Page 233 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 233
айтылады. X. Манкин мен С. Күржебаев елеулі өзгерістермен қысқартылған
түрде айтады.
65
Қайысты қабырғасы жұмысшының. 1955 жылы 14 августа Мағзұм Ахме-
товтан жазылып алынды.
Қарағандыда бұдан басқа 1952 жылы К. Ахметжановтан, 1953 жылы 15 ок-
тябрьде Қарағанды облысьгның Тельман ауданы, Токаревка селосында X. Ман-
киннен және 1954 жылы 23 июньде Успенскі руднигінде Т. Аманбековтан жа-
зылып алынды.
Аманбеков пен Ахметжановтардың текстілерінде айырмашылық жоқ. Ол
тексті бірінші рет институттың жоғарыда көрсетілген мақалалар жинағында жа-
рияланған. Бірақ басқалардан кейбір өзгешелікпен айтылады.
X. Манкиннің айтуына қарағанда өлеңді 1905 жылдың жазында Ілияс шы-
ғарған.
66
Сүйген сәулем, Қарлығаш. 1956 жылы 28 апрельде «Советтік Қараған-
ды» газетінің қызметкері Қыздарбек Әкімбековтан жазылып алынды. Қ. Әкім-
беков өзінің жездесі Кеншінбай Мұстафиннен естіген. К. Мұстафиннің айтуын-
ша өлеңді 1915 жылы Екібастұз жұмысшысы әнші, домбырашы Жабай Тоған-
дықов шығарған.
67 Мәнкінің айтқаны. Бұл өлеңді 1954 жылы 6 майда Тіл мен әдебиет ин-
ститутының Халық творчествосы бөліміне Қарағандыдан хат арқылы Хасен Ман-
кнн жіберген.
Өлеңнің бас жағында өлеңнің шығу себебі туралы мынадай түсінік беріледі:
«1903 жылдың декабрінде ғой деймін, жұмысшылардың қожайындарға
қарсы ереуілі болды. Ереуілді Серікбай баласы Сыпан, Үйрек балалары Иса
және Мұсалар басқарды. Ереуілді басу үшін Тәти баласы Мұстафа деген болыс
келеді. Сол болысқа сонда Ілияс былай деп айтқан екен»,— делінеді.
68
Әбілдә, біз білетін орманшы едің. 1955 жылы 16 августа Мағзұм Ахме-
товтан жазылып алынды. Және 1955 жылдың 28 июлінде Жантілеу Әбеновтан
жазылып алынған. Ж. Әбеновтың айтуынша:
«Міне енді қалды сенің қасыңда кім?
Достарың айдап салған басында кім?
Есіңе түсер болар енді сенің:
Досың да әмбе сенің қасың да кім?»
деген, сонғы шумағы ұмытылған, өлең 8 ғана жолдан тұрады.
Өлеңнің туу себебін М. Ахметов былай түсіндіреді: «Екібастұздағы Қара
шахтыда Әбілдә дейтін қазақ бақылаушы-тыңшы болып істеді. Ол подрядші Ша-
ватордың итаршысы сияқты, жұмысшыларға аса қатал адам болды.
Бір ретте сол Әбілдә, Жантілеу дейтін жумысшыға көмірді құлатудың әді-
сін көрсетпек болып (ол кезде көмірді құлату үшін көмірге темір қашау қағып
сол арқылы босатып алатын), дом балғаны әрең көтеретін жас балаға Әбілдә:
көмірді былай ұру керек деп, көмірге кағылған темір қашауды дом балғамен
өзі беріп жіберді. Қашаудың бір ұшы сынып, ұшқан бойы Әбілдәнің көзіне қа
далды. Содан Әбілдәнің көзі ағып түсті. Көзі ағып түскен, кемқадам адамды
бұрынғы жақсы көретін қожайындар керек те қылмады ғой. Соған байланысты
жұмысшылар арасында осы өлең пайда болды».
69
Нұра бойын жағалап, су сыдырып. 1955 жылы, 16 августа Мағзұм Ах-
метовтан жазылып алынды. Және бұл өлеңнің:
«Қайыр сұрап жүргенде, біз қыдырып,
Орын берген кепеден сен болып ең,
Мені қойып қатарға басқамен тең.
Бірге апарып өзіңмен шахта астына,
Жұмыс жайын үйреткен тағы да сен», —
деген өзгешеліктермен айтылатын бір нұсқасы 1953 жылы 18 октябрьде Қара-
ғандыда Хасен Манкиннен жазылып алынды.
М. Ахметов пен X. Манкин бұл өлеңді 1900 жылдары Ілияс ақынның шы-
ғарғандығын айтады.