Page 232 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 232
көмірдің астында қалып өлді. Сонда Хұсайынның өлімін оның әйеліне
Ілияс осы өлеңмен естіртті».
56
Қазасына Дүйсеннің қайғырамыз бәріміз. 1953 жылы 15 февральда Хұ-
сайын Салқынбаевтан жазылып алынды.
57
Хасияның күйеуін жоқтауы. 1956 жылы 9 майда Хасен Манкиннен жа-
зылып алынды. Мұның басқаша айтылатын бір нұсқасын 1946 жылы Доскей
Әлімбаевтан М. Тиесов жазып алған. X. Манкиннің айтуынша 1908 жылы көмір
құлап, Торғауыт дейтін жігіт өледі. Сонда оның Хасия дейтің әйелі күйеуін жоқ-
тап айтқаны екен.
58
Шахтасы қожайынның қалды құлап. 1956 жылы 16 майда Әбеу Жаман-
көзевтен жазылып алынды.
Бұл өлеңнің екінші нұсқасын 1946 жылы «Советтік Қарағанды» газетінің
қызметкері М. Байсейітов өз әкесі Ыбырай Байсейітовтан жазып алған.
Ол нұсқа 1953 жылы «Советтік Қарағанды» газетінің 31 марттағы санында жа-
рияланған; үшінші бір нұсқасы 1953 жылы 8 мартта Қарағанды қаласында Қа-
рабас Мақатовтан және 1953 жылдың 17 октябрінде Хасен Маңкиннен жазылып
алынды. Ол нұсқа 1955 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Баспасынан
шыққан Тіл мен әдебиет институтының Халық творчествосы бөлімінің мақа-
лалары жинағында басылған*.
Ы. Байсейітовтың хабарлауына қарағанда 1905 жылы құлаған көмірдің
астында қалып Асанбай деген жұмысшы қайтыс болады. Асанбай өлісімен оның
семьясын қожайындар қаңғыртып жібереді. Өлең осы оқиғаға байланысты ту-
ған.
59
Боздақтың Қарабақсы бел баласы. 1947 жылы Жолдекей Нұрмағамбе-
товтан Қ. Мұқышев жазып алған.
60 Тау етегі — уақ тас. 1955 жылы 5 августа Бәкір Жылқыбаевтан және
сол жылы 16 августа Мағзұм Ахметовтан жазылып алынды.
• Өленнің тууы туралы Мағзұм Ахметов былай дейді:
«1916 жылы Екібас жұмысшыларынан солдатқа кісі алды. Екі жас бала
мен ауру анасын асырап отырған Жаман дейтін жігітті солдатқа алып кетті.
Сонда артында қалған анасының зарланып шығарғаны».
61
Смағұлдан бір күні Немков ақша сұрады. 1956 жылы 9 майда Хасен
Манкиннен жазылып алынды. «Немков деген бақылаушы-тыңшы болды. Ол жұ-
мыскерлерден қорқытып пара алатын. Бермеген болса неше түрлі пәлені үйіп-
төгіп, таяқтайтын еді. Соған байланысты осы өлеңді Ілияс ағай шығарған еді»,—
дейді, X. Манкин.
62
Қысаға болған түйедей. 1953 жылдың 15 февралында Хұсайын Салқын-
баевтан жазылып алынды.
X. Салқынбаевтың айтуынша, Қарағандыда болған Шернияз деген подряд-
шіні сықақтап 1915 жылдары Ілияс айтқан.
63
Құлың боп жүр талай жан. 1948 жылы Жолдекей Нұрмағамбетовтан
Қ. Мұқышев жазып алған.
Қ. Мұқышевке Ж- Нұрмағамбетовтың айтуына қарағанда Спасскі заводын-
да Әубәкір деген бай болады. Оны ағылшын байлары, болыс-билер және прис-
тавтар бәрі де қолдап, жақтайтын болған. Сол маңда Сармантай, Мұрат дейтін
рулар болады. Солардан шыққан көп кедейдің бірі Әубәкір байда жыл бойы
жұмыс істеп «көктиын» ақы ала алмайды... Бір жиында Әубәкірді Ілияс осылай
сынаған екен дейді.
64 Ақшамды бермей қойды ғой. 1955 жылы 17 августа Мағзұм Ахметов-
тан жазылып алынды.
М. Ахметовтан басқа 1949 жылы Қарағандыда Хұсайын Алтайбаевтан Қ. Әкім-
беков, 1953 жылы 18 октябрьде Хасен Манкиннен және 1953 жылы июльде Ус-
пенскі руднигінде Сембек Құржебаевтан Д. Шалабеков жазып алған.
X. Алтайбаев пен М. Ахметовтан жазылып алынған нұсқалары өзгеріссіз
* Ол кітап былай аталады: «Труды отдела народного творчества Инсти-
тута языка и литературы» (Выпуск I. Устно-поэтическое творчество казахско-
го народа (дооктябрьский период). Издательство Академии наук Казахской
ССР, Алма-Ата, 1955. Бұдан былай бұл еңбекте жарияланған өлеңдер болса,
жоғарыда көрсетілген мақалалар жинағында жарияланған делінеді.