Page 230 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 230
35
Бұл, бұл заман, бұл заман. 1953 жылы 17 октябрьде Хасен Манкиннен
жазылып алынды.
36
Астымда жалғыз мінгі — қара қоспақ. 1940 жылы Қарағандыда Кеншін-
бай Мүстафиннен Қыздарбек Әкімбеков жазып алған. Әкімбековтың айтуына
қарағанда өлеңді Мустафин революцияға дейінгі Қарағанды жұмысшыларынан
естіген.
37
Не істеп, не таппақшы текке жатқан? 1955 жылы 17 августа Мағзұм
Ахметовтан жазылып алынды.
38
Тапқаным жетпейді тамаққа. 1894 жылы Успенскі руднигінде туған,
1910 жылдан сонда жұмыс істеген, пенсионер, қарт кенші Тышқанбай Аманбе-
ковтан 1952 жылы 17 июльде жазылып алынды.
39
Ақ талон. 1955 жылы 16 августа Мағзұм Ахметовтан жазылып алынды.
Өлеңнің бірінші шумағын 1937 жылы Қарағанды жұмысшыларынан ақын Әуез-
хан Көшімов естіген.
40
Құрысын бүйтіп берген ақ талоны. 1955 жылы 9 майда Хасен Манкин-
нен жазылып алынды. Өлеңді 1908 жылы Ілияс шығарған.
41
Бұлдыры жоқ көжеге малта езіп қатамыз. 1955 жылы 16 августа Мағ-
зұм Ахметовтан жазылып алынды. Бул кісіден басқа төрт адамнан жазылып
алынған: 1946 жылы Қарағандыда Жолдекей Нұрмағамбетовтан — Қ. Мұқы-
шев, 1946 жылы Ыбырай Байсейітовтан — баласы М. Байсейітов, 1952 жылы Ус-
пенскіде Тышқанбай Аманбековтан; және 1953 жылы 20 февральда Нұра ауда-
ны, «Парижская Коммуна» колхозының мүшесі Көлзақ Аманкелдиннен — Д. Ша-
лабеков жазып алған Ыбырай Байсейітовтың нұсқасы 1953 жылы «Советтік Қа-
рағанды» газетінің 31 марттағы санында жарияланған. Көлзақ Аманкелдиннің
айтуы бойынша өлеңді Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін Доскей
Әлімбаев шығарған. Өлең кезінде өте мол тараған. Біреу-міреу шахтерлерден:
«Халің қалай?— деп сұраса, осы өлеңмен жауап беретін болған.
К. Аманкелдин Қарағанды шахтерлерінен 1903 жылы, М. Ахметов Екібас-
туз жұмысшыларынан 1912 жылы естіген.
42 Боламын деп сен мұндай. 1955 жылы 16 августа Мағзұм Ахметовтан
жазылып алынды. Мұның басқа кісілерден жазылып алынған нұсқалары да бар.
43 Бармаймын деп бас тартсаң. 1953 жылы 8 мартта пенсионер, 72 жаста-
ғы қарт кенші Хусайын Салқынбаевтан жазылып алынды. «Ауылдан күн көріс
іздеп келген кедейлер пайда таппақ түгіл тамағын да асырай алмады. Наразы
болған жұмыскерлер жұмысқа шықпай қойды. Жұмысқа шығуға қарсылық біл-
діргендерге штраф салды, не ауыр жазалады, болмаса жұмыстан босатты. Қа-
тал жазалаудан үрейленген бір ана өзінің баласына сонда осылай деп ақыл айт-
қан екен»,— дейді X. Салқынбаев.
44 Жайымды айтып жалынып. 1950 жылы Қарағандыда Хұсайын Алтай-
баевтан Қ. Әкімбеков жазып алған.
45 Түсті, міне, қара дауыл, суық күз. 1946 жылы Қарағандыда Доскей
Әлімбаевтан жазушы Мазғұм Тиесов жазып алған. Және 1953 жылы августа
Қарағандыда Хұсайын Сазқынбаевтан, Успенскіде Тышқанбай Аманбековтан,
1953 жылдың 17 октябрінде Тельман ауданында Хасен Манкиннен — Д. Шала-
беков жазып алған.
Айтушылардың сөзіне қарағанда бір жұмыскердің ұзатылған қызы үйіне
төркіндеп келеді. Елуге жетпеген әкесінің аянышты бейнесін көрген қызы, жа-
сынан бұрын қартайған әкесіне:
— Әке, сізге не болған, осыншалықты қартаярлықтай?!—дейді. Сонда әке-
сі осы өлеңмен жауап берген екен дейді.
X. Манкин өлеңді 1902 жылы, X. Салқынбаев 1903 жылы, Т. Аманбеков
1908 жылы естіген. Т. Аманбековтің білетін нұсқасы Қазақ ССР Ғылым акаде-
миясы, Тіл мен әдебиет институтьшың Халық творчествосы бөлімі 1955 жылы
баспадан шығарған еңбектер жинағында басылған.
48 Бұл күнде жұмыс қылдым жер астынан. Қарағандыда 1911 жылдан жұ-
мыс істеген, 64 жастағы қарт кенші, кәзір Тельман ауданындағы «Путь к ком-
мунизму» колхозының Тегісжол бөлімшесінде ұста болып істейтін Жармағам-
бет Ысмағұловтан 1956 жылы 15 октябрьде жазылып алынды. Өлеңді 1912 жылы
Ж. Ысмағұловтың өзі шығарған.
47 Айрылдым ата-анадан бір жан үшін. 1956 жылы 15 октябрьде Жармағам-
бет Ысмағұловтан жазылып алынды.