Page 229 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 229
23 Шәйіт
Ильич шамы жанғанда. 1950 жылы 9 майда Асайыновтан жазы-
лып алынды.
27
Сондағы қорыққаным-ай! 1956 жылы 9 майда Шәйіт Асайыновтан жазы-
лып алынды.
28
Сын түзелмей, мін түзелмейді. 1956 жылы 10 майда Қапаш Алтынбаев-
тан жазылып алынды.
29
Шомановқа сөз бергенде. 1950 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданын-
дағы «Көкөзек» колхозының мүшесі, 68 жастағы қарт ақын Ж. Нұрмағамбетов-
тан Қ. Мұқышев жазып алған. Ал, Сәкен Шоманов—Қарағандыдағы № 18
«бис» шахтасының даңқты навалоотбойщигі, Социалистік Еңбек Ері.
II Б Ө Л ІМ
ӨЛЕҢ-ЖЫРЛАР
Бірінші тарау
ОКТЯБРЬГЕ ДЕЙІНГІ ӨЛЕҢ-ЖЫРЛАР
30 Келдік біз Қараөткөлдің қаласынан. Қарағандыда өткен ғасырдың 90-
жылдарынан жұмыс істеген Хұсайын Алтайбаевтан Ж. Өмірбеков 1948 жылы
жазып алған. Бұл өлеңнің екінші нұсқасы Екібастұзда Ж. Мұқашевтан жазылып
алынды. Ол «Жалау жаиында айтылған ән» (№ 2) деген тақырыппен осы жи-
нақтың әңгімелер бөлімінде жарияланып отыр.
31 Көп болды қоштасқалы елімменен. 1949 жылы Хұсайын Алтайбаевтан
«Советтік Қарағанды» газетінің қызметкері Қыздарбек Әкімбеков жазып алған.
Осы өлеңнің аз өзгеріспен айтылатын басқа бір нұсқасы 1955 жылы 16 августа
Мағзұм Ахметовтан жазылып алынды.
X. Алтайбаев пен М. Ахметовтың айтуларына қарағанда Нілді болысына
қарайтын Успенскі руднигінде тұратын Тоқа руынан шыққан Топжанов Бектас де-
ген кісіні болыс-билер мен жергілікті әкімдер Үркітке* жер аударады. Сол адам-
ның Үркітте жүргенде елін сағынып айтқан өлеңі екен.
32
Қайғы мен мұңға батқан, ел аман бол. 1955 жылы 17 августа Мағзұм
Ахметовтан жазылып алынды.
Бұл өлең туралы М. Ахметов былай дейді: «1904 жылы Екібаста жұмысқа
орналаса алмағандар, табысын азсынғандар басқа жаққа жұмыс іздеп шұбырды.
Бірсыпыра адам Сибирь темір жолы бойына, Омбы жағына жұмыс іздеп кетті.
Солармен бірге Молшының Шағадіні, Әлтайдың Әжібайы, Аманжолдың Әшір-
бегі (кәзір Баянауылдың Ворошилов атындағы колхозында тұрады) т. б. кісі-
лер де кетті...
Ел-жұрт жыласып-сықтасып қоштасып, шығарып салды. Сонда шығарып
салған елмен Шағадінің қоштасып айтқаны еді. Шығарып салуға барғандар-
дың жыламағаны болмады. Ел күңіреніп кетті. Өткен күнде белгі жоқ. Ол да
бір заман екен!»
33
Кедейлік болдың жолдас меніменен. 1949 жылы Қарағандыда Хұсайын
Алтайбаевтан Қ. Әкімбеков жазып алған.
34 Кедейлік. 1955 жылы 16 августа Мағзұм Ахметовтан жазылып алынды.
Мұның көлемі үш шумақ. Басқа бір нұсқасы 1955 жылы 28 июльде Екібастұздың
Қарашахтасында тұратын 71 жастағы Бәкір Жылқыбаевтан жазылып алынды.
Б. Жылқыбаевтың-нұсқасы:
Не арзан: адам арзан, өлім арзан,
Береке таба алмай жүр көмір қазған.
Білмейміз қайда барып күн көруді,
Жоқшылық болып жүр «дос» алла жазған —
деген өлеңі өзгешелікпен айтылады.
* Иркутскіні қазақтар солай атаған.