Page 220 - karagandy_zhumyszhylarynyn_angime_zhyrlary
P. 220
Алдына көпшіліктің бір саларсың
Мойындап өз тіліңмен расыңды,
Алыпты жамандауға тілің барып,
Бір сөзді өрескелдеу айттың салып.
Ғазизден басқа адамым жоқ дегенде,
Отырдым сол сөзіңнен мен ұялып.
Бастаған Воронина жастар тобы,
Алдыңда аз мысалмен айтам соны.
Жоспарын күн-күн сайын орындау да
Айта алмас өтірік деп ешкім оны.
Қаһарман трестегі өңшең жасым,
Белгілі Үрістемнен де күші басым.
Дәл отыз мың тоннадай көмір берді,
Танктің жасау үшін колоннасын.
Бұзбай ма солар жаудың қанды ұясын
Үрпитіп Гитлердің төбе шашын.
Кетелік жетістікті жете жырлап,
Бірімізден біріміз болып басым.
Қаруын жеткізуде мың сан ердің,
Демеймін жұрттан озып, жеке келдім.
Көрсетіп Атымтайдай жомарттықты,
Заемге төрт миллион сом ақша бердім.
Бар күшін біздің трест майданға арнап,
Керегін орындайды ерте қамдап.
Отан қорғау қорына «Он жетінші»
Шахтамның бергендерін айтсам талдап,
Бергені: жиырма бес мың тоғыз жүз сом,
Өтірік мен айтпаймын ешкімді алдап.
Білесің «Он тоғызым» бүгін алда
Орынсыз бос талассаң, амал бар ма?
Отыз мыңдай бір өзі ақша берді,
Туысқан Донбастағы балаларға.
Отырсың «борыш бар» деп сені басқан,
Өз басың таза адамдай ұялмастан.
Егерде жүгініссек осы топқа,
Ашпай ма борышыңды бастан асқан?!
Қатталған көмір жердің қойынында,
Көнбейді ол анау-мынау ойыныңа.
Есептеп салыстырып қарағанда,
Көбірек сенің боршың мойыныңда.
Бір ісің, ойла Көшен менен төмен,
Желге еріп желіксең де көңіліңменен.
Көмірді көп беруге дайындығым,
Ерекше артық тұр-ау тегі сенен.
Дайындық сенде бәсең ертең үшін,
Мәнісін сол ертеңнің сезер ішің,
Ертеңгіңді қамдамай аптыққанмен,
Көмірді көп беруге жетпес күшің.
Ақыным, тыңда да отыр сөзімді ұғып,