Page 231 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 231

48
              Қайғырма,   қапаланба,  Сыпан  ерім!  1955  жылы  20  апрельде  Хұсайын
        Салқынбаевтан  жазылып  алынды.
            «Есімде  жоқ,—  дейді  X.  Салқымбаев,—  1903  жылы  ма  екен,  әлде  1904  жы-
       лы  ма  екен,  әйтеуір  ақпан  айының  ішінде   Қарағанды  жұмысшыларының   қожай-
        ындарға   қарсы  ереуілі  болды.  Ереуілге  Ысмағұл  Бекжан  баласы,  Сыпан  Серік-
        бай  баласы,  Мұса  және  Иса  Үйрек  балалары  басшылық  етті.
           Ереуіл  басылғаннан  кейін   қожайындар  Сыпан  Серікбаевтың  үй  ішін  далаға
       шығарып  тастады.  Сонда  Сыпан  Серікбаевқа  Ілиястың  айтқаны  ғой».  Өлеңді
       толық  білмейді.
            49  Көр  лақаттай  шахтаға.  1956  жылы  9  майда  Хасен  Манкиннен  жазылып
       алынды.  Және  бұл  текстің  болмашы  өзгеріспен  айтылатын  нұсқасы  1949  жылы
       Хұсайын  Алтайбаевтан   Қ.  Әкімбеков;  1953  жылы  20  февральда  Көлзақ  Аман-
       келдиннен  Д.  Шалабеков  жазып  алған.  Айтушылар  бұл  өлеңді  Ілияс  ақын  шы-
       ғарғандығын  айтады.
            а0
              Көр  тышқандай  жер  кеулеп.  1956  жылы  9  майда  Хасен  Манкиннен  жа-
       зылып  алынды.  Және  осы  өлеңнің:
                            «Қай  кесек  басып   қалад  деп,
                            Қорқыныштан  азамыз.
                            Тапқан  жетпей  тамаққа,
                            Қара  борбай  боламыз.
                            Маңдайға  мықтап  жазылған
                            Бұдан   қайда  барамыз?
                            Қарағанды  —  қанды  жер,
                            Қай  шұқырда   қаламыз?
                            Қиратар  ек  шахтаны,
                            Келсе  егер  шамамыз,»  —
       деген  бір  нұсқасы  1950  жылы  20  июньде   Қарағандыда  Жолдекей  Нұрмағамбе-
       товтан  жазылып  алынды.
           51  Мынау  тұрған  шойын  шам.  1949  жылы  Хұсайын  Алтайбаевтан   Қ.  Әкім-
       беков  жазып  алған   Қ.  Әкімбековке  X.  Алтайбаевтың  айтуынша  өлеңді  1906  жы-
       лы  Ілияс  шығарған.
           52
               Ұзақ  күн  жер  астында  дамыл  көрмей.  1953  жылы  8  март  күні  Хұсайын
       Салқынбаевтан  жазылып  алынды.  X.  Салқынбаевтың  айтуынша  өлеңді  Ілияс
       Манкин  шығарған.
           53  Үміт  үздік  жалғаннан.  1953  жылы  Көлзақ  Аманкелдиннен   Қ.  Мұқышев
       жазып  алған.  Осы  өлеңнің:
                           «Жүрегім  менің   қырық  жамау
                           Бұл  сұрқия  өмірден.
                           Үзілді  үміт,  күн  көру,
                           Мынау  тұрған  көмірден.
                            Көз  аша  алмай  келеміз
                           Күнде  өлікті  көмуден.
                           Өлу  артық  бұдан  да
                           Зұлымдық  тепкі  көруден.
                           Мынау  өмір  —  қай  өмір?
                           Қызықсыз,  сәнсіз  сұм  өмір»,  —
       деп  айтылатын  нұсқасын  1950  жылы  15  октябрьде  Жолдекей  Нұрмағамбетовтан
       Қ.  Әкімбеков,  1953  жылы  октябрьде  Хасен  Манкиннен  Д.  Шалабеков  жазып
       алған.
           54
             Жұртым-ау,   қалай  шыдайын?  1956  жылы  9  майда  Хасен  Манкиннен
       жазылып  алынды.  Мұның  басқа  нұсқасы  1950  жылы  25  июльде   Қарағандыда
       Жолдекей  Нұрмағамбетовтан  жазылып  алынды.
           Ж.  Нұрмағамбетовтың  айтуынша  Жұмантай  деген   қарттың  баласы  шахта
       ішінде  көмір   құлап   қайтыс  болады.  Сонда,  Жұмантайдың  келіні  күйеуін  жоқтап
       айтқаны  екен.
           55
             Ақ  тұйғын  кетті-ау  бел  асып.  1956  жылы  9  майда  Хасен  Манкиннен  жа-
       зылып  алынды.  X.  Манкнн  айтады:  «1904  жылы  Хүсайын  деген  жігіт   құлаған
   226   227   228   229   230   231   232   233   234   235   236