеп  біз  келдік  сол  сөзіңе.
                         Алғаныңды   қайырып  бер  жетімнен,
                         Алғаның  ол  кесіп  менің  етімнен.
                         Савконы  мен  туғанымнан  кем  көрмен,
                         Қайта  алмаспын  осы  достық  бетімнен.
                         Савко  өлді  ойлайсын  ғой   қорғансыз,
                         О,   құзғыны  дүниенің  сен  арсыз.
                         Жоқ,  болмайды  ойлағаның  тіпті  олай,
                         Қамқоршысы  артында  оның  біз  бармыз»,  —
         деп  айтылатын  бір  нұсқасы  1953  жылы  17  октябрьде  Хасен  Манкиннен  жазы-
         лып  алынды.  X.  Манкин  өлеңнің  туу  себебі  туралы  мынаны  хабарлайды:
             «1910  жылы  Ілияс  ағайдың  Савко  дейтін  досы  шахта  ішінде  үстіне  көмір
          құлап қаза  болды.  Сол  кездегі  подрядшінің  біреуі  Савко  өлісімен  семьясына
         қысым  көрсетіп,  дігірік  ойнатты.  Савконың  алуға  тиісті  ақшасын  семьясына  бер-
         мей   қойды.  Сонда  Ілекеңнің  сол  подрядшыға  айтқаны  еді».
              71  Итеннің  Шоқыбасқа  айтқаны.  1951  жылы  декабрьде  Көлзақ  Аманкел-
         диннен  жазылып  алынды.  К.  Аманкелдин  1906  жылы   Қарағанды  жұмысшыла-
         рынан  естіген.
             72  «Кәпір  менен  мұсылман»  деп  келеді.  1952  жылы  19  октябрьде  Көлзақ
         Аманкелдиннен   Қ.  Мұқышев  жазып  алған.  Бұл  өлең  Қ.  Аманкелдиннен  басқа  екі
         адамнан  жазылып  алынды:  біріншісі  1953  жылы  10  октябрьде  Айтмағамбет
         Күлдібаевтан,  екіншісі  1953  жылы  8  март  күні  Хұсайын  Салқынбаевтан.
             Күлдібаев  пен  К.  Аманкелдиндердің  текстісінде  айырма  жоқ.  X.  Салқын-
         баев  өлеңді  толық  білмейді,  және:
                        «Сен  мұсылман,  ол  кәпір»,— деп  келесің.
                         Аузыңда  «алла-құдай»,— деп  келесің.
                         Қожайынның  айтқаны  алла  әмірі,—
                         Деп  алдында  олардың  сау  желесің»,  —
         деген  айырмашылықпен  айтылады.  X.  Салқынбаевтың  айтуынша  1906  жылы  Іли-
         яс  Манкин  бір  молланы  сынап  шығарған.  Бұл  өлең  бірінші  рет  Тіл  мен  әдебиет
         институтының  жоғарыда  көрсетілген  мақалалар  жинағында  жарияланған.
             73  Ішкенім—айран-шалап,  тіккенім—қос.  1956  жылы  5  майда  Хасен  Манкин-
         нен  жазылып  алынды.  X.  Манкин  өлеңнің  тууы  туралы  былай  дейді:  «ұмытпа-
         сам  1905  ж.ылы  желтоқсан  айында  Нілді  зауытындағы  орыс,   қазақ  жұмыскер-
         лері  бірігіп  ағылшын  байларына   қарсы  жанжал  жасады.  Сонда  ағылшын  бай-
         ына  Нілді  болысы  Жәкен  көмектесіп,   қазақтардың   қожайындарға   қарсы  төбеле-
         сін   қойғызған  екен  дейді.  Сол  үшін  ағылшыннан  көп  сыйлық  алады.  Бір  ретте
         осы  маңдағы  соқыр   Қақпан  деген  атақты  ақын  Ақмола  жәрмеңкесіне  барып
         жүріп  Майлы*   құл  деген  кісінің  үйінде  Жәкен  болыспен   қағысып   қалады.  Сол
         жерде  Жәкен  болысқа  осылай  деп  айтып  салған  екен».
             74  Шернияздың  мұңы  жоқ  малдан  басқа.  1955  жылы  16  августа  Мағзұм
         Ахметовтан  жазылып  алынды.  Және  аз  өзгеріспен  айтылатын  бір  нұсқасы  1952
         жылы  20  июльде   Қарағандыда  К.  Аманкелдиннен  жазылып  алынды.  К.  Аман-
         келдин   Қарағанды  шахтерлерінен  1914  жылдары  естіген.  Кімнің  шығарғанын  біл-
         мейді.
             Ал,   қарт  кеншілердің  айтуынша  1910  жылдары   Қарағандыда  Шернияз  де-
         ген  байдың  болуы  анық.  Және  Ахмет  деген  жұмысшының  үйінің   қасына  келіп,
         Шернияздың  ауру  бұзауының  жерошаққа   құлап  өлгендігі  де,  ол  бұзауды  Ах-
         мет   ұрып  өлтірді  деп,  Ахметтің  жалғыз  сиырын  тартып  алғаны  да  рас.  Ол  тура-
         лы  осы  жинақтағы  «Шернияздың  зорлығы»  (№  10)  деген  әңгімені   қараңыз.

             *  Майлы —  Қарағанды  облысы,  Нұра  ауданындағы  ру  аты.
   229   230   231   232   233   234   235   236   237   238   239